9 сынып?а арнал?ан эссе та?ырыптары 2021

06.04.2017

Қазақ тілі және

әдебиетінен эссе тақырыптары

1.       

Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі

уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?

2.       

Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің  нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін

дәлелдеп жазыңыз.

3.       

Шортанбай Қанайұлының  «Зар

заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен 

тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

4.       

 «Сүйінбай мен

Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:

…Іздегенім осы еді,

Өз-өзінен қағынып,

Қатаған сөзден жаңылды.

Қызып тұрған темірге

Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз

болғандығын дәлелдеп жазыңыз.

5.       

Қашаған Күржіманұлының  «Есқали сұпыға айтқаны»  өлеңіндегі 

байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.

6.       

Қашаған Күржіманұлының  «Оразалы», «Байларға»  өлеңдеріндегі  байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін

салыстырыңыз.

7.       

Мұрат Мөңкеұлының  «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын

әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.

8.       

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің  «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды

сыни көзқараспен талдап жазыңыз.

9.       

Ы.Алтынсариннің «Дала

қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.

10.     

Абай Құнанбаевтың  «Он тоғызыншы қара сөзіндегі»

естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын  өмірлік деректер  арқылы дәлелдеп жазыңыз.

11.     

 Абай Құнанбаевтың  «Ескендір» поэмасындағы ақын

жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.

12.     

Шәкәрім Құдайбердиев  «Жастарға» өлеңінде жастарды неге

Абай арқылы  түзеткісі келеді?

13.     

Ш. Құдайбердіұлының 

«Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен

аяқтау себебін талдап жазыңыз.

14.     

Сал-серілердің

(әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз.

15.     

ХІХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген

сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма?

16.     

Сал-серілердің жеке тағдырына әсер

еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?

17.     

Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы

күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына

бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.

18.     

Мұхит Мералыұлының  «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау»

өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік

тәсілдерін талдап жазыңыз.

19.     

Үкілі Ыбырай өлеңінің  «Қалдырған» аталуына себепкер болған

ойларды талдап жазыңыз.

20.     

Балуан Шолақтың «Ғалия»

өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін

талдап жазыңыз.

21.     

Мәди Бәпиұлының  «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері

арқылы ақын өмірін  болжай отырып,

талдап жазыңыз.

22.     

Біржан салдың  «Теміртас» өлеңінің  туу себебін ақынның өмірлік деректері

арқылы талдап жазыңыз.

23.     

Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары

Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз.

24.     

Әсет Найманбайұлының

«Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы   жігіт сипатын талдап жазыңыз.

25.     

М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз

Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?     

26.     

М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде

толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі.

Ақынның өлең жолдарында  қандай

қозғалыс, қандай әрекет  жатыр?

27.     

М.Жұмабаевтың  «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға,

тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.

28.     

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ

қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.

29.     

С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта

кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме, әлде адал

досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме?

30.     

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай,

Құлагерім!..» жоқтауындағы  ақын мен

тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?

31.     

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай

асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал

ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.

32.     

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы

Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз.

33.     

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек»

драмасын Абыз сөзімен бастап, Абыз сөзімен аяқтауында қандай сыр жатыр? 

34.     

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек»

драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы

шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

35.     

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар

махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?

36.     

С.Мәуленов  неге

«Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?

37.     

Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін»  атауын беру себебін оқиға желісіндегі

дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.

38.     

Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»

роман-диалогіндегі автор (Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап

жазыңыз.

39.     

М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі

әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып,

талдап жазыңыз.

40.     

М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы

Дариға-жүрек кім?

41.     

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі

ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап

жазыңыз.

42.     

С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт

Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін

талдап жазыңыз.

43.     

Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ»

өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.

44.     

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан

авторға не үшін қажет?

45.     

ХХ ғасырдағы әдеби туындылардан Алаш идеясын тауып, дәлелдеңіз.

46.     

ЭКСПО көрмесі – тұрақты дамудың биік үлгісі. Өз

ойыңызды дәйектеңіз.

47.     

Бүгінгі Атымтайлар мен  Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі

Атымтайдың  ұқсастықтарын

дәлелдеңіз. 

48.     

Бүгінгі күн жігіттерінің бойында  Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат» өлеңінде сипатталған мінез-құлықтар қаншалықты кездесетінін дәлелдеңіз.

49.     

XX ғасырдың басындағы  қазақ халқы мен XXI  ғасыр қазағының болмысын Ахмет

Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңін негізге ала отырып салыстырыңыз.                

50.     

Өзің білетін Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ерлік

істерінің Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр

бейнесіне сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз.

51.     

Ж. Молдағалиевтің  «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964

жылы жазылған.   Ал поэма қазіргі таңда

жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп ойлайсыз?        

52.     

Махамбет өлеңдеріндегі(«Қара нар керек біздің бұл

іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын

жолдарды талдап жазыңыз.  

53.     

Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр

Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз. 

54.     

 «Сүйінбай мен

Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі

әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп

жазыңыз.

55.     

Қашаған Күржіманұлының  «Оразалы», «Байларға»  өлеңіндегі  

әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.

56.     

Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі  қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі

қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз. 

57.     

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама»

өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын

талдап жазыңыз. 

58.     

 «…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім

ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай

Жомарт» әңгімесіндегі   Атымтай

сөзі қорқуға тұрарлық па?

59.     

Абай Құнанбаевтың  «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай»

мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды 

талдап жазыңыз. 

60.     

 Абай Құнанбаевтың  «Ескендір» поэмасында  Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі

ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз,

61.     

 Абай Құнанбаевтың  «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер

Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз. 

62.     

Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға»

өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.

63.     

Ш. Құдайбердіұлының 

«Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар

мінездерін талдап жазыңыз. 

64.     

Сал-серілердің (әнші-ақындар)

көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз. 

65.     

Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі

серілік табиғатын талдап жазыңыз. 

66.     

Сал-серілердің тағдырына әсер

еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз. 

67.     

Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы  жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік

ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.

68.     

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш»,

«Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?

69.     

Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған»

өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз. 

70.   

Балуан Шолақ «Ғалия»

өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?

71.     

Мәди Бәпиұлының  «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері

арқылы ақын өмірінің көрінісін  талдап

жазыңыз. 

72.   

 Біржан салдың 

«Теміртас» өлеңіндегі 

ақын өмірінің көріністерін 

талдап жазыңыз. 

73.     

Ақан серінің «Құлагер»

өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз. 

74.     

Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен»

поэмасы мен ғашықтық  жырлардағы   жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап

жазыңыз. 

75.     

Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ

салты» өлеңіндегі  қазақ халқының

психологиясын  талдап жазыңыз. 

76.     

М.Дулатов «Бақытсыз

Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді

суреттей алды?

77.     

М.Жұмабаевтың «Толқын»

өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер

арқылы талдап жазыңыз. 

78.     

М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың

қобызы» дастанындағы

бәйгеге қобыз қосу көрінісін

баяндап жазыңыз.

79.     

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»

романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз. 

80.     

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»

романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз. 

81.     

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз

досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.

82.     

 І.Жансүгіровтің «Құлагер»

поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы  ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін

өлең жолдарын талдап жазыңыз. 

83.     

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай

асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының

ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.

84.     

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы

Абайдың Бөжей асындағы азаматтығы елге танылу ма, елді таныту ма, жоқ әлде

есейгендік пе?

85.     

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек»

драмасындағы ғашықтардың  жан

түршігерлік өліміне әкелген  билер

шешіміне көзқарасыңыз қандай?

86.     

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек»

драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз

көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.

87.     

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің

еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап

жазыңыз. 

88.     

Ж.Молдағалиевтің  «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық

құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз. 

89.     

С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі

автор ойын талдап жазыңыз. 

90.          

Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін»  романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер

психологиясын талдап жазыңыз. 

91.     

Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі

ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма?

92.     

М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек»  шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек

шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз. 

93.     

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне  Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі

мақсатын талдап жазыңыз. 

94.     

С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі

табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма? 

95.     

Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ»

өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?

96.     

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз

де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын

болайық» — деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?

97.     

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі

күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

98.     

Астана – Тәуелсіздіктің 

жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

99.     

Бүгінгі жастар бойынан

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз

қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз.

100.               

Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы,

қасиеттерімен салыстырып талдаңыз. 

101.               

Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі

Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне

пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.

102.               

Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек

көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап

жазыңыз. 

СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Была в сети 22.02.2023 06:47

Дуйсенбинова Жанна Орынгалиевна

учитель информатики

47 лет

рейтинг129
место158 301

информатика п?нінен 9 сынып?а арнал?ан к?нделікті саба? жоспары  А?паратты ?ор?ау , ?азіргі зама??ы программалы? ?амтамасыз етулер, ?ызметтік прграммалар, ??рылымды? м?ліметтер,  Салын?ан циклдер ж?не т.б. та?ырыпты ?амтиды …

11.01.2016 06:22
372


10

Информатика п?нінен 7 сынып?а арнал?ан саба? жоспарлары. А?параттарды кодтау. Санды?, м?тіндік а?парттарды кодтау.  Графикалы? а?парттарды кодтау. Компьютерді? аппаратты? жабды?талу та?ырыптары бойынша жасал?ан саба? жоспары …

25.09.2015 13:06
350


9

311906

материал
жарияланған

Өз тәжірибеңізбен бөлісіп, мыңдаған педагогтың алғысы мен аттестацияға жарамды сертификат алыңыз!

«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы министірліктің №KZ09VPY00029937 куәлігімен ресми тіркелген.

Жүйелі-әдістемелік кешен

Еліміздің барлық ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп Республика бойынша ең үлкен материалдар базасын жасап, барлық педагогтардың тәжірибе алмасу алаңын қалыптастырып отырмыз. Барлық материалдарды педагогтар жүктеп алып сабағына қолдана алады

Ustaz tilegi – Ұстаз тілегі Республикалық ұстаздар сайтында ашық сабақтар, сабақ жоспарлары, қмж, омж, ұмж, ктп, сценарийлер, олимпиада есептерін, тәрбие сағаттарды, мұғалімдерге керекті барлық құжаттарды таба аласыз. Сайтта барлық пәндерден, қазақ тілінде ақпараттар бар. смк еду кз, ашық сабақтар, қысқа мерзімді жоспарлар, тәрбие сағаттың сцеранийлері жарияланған. Сайтта олимпиадаларға қатысып өз біліміңізді тексеріп көрсеңіз болады. Жалпы, орталығымыздың басты мақсаты: ұстаздарға кез-келген жерде, кез-келген уақытта білім алуына мүмкіндік беру. Ұстаздардың барлық өзекті мәселелеріне инновациялық шешім тауып, шығармашылық жұмыспен айналысуына уақыт сыйлау. «Ұстаздарға сапалы білім бере алсақ, бүкіл Қазақ еліне білім бере аламыз» — деген сенімдеміз.

Ұстаздарға арналған оқу әдістемелік материалдар

Пәнін, сыныбын және бағытын көрсетіп 180 000 астам сабақ жоспарларын сайттан тегін жүктеп алуға болады:

Оқу әдістемелік материалдар іздеу

Барлығы материал

Фазылова Жанерке Тимурқызы

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Сатыбалды НОМ 9 сынып оқушысы

25.07.2021

596

0

Урустембекова Ботакоз Туленовна

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, №12 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

23.03.2021

878

0

Махмұт Алтынбек

Алматы қаласы
Алатау ауданы
№91 жалпы білім беретін мектеп

14.12.2020

1992

0

Муканова Айсулу Сарсенбаевна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, АҚББ «№12 ЖББОМ» КММ Тарих пәні мұғалімі

11.10.2020

512

0

Курманалиева Айгул Ясидинкызы

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Майбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

29.06.2020

1382

2

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

тарих пәні мұғалімі

29.02.2020

614

1

Сырымбаев Жастілек

ШҚО Өмкемен қаласы. «№22 орта мектебі » КММ 9 А сынып оқушысы

19.02.2020

722

1

Сырымбаев Жастілек

ШҚО Өмкемен қаласы. «№22 орта мектебі » КММ 9 А сынып оқушысы

19.02.2020

642

0

Исмайлова Менсулу Бахтыбаевна

ВКО,г.Семей,с.Прииртышский КГУ»СОШ им.Б.Исадилова» учитель русского языка и литературы в национальной школе

22.12.2019

1397

1

Айболқызы Салтанат Жетекшісі: Танбаева Орынгул Нуркожаевна

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «№23 жалпы білім беру орта мектебі» КММ 9 сынып оқушысы

13.12.2019

1993

7

Эссе: Ана

Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды…

Ана… Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш — ақ әріптен тұратын сөзде мұхиттың тереңдігіндей тұңғиық ойлар жатыр. Осы асыл жан әрқашан бізді жақсы көреді. Біз шыр етіп дүние есігін ашқан кезден бастап бізді бағып — қағып, біз үшін отқа да, суға да түсті. Ана деген сөз әрқашан киелі. Ешкімде аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәрімізге жарық дүние есігін ашқан – ана. Бауыр еті баласы үшін аналар не істемейді десеңші? Ана туралы айтатын ой, шертетін ән көп.

Қандай ақын болмасын, анасын әрқашан жырына қосып жүрген. Біздің қазақ ақындарымызда ондай өлеңдері жетерлік. Бірақ бұл өлең — жырлар ана алдындағы парымызды өтеуге тұрмайды. Ойлап қараңызшы анамыз біз үшін бәріне дайын болды. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың», — деген сөз рас. Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге тырыссақ та, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін жасаған жақсылығын, қарызын өтей алмай ма, 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады? Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3 — 4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы…»,- деген анаға, «ой, ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананы жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Осындай жағдай басыңыздан бір рет болсын өтті ғой? Ия, мойындаңыз. Ал дәл сол кезде біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана қойшы.»,- деп сілкіп айтылған сөзден, ананың жұдырықтай «Балам»,- деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір — ақ күнде салып қалуы ықтимал ғой. Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар. «Ата — ана қадірін балалы болғанда білесің»,- дейді.

Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім

Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім Ерген Раушан Тәуелсіздіктің талантты…

Аналарды аялайық эссе

Әлемдегі ең сұлу әйел адам кім?десе,ойланбастан анамды айтар едім.Ана-біздің өмірге…

Аналарды аялайық.Ана туралы эссе

      Әлемдегі ең сұлу әйел адам кім?десе,ойланбастан анамды айтар едім.Ана-біздің…

Таза қала бәрімізге керек

Таза қала бәрімізге керек Біз қазақ халқы, Қазақстанда тұрамыз,яғни ол…

«Тәрбие – тал бесіктен»

Алматы қаласы «Тұран» университетінің курс 2 студенті Жетписова Гульнуз  …

Дос-көңілдің күмбезі

Дос деген- киелі түсінік.Сіздің жан досыңыз бар ма?Көңілі бір,ортақ адамдар…

Ұстаз есімі — мәңгілік

Жәнібекқызы Ардақ  студент, Yessenov University, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы  …

Тәлімгер мен талапкердің дуэті

Жәнібекқызы Ардақ  студент, Yessenov University, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы  …

Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлаудың маңызы

Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлаудың маңызы   «Ғылым —…

ІІІ тоқсан

..01.16ж.

Ыбырай Алтынсарин «Бақша ағаштары» (9 сынып,әдебиет 165б.)

Сабақтың мақсаттары:Білімділік:Ыбырай А.«Бақша ағаштары» тақырыбын түсіндіру.

Тәрбиелік:Саналы білім алуға баулу.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпты әңгімелеу арықылы ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі.Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері:Тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекші арқылы сыныпты түгелдеу

ІІ.Сабақтың барысын,мақсат, міндеттерін айту

ІІІ.Өткенді қайталау (тілдесім әрекеті)

1. Нысанбай жырау кім?

2.Ол қай ғасырларда өмір сүрген?

3.Ол қай жерде туған?

4.Ол қай ханның тұсында өмір сүрген?

5. Нысанбай жыраудың қандай шығармаларын білесің?

6. « Кенесары –Наурызбай» жырының тақырыбы мен идеясы не?.

7.Тағы қандай жазушыларды білесің?

ІҮ.Жаңа сабақты еңгізу

А) сөздік жұмысы (жазылым)

1.ағартушылық-просветительский

2.әділетсіздік-несправедливость

3.қамқорлық-забота

4.ұлы тұлға-великая личность

5.ынта-прилежание

6.жағдай жасау-создать условия

7.әлеуметтік теңсіздік-социальная несправедливость

Ә) Мәтінмен жұмыс (оқылым,тыңдалым)

165-170 беттер. Мәтінді түсініп оқу

Б)Әңгімемен жұмыс

1)172бет «Бақша ағаштары» әңгімесін түсініп оқу

2)173б. сұрақтарға жауап беру

ҮІ.Жаңа тақырыпты бекіту.171 бет

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы кестені толтырып, әңгімелеу

«Ү»-білемін, маған таныс ақпарат

«+»-мен үшін жаңа ақпарат

«-«-мен үшін түсініксіз

«?»-мені таңғалдырады

ҮІІ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:1. 165-170 беттер. Мәтінді мазмұндау

2. 173б. сұрақтарға жауап беру

..01.16ж.

Абай Құнанбайұлы «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» (9 сынып,әдебиет 176-190б.)

Сабақтың мақсаттары:Білімділік:Абай«Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»тақырыбын түсіндіру.

Тәрбиелік:Саналы білім алуға баулу.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпты әңгімелеу арықылы ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі.Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері:Тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекші арқылы сыныпты түгелдеу

ІІ.Сабақтың барысын,мақсат, міндеттерін айту

ІІІ.Өткенді қайталау (тілдесім әрекеті)

1. Ыбырай А. кім?

2.Ол қай ғасырларда өмір сүрген?

3.Ол қай жерде туған?

4.Оның қандай шығармаларын білесің?

6.Оның шығармаларының тақырыбы не?

ІҮ.Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан Ыбырай А. туралы сұрап, білімдерін бағалау

Ү.Жаңа сабақты еңгізу

А) сөздік жұмысы (жазылым)

1.дәріптеу-восхволять

2.көзі тірісінде-при жизни

3.рухани қазына-духовное богатство

4.ғажайып құбылыс-удивительное явление

5.райынан қайту-передумать

6.ерекше бағалау-особо ценить

7.қанағатсыздық-ненасытность

Ә) Мәтінмен жұмыс (оқылым,тыңдалым)

176-190 беттер. Мәтінді түсініп оқу

Б)Өлеңмен жұмыс

199б.өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу

ҮІ.Жаңа тақырыпты бекіту.171 бет

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кестені толтырып, әңгімелеу

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

ҮІІ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:1. 176-190 беттер. Мәтінді мазмұндау

2. 203-206б. тест сұрақтарына жауап беру

3. «ХХІ ғасырдағы Абай шығармаларының өзектілігі» атты мазмұндамаға дайындалу

…01.16ж.

Мазмұндама«ХХІ ғасырдағы Абай шығармаларының өзектілігі»

(9 сынып, әдебиет)

Сабақтың мақсаттары:Білімділік: «ХХІ ғасырдағы Абай шығармаларының өзектілігі» тақырыбына мазмұндама жазу.

Тәрбиелік:Саналы білім алуға баулу.

Дамытушылық: Мазмұндама жазу арықылы жазылым дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі. Мазмұндама жазу

Сабақтың түрі: Мазмұндама жазу

Әдіс-тәсілдері:Тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекші арқылы сыныпты түгелдеу

ІІ.Сабақтың барысын,мақсат, міндеттерін айту

ІІІ.Сөйлесім әрекеті

1.Сен қазақ халқының қандай жазушыларын білесің?

2.Қазақша қандай жазушылар туралы оқыдың?

3.Қазақ жазушылары туралы не білесің?

ІҮ. Мазмұндама (Тыңдалым,оқылым,айтылым)

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, философ, аудармашы.Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген. Ол кішкентай кезінен – ақ өлеңді сүйді. Анасы Ұлжан мен әжесі Зереден әр түрлі әңгімелер, ертегілер және жырларды тыңдап өсті.

Абайдың әкесі Кұнанбай тілге шешен, ақылды, әділетті, халқына жақсылық жасаған адам болды.

Абай – ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы ерекше тұлға.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Абай – әлемдік ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға… Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы керек»-дейді.

Ақынның шығармалары 3 саладан тұрады:біріншісі-өзі шығарған өлеңдерң,2-сі қара сөздері,3-сі-аудармалары. Ақын «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдері арқылы табиғатты және сол кездегі қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздікті суреттеген. Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» өлеңдері арқылы жастарды адал еңбекке,өнер-білімге шақырады.

Абай жастарды тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлген,сондықтан ұлы ақынның шығармалары ХХІ ғасырда да өзекті болып табылады.

Ү.Жазылым (жоспар құрып, мазмұндаманы жазу)

Жоспар:

1.Кіріспе :Абай – қазақ халқының ұлы ақыны

2.Негізгі бөлім:1.Ұлы ақын туралы айтқан Елбасының сөзі

2.Абай шығармаларының тәрбиелік маңызы

3.Қорытынды: ХХІ ғасырдағы Абай шығармаларының өзектілігі.

ҮІ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың дәптерін жинау

ҮІІ. Үйге тапсырма беру:1.Өткенді қайталау

..02.16ж.

Жамбыл Жабаев «Патша әмірі тарылды» (9 сынып,әдебиет 210-216б.)

Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Жамбыл Жабаев «Патша әмірі тарылды» тақырыбын түсіндіру.

Тәрбиелік:Саналы білім алуға баулу.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпты әңгімелеу арықылы ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі.Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері:Тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекші арқылы сыныпты түгелдеу

ІІ.Сабақтың барысын,мақсат, міндеттерін айту

ІІІ.Өткенді қайталау (тілдесім әрекеті)

1Абай. кім?

2.Ол қай ғасырларда өмір сүрген?

3.Ол қай жерде туған?

4.Оның қандай шығармаларын білесің?

6.Оның шығармаларының тақырыбы не?

ІҮ.Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан Ыбырай А. туралы сұрап, білімдерін бағалау

Ү.Жаңа сабақты еңгізу

А) сөздік жұмысы (жазылым)

1.тау бөктері-подножие горы

2.байсалды-степенный

3.айтулы оқиға-значительное событие

4.дегенінен қайтпау-стоять на своем

5.таңғажайып құбылыс-удивительное явление

6.тәуекелге бару-рискнуть

7.өміршең поэзия-жизнеспособная поэзия

Ә) Мәтінмен жұмыс (оқылым,тыңдалым)

210-216беттер. Мәтінді түсініп оқу

Б)Өлеңмен жұмыс

217б.өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу

ҮІ.Жаңа тақырыпты бекіту.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кестені толтырып, әңгімелеу

Ақынның туған жылы,жері

Ақынның өмір жолын таңдау

Бата алуы

Шығармалары

Ш.тақырыбы

Қайтыс болған жылы

ҮІІ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:1. 210-216 беттер. Мәтінді кесте б-ша мазмұндау

2. 217б.өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу

..02.16ж.

Мағжан Жұмабаев «Түркістан», «Батыр Баян»(9сынып,әдебиет 222-228б.)

Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Мағжан Жұмабаев «Түркістан», «Батыр Баян» тақырыптарын түсіндіру.

Тәрбиелік:Саналы білім алуға баулу.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпты әңгімелеу арықылы ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі.Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері:Тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекші арқылы сыныпты түгелдеу

ІІ.Сабақтың барысын,мақсат, міндеттерін айту

ІІІ.Өткенді қайталау (тілдесім әрекеті)

1.Жамбыл кім?

2.Ол қай ғасырларда өмір сүрген?

3.Ол қай жерде туған?

4.Оның қандай шығармаларын білесің?

6.Оның шығармаларының тақырыбы не?

ІҮ.Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан Жамбыл Жабаев туралы сұрап, білімдерін бағалау

Ү.Жаңа сабақты еңгізу

А) сөздік жұмысы (жазылым)

1.хакім-мыслитель,философ

2.жинақ-сборник

3.жер аударылды-был сослан

4.жетік білу-знать в совершенстве

5.дәулетті-зажиточный

6.пір тұту-боготворить

7.мұңаю-печалиться

Ә) Мәтінмен жұмыс (оқылым,тыңдалым)

222-228 беттер. Мәтінді түсініп оқу

Б)Поэмамен жұмыс

230 б. поэманы мәнерлеп, түсініп оқу

ҮІ.Жаңа тақырыпты бекіту.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тірек сызбаны толтырып, әңгімелеу

Мағжан Жұмабаев

ҮІІ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:1. 222-228 беттер. Мәтінді тірек сызба б-ша мазмұндау

2. 230 б. поэманы мәнерлеп, түсініп оқу

3.Ақынның ұнаған 1 өлеңін жаттау

..02.16ж.

Ілияс Жансүгіров «Күй»(9сынып,әдебиет 246-250б.)

Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Ілияс Жансүгіров «Күй» тақырыбын түсіндіру.

Тәрбиелік:Саналы білім алуға баулу.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпты әңгімелеу арықылы ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі.Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері:Тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекші арқылы сыныпты түгелдеу

ІІ.Сабақтың барысын,мақсат, міндеттерін айту

ІІІ.Өткенді қайталау (тілдесім әрекеті)

1.Мағжан кім?

2.Ол қай ғасырларда өмір сүрген?

3.Ол қай жерде туған?

4.Оның қандай шығармаларын білесің?

6.Оның шығармаларының тақырыбы не?

ІҮ.Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан Мағжан Жұмабаев туралы сұрап, білімдерін бағалау

Ү.Жаңа сабақты еңгізу

А) сөздік жұмысы (жазылым)

1.жадына түю-запомнить

2.ықпал ету-способствовать

3.өнердің қуатты күші-великая сила искусства

4.көзі ашық- грамотный

5.әдебиетке деген құштарлық-любовь к литературе

6.саяси қуғын-сүргін құрбаны-жертва полетической репрессии

Ә) Мәтінмен жұмыс (оқылым,тыңдалым)

246-250 беттер. Мәтінді түсініп оқу

Б)Поэмамен жұмыс

251 б. поэманы мәнерлеп, түсініп оқу

ҮІ.Жаңа тақырыпты бекіту.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тірек сызбаны толтырып, әңгімелеу

Ілияс Жансүгіров

ҮІІ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:1. 255 бет деңгейлік тапсырмаларды орындау

..02.16ж.

..03.16ж.

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» (9сынып,әдебиет 255-265б.)

Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Мұхтар Әуезов «Абай жолы» тақырыбын түсіндіру.

Тәрбиелік:Саналы білім алуға баулу.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпты әңгімелеу арықылы ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі.Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері:Тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекші арқылы сыныпты түгелдеу

ІІ.Сабақтың барысын,мақсат, міндеттерін айту

ІІІ.Өткенді қайталау (тілдесім әрекеті)

1.Ілияс кім?

2.Ол қай ғасырларда өмір сүрген?

3.Ол қай жерде туған?

4.Оның қандай шығармаларын білесің?

6.Оның шығармаларының тақырыбы не?

ІҮ.Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан Ілияс Жансүгіров туралы сұрап, білімдерін бағалау

Ү.Жаңа сабақты еңгізу

А) сөздік жұмысы (жазылым)

1.ғылым қайраткері-деятель науки

2.ержүрек-мужественный

3.иегер-лауреат

4.қорғансыз адам –беззащитный человек

5.қойылым-постановка

6.жесір-вдова

7.тап тартысы-классовая борьба

8.саяси төңкеріс-политический переварот

Ә) Мәтінмен жұмыс (оқылым,тыңдалым)

255-265 беттер. Мәтінді түсініп оқу

Б)Романмен жұмыс

268 б. романды мәнерлеп, түсініп оқу

ҮІ.Жаңа тақырыпты бекіту.

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы тірек сызбаны толтырып, әңгімелеу

Мұхтар Әуезов

ҮІІ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:1. 266 бет тапсырмаларды орындау

..03.16ж.

Ғабит Мүсірепов «Боранды түнде» (9сынып,әдебиет 289-293б.)

Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Ғабит Мүсірепов «Боранды түнде» тақырыбын түсіндіру.

Тәрбиелік:Саналы білім алуға баулу.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпты әңгімелеу арықылы ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі.Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері:Тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекші арқылы сыныпты түгелдеу

ІІ.Сабақтың барысын,мақсат, міндеттерін айту

ІІІ.Өткенді қайталау (тілдесім әрекеті)

1.Мұхтар кім?

2.Ол қай ғасырларда өмір сүрген?

3.Ол қай жерде туған?

4.Оның қандай шығармаларын білесің?

6.Оның шығармаларының тақырыбы не?

ІҮ.Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан Мұхтар Әуезов туралы сұрап, білімдерін бағалау

Ү.Жаңа сабақты еңгізу

А) сөздік жұмысы (жазылым)

1.кеңестік дәуір-советский период

2.тіл тазалығы-чистота языка

3.ауыр зардап-тяжелые последствия

4.көркемсөз зергері-мастер художственного слова

5.құс жолы-Млечный Путь

Ә) Мәтінмен жұмыс (оқылым,тыңдалым)

289-293 беттер. Мәтінді түсініп оқу

Б)Әңгімемен жұмыс

294 б. әңгімені мәнерлеп, түсініп оқу

ҮІ.Жаңа тақырыпты бекіту.

1.Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы тірек сызбаны толтырып, әңгімелеу

Ғабит Мүсірепов

2.Жазушы шығармасының көркемдік ерекшеліктеріне байланысты кестені толтыру

Шығарма атауы

Нақыл сөз

Астарлы сықақ

Теңеу

ҮІІ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:1. 293 бет тапсырмаларды орындау

..03.16ж.

..03.16ж.

Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» (9сынып,әдебиет 300-309б.)

Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» тақырыбын түсіндіру.

Тәрбиелік:Саналы білім алуға баулу.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпты әңгімелеу арықылы ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі.Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері:Тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекші арқылы сыныпты түгелдеу

ІІ.Сабақтың барысын,мақсат, міндеттерін айту

ІІІ.Өткенді қайталау (тілдесім әрекеті)

1.Ғабит М. кім?

2.Ол қай ғасырларда өмір сүрген?

3.Ол қай жерде туған?

4.Оның қандай шығармаларын білесің?

6.Оның шығармаларының тақырыбы не?

ІҮ.Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан туралы сұрап, білімдерін бағалау

Ү.Жаңа сабақты еңгізу

А) сөздік жұмысы (жазылым)

1.аштық жылдары-годы голода

2.жаңа серпін әкелу-принести новое веяние

3.жарақаттану-получить ранение

4.арпалыс-борьба

5. табандылық-настойчивость

6.қандықол-кровожадный

7.аңғалдық-доверчивость

8.сергелдең-суматоха,морока

9.опасыздық-предательство

10.әділдік- справедливость

Ә) Мәтінмен жұмыс (оқылым,тыңдалым)

300-309 беттер. Мәтінді түсініп оқу

Б)Романмен жұмыс

311б. романды мәнерлеп, түсініп оқу

ҮІ.Жаңа тақырыпты бекіту.

1.Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы тірек сызбаны толтырып, әңгімелеу

Ілияс Есенберлин

2.Үзіндіде келтірілген белгілі адамдар туралы мәлімет дайындау

Тарихи тұлға

Лауазымы

Тарихтағы орны

Қосымша мәлімет

ҮІІ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: 310 бет тапсырмаларды орындау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *