Азаматты? ???ы?б?зушылы?пен жауапкершілік эссе

Азаматтық құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік.

Мақсаты: Азаматтық құқық бұзушылық түсінігі мен түрлерінің мазмұнын

ашып түсіндіру. Азаматтық-құқықтық қатынастарға сипаттама

бере отырып, азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беру.

Тірек ұғымдар: азаматтық құқық бұзушылық, азаматтық құқық объектілері, кінә

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, т.б.

Сабақтың әдісі: әңгіме, ойталқы, пікірталас

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі

II.Үй тапсырмасын тексеру

1.Прокуратураның азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы ролі қандай?

2.Ішкі істер органдарының функцияларына сипаттама беріңдер

3.Қ Р Ұлттық қауіпсіздік органдарына сипаттама беріңдер

III. Жаңа сабақ

  1. Құқық бұзушылық

  2. Азаматтық құқық ұғымы

  3. Азаматтық-құқықтық қатынастар

  4. Азаматтық құқық субъектілері

ҚР прокуратурасы, өкілеттілігі

Ішкі істер органдары, жүйесі

ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары

Күнделікті өмірде адамдар бір-бірімен әрқандай сипатта (мүлікті не мүліксіз түрде де) байланыс жасайды.Мұның жеке азамат үшін маңызы бар. Өйткені. Біреулер материалдық игіліктер(азық-түлік, өндіріс заттары немесе басқа да қажетті заттар мен бұйымдар) өндірсе, басқа біреулер оны тұтынып, материалдық және мәдени-рухани қажеттіліктермен өздерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, өндіруші мен тұтынушының арасында белгілі бір қатынас қалыптасады.

Адамдар арасында мүліктік қатынастан басқа мүліксіз қатынас жасалып, ол да азаматтық заң тәртібімен реттеліп отырады. Мыс: ар-ұждан , қадір-қасиет және іскерлік дәреже құқығы.

Мүліктік, сондай-ақ жеке мүліктік емес азаматтық құқықтық байланыс олардың субъектісі болып аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі ретінде жеке бір адам, әлде адамдар ұжымы шығады. Жеке адам азаматтық заңда азамат деп аталады.

Ұйымдар да азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі бола алады. Оларды заңды тұлға деп атайды.

12 – бап.

Қ Р азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып танылады.

Азамат туған кезден –ақ құқық қабілеттілігіне ие болады да, қайтыс болғанында тоқтатылады.

Азаматтың құқық қабілеттілігінің негізгі мағынасы:

Мүлікті иелену, республика аумағында еркін жүріп-тұру, тұратын жерін таңдап алу, заң бойынша тыйым салынбаған кез-келген жұмыспен айналысу, жеке құқыққа ие болу. Әрине, қоғам мүшесі заң талабын орындауы қажет. Заң талабының іс жүзіне асырылып жатқаны қоғам мүшесінің құқық өлшеміне лайық болуы мыналардан көрінеді:

Қоғам мүшелерін әрекетінің сипатына қарай :

Материалдық игілік өндірушілер және материалдық емес салада істеушілер деп екіге бөлуге болады. Құқықтарды пайдалану үшін қабілеттілік қажет. Азамат өзінің іс-әрекетімен азаматтық құқығына ие болып және азаматтық құқығын пайдалана білуін азаматтық қабілеттілік деп атайды. Адам өз алдына біртіндеп іс-әрекет жасауға үйренуі қажет.

Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісіне келсек, жеке адам ғана емес, адамдар ұжымы да болуы мүмкін. Азаматтық құқық субъектісі болатын ұйымдар мен кәсіпорындар заңды тұлға деп атасақ, шетелдіктер де құқылы.

Заң кәмелеттік жасқа толмағандар белгілі жасқа жеткенде құқығын кеңейтуді қарастырады. Олардың атынан келісімді ата-анасы немесе асыраған, қамқорлыққа алған адам жасайды. 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер өздерінің еңбекақыларын, басқа да табыстарын өздері қалауынша жұмсай алады. 14 жастан бастап жасөспірімнің ішінара әрекет қабілеттілігі пайда болады. 18 жасқа толғаннан бастап әрекет қабілеттілігі толық түрде көрінеді.

Сондай-ақ азаматтық құқықтың объектілері болады. Олар материалдық және рухани игіліктерге жіктеледі.

Материалдық игіліктерге адамның өмірлік қызметінде пайдаланатын мүліктік және табиғи құндылықтар – үй, киім, көлік, еңбек құралдары т. б. жатады.

Мүліктік емес құндылықтарға адамның өмірі, денсаулығы, жеке адамның қадірі, ары, атағы, абыройы, іскерлігі, жеке және отбасы құпиясы, өз есіміне құқығы және басқалар жатады.

Материалдық объектілер адамдар арасындағы азаматтық – құқықтық қатынастардың қайнары болып табылады. Азаматтар құқықтық қатынастар кезінде келісім жасайды.

Келісім – адамдардың азаматтық құқық пен міндетті орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс – әрекеті.

Азаматтың мүліктік құқығы түрлі жолдармен қорғалады. Басқа біреу мүлікті иемденіп алса, меншік иесінің оны қайтаруды талап етуге құқығы бар.

Азаматтық – құқықтық іс қозғау үшін мынадай шарттар болуы қажет:

Сонымен, азаматтық құқық адамдар арасындағы мүліктік қатынастармен бірге, мүліктік емес қатынастарды да азаматтық заң тәртібімен реттеп отырады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

1.Құқық бұзушылық дегеніміз не?

2. Азаматтық құқық дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Азаматтық құқықтың объектілеріне нелер жатады?

4. Азаматтық құқықтың субъектілеріне сипаттама беріңдер

5. Азаматтық – құқықтық қатынастар жөнінде айтып беріңдер

Заң терминдерімен жұмыс (мәнін ашу,түсінік беру)

1.Азаматтық құқық

2.Азаматтың құқық қабілеттілігі

3.Азаматтың әрекет қабілеттілігі

4.Азаматтық құқықтың субъектілері

5.Кінә

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру:

Азаматтық құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік,

ҚР Азаматтық Кодексінің баптарын оқу.

Слайды презентации

Слайд 1

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ИНСТИТУТЫ
Орындаған: Нұрмат Б.
Тобы: 117-14
Қабылдаған: Абиева А.С

.
Шымкент, 2016Заңды жауапкершілік түсінігі ПРЕЗЕНТАЦИЯ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ИНСТИТУТЫ Орындаған: Нұрмат Б. Тобы: 117-14 Қабылдаған: Абиева А.С . Шымкент, 2016Заңды


Слайд 2


жеке адам, қоғам,
мемлекеттің мүддесін
қорғайтын бірден-бір
жол. Ол құкықтық
нормалардың

жазылуы
нәтижесінде пайда
болып, құқық бұзуға
мемлекеттік күштеу
шарасын

қолдану
нысанымен
сипатталады, Құқық
бұзушыға
жауапкершіліктің
белгілі бір шарасы
көзделген

құқықтық
норманың санкциясын
қолданудан тұрады.Заңды
жауапкершілі
к

• жеке адам, қоғам,  мемлекеттің мүддесін  қорғайтын бірден-бір  жол. Ол құкықтық  нормалардың жазылуы


Слайд 3

1
•Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып
табылады. Егер

де субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың
белгілеріне сәйкес келмесе онда

ол заңды жауапкершілікке
тартылмайды.
2
•Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік кұбылыс. Мұнда кем

дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы.
Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және
екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған
жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты
санкциясының негізінде жүзеге асады.
3
•Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола
отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада
жауапкершілігінің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке
қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады.
Тар мағынада мемлекеттің жасалғанқұқық бұзушылыққа қарсы
жауабы болып саналады.

1	 •Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып  табылады. Егер де субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың


Слайд 4


  Заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады. Мемлекеттік құнттау арқылы

жүзеге асады.Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді. Тек қана жасалған

құқық бұзушылықтың
негізінде пайда болады.
Мемлекетті
к құнттау
арқылы
жүзеге
асады Кінәліні

белгілі бір
шектеуге
міндеттейд
і Тек қана
жасалған
құқық
бұзушылы
қтың
негізінде
пайда
болады а
< е8о3у 5>@-*2A7(7-78у #*(B7(*27у 3С(2у #»(3@у #3(о3!у ш*(*-*7-у 6С>у 263(3у
59=*B*у :о3!ж7С?(7С7у #*(B7(7у #72у A*-*>B*у 7Со**;о7!у ң*-у 6Су 5:(Су 6636у #=>A3(3638у
С*B7=7Со*у@;оу#»(о3!

   Заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады. Мемлекеттік құнттау арқылы  жүзеге асады.Кінәліні белгілі бір шектеуге


Слайд 5

Жазалау — ы б зушы а, о амны бас а

құқ қ ұ ғ қ ғ ң қ
да м

шелеріне, келешекте ы
ү құқ қ
б зушылы а жол бермеуін

ескертеді.
ұ ққ
Б зыл ан ы ты калпына келтіру
ұ ғ құқ қ
азаматты ы пен реттелетін о амды
қ құқ қ қ ғ қ
атынастар а с йкес,
қ ғ ә б зыл ан ы ты ұ ғ құқ қ
алпына келтіреді.
қ
Т рбиелік азаматты за ды са тап, згелерді
ә қ ң қ ө ң
ы тары мен за ды м дделерін рметтеуге
құқ қ ң ү құ
баулиды.
За ды жауапкершілікті жасалу сипатына
ң ң
байланысты т ртіптік, кімшілік, материалды ,
ә ә қ
азаматты ж не ылмысты
қ ә қ қ деп б леді. ө
Жауапкершілікті рбіріне зіндік жазалау
ң ә ө
шарасы мен ерекше олдану т ртібі болады.
қ әЗа ды жауапкершілікті функциялары:
ң ң

Жазалау — ы б зушы а, о амны бас а құқ қ ұ ғ қ ғ ң


Слайд 7

ы б зушылы ты Құқ қ ұ қ
болдырмауды ; бірден-бір

ң
шарты ы ты ж не
құқ қ қ ә
о

амды т ртібіні
қ ғ қ ә ң
са талуына келіп

тірелмек.
қ
о ам ы ты
Қ ғ құқ қ қ
т ртібіне негізделіп, ар а
ә қ
с йеп алыптасып, мір
ү қ ө
с ре алады деген с з.
ү ө
йткені о амда ы толып
Ө қ ғ ғ
жат ан арым- атынасты
қ қ қ ң
басым к пшілігі ы
ө құқ қ
ар ылы бас арылып,
қ қ
ы ты іс- рекет
құқ қ қ ә
ар ылы реттеліп отырады
қ Соңы у п ңыкуду 1у п6 6 6
прдтусшаыту # пнстүі$пнс
8
кас1у у 1у 2 іү
66 6 6 ?
р ашту 1 с1нпнін
6 6 ? 8
ла 1адыуіа гүдно 1нсүдшүг3
6
р аш у 1у
п 66 6 6
1 с1нпніү іүнңтүдное ас а
? 6
л үо адуо1алуое шнс
9 6 C
л сү адату түүі л ң3
9 C
1гүін р ашта у 1рдуо
H 6
2а1 аі асуш$ а1уіал1у
6 6 6 8
палуш г окнднн у
C 66 6
ас уду пал асудуое
6 6
у 1у нл$ сүгү1
66 6 6 ?
ас уду сү11үдно р1усату
6

ы б зушылы ты Құқ қ ұ қ болдырмауды ; бірден-бір 	 ң шарты ы ты ж


Чтобы скачать презентацию — поделитесь ей с друзьями с помощью
социальных кнопок.

Жыл басында Елбасы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Биылғы «Халықтың әл ауқатын арттыру-басты мақсат» Жолдауының мән-маңызы айрықша. Онда негізінен әлеуметтік салаға және саясатқа бас назар аударылған.

Президенттің құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту мәселесіне тоқталғаны, құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін айрықша маңызды.

Енді «елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтамасыз етуге»жұртшылық пен халық кеңінен тартылатын болды. Мұндай бірлескен жұмыстың тәжірибесі Қостанай облысында қазірдің өзінде бар.

Азаматтық қатынас жауапкершілік мәселесін қозғамас бұрын, заңды жауапкершілікке назар аударсам деп отырмын.

Қоғам-заң ережелерін сақтайтын азаматтармен қоса құқық бұзатын тұлғалар болып екіге бөлінеді.

Сондықтан құқық бұзушылыққа қарама-қарсы қолданылатын мемлекеттік шара заңды жауапкершілік болып табылады.

Заңды жауапкершілік-әлеуметтік жауапкершілік формаларының бірі болып есептеледі. Әлеуметтік жауапкершілік мәні жеке тұлғаға қоғаммен, мемлекетпен, адамдармен қойылатын міндеттерді орындаудан тұрады. Заңды жауапкершіліктен басқа қоғамда әлеуметтік жауапкершіліктің басқа да формалары қызмет етуде: моральдық, саяси, ұйымдық, қоғамдық, партиялық және т.б.

Әлеуметтік жауапкершілік жеке тұлғаға қойылатын нормативтік талаптар жиынтығы ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің объективті жағы болып табылады. Бұл талаптарға позитивті және негативті санкциялар тән. Адам жасалған немесе жасалып жатқан әрекетке, ретроспективті жауапкершілік, болмаса жасалуы мүмкін әрекеттерге жауап береді, яғни перспективті жауапкершілік.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік-азаматтық құқықпен белгіленіп жеке адамдар не болмаса заңды тұлғалар өздерінің міндеттерін орындамағанда, адамның денсаулығына не мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде пайда болды. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік келтірілген зиянның орнын толтырып, бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік екі түрге бөлінеді: тараптармен жасалған шарттың бұзылуына байланысты туады және шарттан тыс,азаматтық құқық нормаларының бұзылуына байланысты біреуге мүліктік зиян келеді. Шарттан тыс жауапкершілікке міндеттіліктен туатын тараптардың жауапкершіліктері жатады.

Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық- құқықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз, заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық қатынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.

Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың да, осы мақсаттың алдын алудың да тәрбиелік маңызы айырықша. Азаматтық құқық қатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтың қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершіліктің қасиеті болмаса, несие беруші міңдеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиет-тері:

а) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;

ә)борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;

б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайда болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);

г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.

Ықпалы әртүрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан (мысалы,міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.

Азаматты-құқықтық жауапкершілік-Азаматтық құқықтың Жалпы белімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі-заң ғылымында даулы мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы (позитивті) жауапкершілікті бөліп қарайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген бастамасы мен жүзеге асырылуы деп біледі. Мұндай жауапкершілікке көзқарас міндеттеме жүйесіндегі жауапкершілікке міндеттеменің тиісінше орындалуына сай келеді. Сонымен бірге міндеттемені тиісінше орындауда азаматтық-құқықтық жауапкершілік әрқилы ережелерге бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болмайды.

Заң жүзіндегі жауапкершілік әрқашанда мінез-құлыққа нақтылы баға береді, яғни сол құқық бұзушының мінез-құлқының салдарына мән береді. Сондықтан да оны ретроспективтік жауапкершілік деп атайды.

Заң жүзіндегі жауапкершілік өзінің жасаған іс-әрекеті үшін есеп беру міндеті құқығымен реттеледі деген де пікір бар. Өзінің әрекетінде есеп беру міндеті құқық бұзушылық, болмаған жағдайда да болатындығын еске сала кеткен жөн.

Жауапкершілік дегенді мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шарасын қолдану деп түсіндіретіндер де кездеседі. Мұндай көзқарастың кемшілігі сол, борышқордың несие берушіге келтірген залалын өз еркімен қалпына келтіру немесе айыпты төлеуін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен айналып кету мүмкіншілігін туғызады. Азаматтық- құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.

Мысалы, міндеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның оны орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлде кімге мүліктік залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.

Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінін бірі пайда болған кезде оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол үшін азаматтық-құқықтық бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік болып табылатын белгілі бір жағдайларды айқындап алу қажет. Азаматтық- құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:

  1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті не әрекет-сіздігі);
  2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
  3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті бай-ланыс;
  4. құқык бұзушының кінәсі.

Нақты тұлғаға азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы ереже бойынша кажетті келтірілген негіздер жиынтығы — азаматтық-құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақ та, кейбір жағдайларда заң азаматтық құқықта құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талатпен санаспайды (мысалы, жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушшің алдында кінәсіз жауап береді (АК-тін 931- бабы). Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетелік.

Құқыққа қайшы тұлғалардың қылықтары-азаматтық-құқықтық жауапкершілік негізі. Құқыққа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс-әрекет болып табылады. Ол құқықтық қатынасқа түсетін екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын бұзуға əкеп соғады. Азаматтық құқықта құқықка қайшы тұлғаның қылығы объективті жəне субъективті құқықтардың міндетті түрде бір мезгілде бұзылуын көрсетеді. Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудын бірден бір шарты болса, оны жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды.

Тұлғаның құқыққа қайшы қылығының жағдайы іс-әрекетте не әрекетсіздікте көрінуі мүмкін. Мінез-құлықтың саналы түрде болуы объективті жағдай, құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқық бұзушылығы оған қарамайды, сондықтан да қылмыстық құқықта ол қылмыс құрамының объективті жағын құрайды. Бұл арада мәселенің екі жағына тоқтала кеткен жөн. Біріншіден, зандарды білмеу құкық бұзушыны ештеңеден арашалай алмайды. Әңгіме заңның ұңғыл-шұңғылын жетік білуде емес, өмірде әрбір іс-әрекеттің бәрі заңдармен қамтылмайды. Сондықтан, тіпті заңгерлердің өздеріне де қайсыбір іс-әрекеттерді құқыққа сыйымды екендігін айқындау оңайға түспейді. Демек бұл саланың маманы еместерден ондай дәлдікті айқындауды талап етудің өзі ақылға сыймайды. Екіншіден, тәртіптің саналылық деп жүзеге асуы басқаға, яғни құқық бұзушылық құрамының субъективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты. Құқыққа қайшылық пен кінәлілікті шатыстыру заң әдебиеттерінде де, сот тәжірибесінде де кездеседі, әлі кездесіп те жүр. Сонымен қатар жауапкершілікке тартудың әрбір шарты қателіктерден ада болуы үшін әрқайсысы міндетгі түрде басқаларынан бөлек талдануы қажет. Жауаптылық туралы шешім жоғарыда көрсетілген барлық қажетті негіздер түгел болғанда қолданылуға тиіс, бірақ олардың бар болуы әрбір негіз бойынша бөлек қаралуы қажет.

Заңды, міндетті, бұйрықты орындау, құқықты жүзеге асыру, жәбірленушінің келісімі, қажетті қорғаныс жəне аса қажеттілік тәрізді жағдайлар құкыққа қайшы тұлғаның қылығы болып есептелмейді. Оның бәрі де белгілі бір негіздерді сақтай отырып, саналы түрде атқаруды кажетсінеді, ал олардың бұзылуы-құқыққа қайшылық міне, оныңсалдарынан жауапкершілік мәселесі туындайды (қажетті қорғану және аса қажетті жағдайда зиян келтіру туралы АК-тің 919-920 баптарында қаралады).

Кінә- азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі. Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінің заң бұзу әрекетін (немесе әрекетсіздігін) жан- дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі. Қыілмыстық жауаптылыққа қасақана немесе абайсызда қылмыс жасаған адам тартылады. Азаматтық зандарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзіндік міндеттемелерді орындамау және тиісті дәрежеде орындамау тұрғысынан көрінеді.

Кінә қасақана немесе абайсыз түрде болады. Заңды біле тұра бұзу және оның келтіретін зиянды салдарын болжау да қасақаналық болып саналады, ал абайсызда заңды бұзған тұлға заңды бұзғанын тіптен сезінбейді және оның зиянға әкеліп соғатын салдарын болжай да алмайды. Бірақ ол нақтылы жағдайларды ескере отырып, мұны сезе де, болжай да алуы керек еді. Кейде азаматтық қатынастарда тараптардың екі жағы да кінәлі болуы мүмкін. Мұндай аралас кінә жағдайында келтірілген зиянның орнын толтыру жауаптылығы екі жаққа бірдей жүктеледі.

Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана зиян келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Мысалы, қатерлі қауіп көзі болып табылатын ұйымдар кінәсіз жағдайда да келтірілген шығынды өтеуге міндетті. Керісінше, есі ауысқан адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса да келтірген зиян үшін жауап бермейді. Азаматтық кодекстің 359-бабы 1-тармағына сәйкес, егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Сөйтіп, азаматтык құқықта тұлғаның өз қылығына заң кінәні субъективтік, психикалық қатынас деп қарамайды, керісінше тұлғаның өз іс-әрекеті салдарынан болған жайсыз нәтижелерді немесе ағаттықты қалпына келтіруге мүмкін болатын шараны алмағанына мән береді. Біздің заңымыздың тұжырымы бойынша нақты тұлғаның қылығы істің шын болмысымен салыстырылуы керек, бұл орайда, тұлғаның мүмкіндігі болатұра өзіне тиесілі нәрсені орындамағаны есепке алынады.

Азаматтық кодекстің 359-бабының 2-тармағында кәсіпкерлер үшін диспозитивтік сипаттағы басқа жалпы ереже берілген: міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлға басқа кінәсі болмаса да жауап береді. Демек кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындай алмаған кәсіпкерге жоғары жауапкершілік жүктеледі. Мұндай кінәсіз жауапкершілік кәсіпкерлікке тән тәуекелге сүйенеді. Кәсіпкердің кінәсіз жауапкершілігі Азаматтық кодекстің 360-бабынан шығады, ол «Міндеттемедегі кәсіпкерлік тәуекел» деп аталады. Аталған бапта былай делінген: Міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлдебір жұмыстыорындау көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдаланудың мүмкін еместігі немесе оны пайдаланудың тиімсіз болу тәуекелі кәсіпкерге жүктеледі. Жұмысты тиісті дәрежеде орындаған адам, егер шартта өзге кәсіпкерлік тәуекелді болу көзделмесе, орындау дәрежесіне сәйкес ақы алуға құқылы.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда міндеттемедегі кәсіпкер жауапкершілігінің өзі шексіз деуге болмайды. Егер кәсіпкерлік өзіне жүктелген міндеттемені бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) әсерінен орындай алмағанын дәлелдей алса, онда ол жауапкеріпіліктен құтылады. Мұндай жағдайда нарықта тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетудің мүмкін болмай қалуы тәрізді жағдайлар есепке алынбайды.

Заң немесе шарт арқылы жауапкершіліктің басқа да негіздері мен одан босатылудың жағдайлары қарастырылуы ықтимал. Осылайша кәсіпкерлер шартқа отырып, тек кінәға қатысты жауапкершілік жөнінде өзара келісімге келе алады. Бірақ мұндай келісім болмаған жағдайда, Азаматтық кодекстің 359-бабының 2-тармағының жалпы нормасына жүгінуге болады.

Азаматтық кодекстің 359-бабының 3-тармағында мына жағдай ескерілген: міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған келісім жарамсыз болып табылады.

Азаматтық кодексте (қылмыстық құқықтан айырмашылығы) кінәнің презумпциясы (кінәсіз деп жорамалдау) қолданылады. Құқық бұзушы қашан өзінін кінәсіз екендігін дәлелдегенше кінәлі деп есептеледі. Кінәсіз деп жорамалдауды (презумпциясы) бекіту мына жағдайларға негізделген: біріншіден, азаматтық айналымда субъектінің қатысы жалпы еркіндікте болады. Мұндай еркіндік өзінің әрекетінің қолайсыз салдары туындаған жағдайда тәуекел етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жауапкершіліктен құтылу үшін өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге кемектеседі. Екіншіден, азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке құқықтық сипатқа ие, оның шаралары субъектіні жеке тұлға ретінде бостандығына, ар-намысына тиіспейді. Бұл ретте кінәнің презумпциясы, сондай-ақ, тұлғаның бостандығын шектемеуді және оның ар-намысына, қоғамдағы іскерлік беделіне нұқсан келтірмейді. Үшіншіден, әдетте шиеліністі жағдай мен орынсыз килігу субъектілердің бірінін, құқыққа қайшылық әрекеттерінен болады, даулы мәселені шешерде әр жақ тең жағдайда болуы шарт: жәбірленуші жақ өзінің құқығы мен мүддесі басқа субъектінің әрекетімен бұзылғанын дәлелдеуі тиіс, ал, соңғысы-өзінің кінәсіз әрекет еткенін дәлелдеуі керек. Тұлғаның кінәсіз болуы оны жауапкершіліктен арашалайды.

Зиян-заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын делінеді. Азаматтық кодекстің 9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалдытолық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру женіндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.

Мемлекеттік екімет билігі органының, езге де мемлекеттік органның зандарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық белініс етеуге тиіс (АК-тің 9-бабы 5- тармағы).

Залалдар мынадай екі түрге белінеді:

  1. құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
  2. сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда).

Мысалы, тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мелшерінде шығынын телейді. Ал айрылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына езгедей зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындайтын шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға т.б.) жатады.

Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға езге де айырылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мелшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.

Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдық, адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудің атын пайдаланып оған залал келтіру және т.б. жатады. Мүліктік емес зиянның бұл түрі моральдық залалды қалпына келтіру шарасын қолдану негізін туғызады. Ал, егер жарақат адамның еңбекке қабілеттілігін темендетіп не оны жойса, оның денсаулығын түзетуге, алмаған жалақысын беруге белінетін шығындар әлгі айтқан мүліктік залалды білдіреді.

Себепті байланыс-азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі. Азаматтық жауапкершілікті анықтау үшін құқыққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды. Бұл былай деген сез: қандай бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасағандығы (немесе әрекетсіздігі) үшін жауапкершілік жүктеуден сол зиянның болуы, сол іс- әрекеттің (немесе әрекетсіздіктің) кездейсоқ бола қалған ғана іс емес, сол іс-әрекетке байланысты (немесе әрекетсіздікке байланысты) дағдылы, қалыпты ретімен туғандығын анықтау шарт.

Әрбір нақтылы істі қарағанда соттың міндеті: зиянның жа-салуы алдында болған оқиғалар тізбегінен қалыпты жағдайда, дағдылы жолымензиян келтіретін іс-әрекеттің біреуін ерекше беліп шығару. Құқық бұзушылық пен зияннын пайда болуынын арасында осындай «қалыпты» себепті байланыстар барлығын анықтау мүмкін болмаса, бұл ретте зиян шектірушіге жауапкершілік артуға дәлел жоқ. Кейде құқыққа қайшы іс- әрекет пен зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау қиындыққа соқпайды (мәселен, мылтықты абайсыздықпен ұстап біреу-міреуді елтіріп алған реттерде). Бірақ ерекше күрделі жағдайларда себепті байланысты анықтау үшін сарапшының (дәрігерлік, техникалық, т.б.) кемегі қажет болады. Мүмкін, зиянның болуына құқық бұзушының іс-әрекеті ғана емес, жәбірленушінің езінің іс-әрекеті де себеп болуы мүмкін. Бұл ретте оқиғаның қалыпты жағдайында зиянның орын алуына іс-әрекеттердің қайсысының шешуші рел атқарғанын анықтау керек. Мысалы, Азаматтық кодекстің 935-бабына сәйкес жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан пайда болған зиян етеуге жатпайды. Ал, егер жәбірленушінің езінің ерескел абайсыздығы зиянның орын алуына немесе ұлғайуына себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінін дәрежесіне қарай етеу мелшері азайтылуға тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы белім 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше белім. 1999 ж. 1 шілде.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан.Қазақстан Республикасының Заңы.
  4. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекшс белім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
  5. Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше белім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
  6. Қазақ ССР-інің азаматтық кодексі 1963 ж. 28 желтоқсан.
  7. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (ред. етк. Тулеугалиева Г. Л., Мауленова К. С, Сарсембаева М.А.) Қосымша оқулық (Ерекше белім). Екінші рет басылып шықты, толықтырылған және езгертілген, Алматы, 1999 ж.
  8. Қазақ ССР Азаматтық құқығы. Қосымша оқулық,, 1 т,Алматы,1978 ж.
  9. Қазақ ССР Азаматтық құқығы Қосымша оқулық,.1 б, Алматы, 1980 ж.
  10. Қазақ ССР Азаматтық кодексіне пікірталас. Алматы, 1990 ж.
  11. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне пікірталас (Ерекше белім). Ред. жауапт. Сүлейменова М.К., Васин Ю.Г., 1 және 2 к, Алматы, 1998 ж.
  12. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне пікірталас — талқылау және пікірталас. Жалпы белім. 1-10 шығарылымы. Алматы, 1996-2000 ж.

Жауапкершіліктің маңызы қандай?


  • Мотивация
  • admin
  • 10.08.2018
  • 6
  • 0
  • 20506

Бүгін жауапкершілік туралы сөйлесейік. Жауапкершілік жетістікке жету жолындағы ең қажетті элементтердің бірі. Ол кез-келген өмірлік салада, кез-келген алға қойылған мақсатқа қол жеткізерде ауадай қажет.

«Егер нәтиже қажет болса — оған өзіңіз талпынып, қол жеткізіңіз. Өз өміріңізге жауапкершілікті алу — діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді»

Стив Павлина

Ал шын мәнінде көпшілік қауым қалай әрекет етеді? Жер бетіндегі адамдардың басым бөлігі белгілі бір жағдайларда өзін қалай ұстайды? Мысал ретінде кеңінен таралған жағдайды қарастырып көрейік: Өндіріс. Басшы қоластындағыларға қандай да бір жұмысты тапсырды делік. Оны орандау кезінде бір келеңсіз жағдай орын алды. Мысалы, электриктер тоқ сымдарын ауыстыру үшін жұмыс объектісіне шықты. Жұмыс кезінде ескі сызбалар бойынша сымдарды тартуға болмайтыны анықталды. Егер ескі сызбамен жұмыс істесе, тоқ сымы екі метрдей жетпейді. Осы орайда екі нұсқаны қарастырамыз: біріншісі, жұмысшылар басшылыққа хабарласып, ары қарай не істейтінін сұрайды. Екінші нұсқада да хабарласады, бірақ, жетпей қалған екі метрдің ақшасын қайтаруды немесе мәселені шешудің басқа жолдарын қарастыруды ұсынады. Екі нұсқаның айырмашылығын байқаған шығарсыз? Бірінші нұсқада жұмысшылардың әркеті өздерінен жауапкершілікті бірден алып тастауға бағытталған. Ал екіншісінде, толық болмаса да, мәселені шешу үшін жұмысшылар өздеріне жауапершіліктің бір бөлігін алып тұр. Иә, бірінші нұсқадағы адамдардың көңілі жәй, себебі жауапкершілік оларда емес. Бірақ, ештеңе ұтпайды да. Бұдан олар қандай өмірлік тәжірибе ала алады? Жауабы анық — ЕШҚАНДАЙ. Ал өмір даму барысында бір орында тұрмайтынын ескерсек, бұндай адамдар өзінің даму жолында кері бағытта қозғалады, яғни деградацияға ұшырайды. Міне, «біз неге жаман өмір сүреміз?» деген сұрақтың жауады осы жерде.

Тағы бір маңызды қыры: жауапкершіліктен қашатын адамдар, осы қылығымен басқаларға жеке басының дамуында жоғары сатыларға көтерілуіне мүмкіндік береді. Яғни олардан кері қалады.

Жоғарыда көрсетілген мысал жауапкершілігі бар адамдар мен жауапкершіліктен бұлтаратындардың арасындағы айқын айырмашылықты аңғартады. Шын мәнісінде жауапкершілік түсінігінің тамыры тым тереңде жатыр. Мәселен, келісім-шартқа қол қою үшін сату бөлімінің менеджері кездесуге бара жатыр дерлік. Жолда кептеліске тап болып, кездесу кейінге шегерілді. Әрине, бұл жағдайда кездесу өтпегені үшін кептелісті кінәлайды. Сараптап көрейікші: адамдар өзіне тәуелді болмайтын жағдайларға кінә артады. Яғни кейінге қалдырылған кездесу үшін жауапкершілікті өзінен алып тастап, жағдайларға сілтейді. Ал егер ол кептелістін болуы мүмкін екенін ойласа, ертерек жолға шығар еді. Міне осындай қызметкерлер «жауапкершілігі жоқ» деген сипатқа ие болады.

Орыстың атақты инженер-конструкторы, практикалық космонавтиканың негізін қалаушы С.П. Королёв былай деген екен:

«Істегісі келетін адам — мүмкіндік, ал істегісі келмейтін — сылтау іздейді».

Жағымсыз жағдайларды сылтау етіп арызданатын адамдар жиі кездеседі, сол мәселелерді шешетін шынайы нұсқаларды ұсынғанда, нұсқаларды жарамсыз ететін сылтау ойлап табады. Қысқаша айтқанда ештеңесін құрбан етпей мақсаттарына қол жеткізгісі келеді. Ал ол мүмкін емес. Кез-келген мақсатқа қол жеткізу үшін, белгілі бір көлемде құрбандыққа баруың керек (мәселе тек ақшада емес). Ал егер сылтау табылып жатса, демек жауапкершілік өзгеге жүктелді: жағдай немесе айналасындағыларға, бірақ өзіне емес. Ондай адамдар кеңес алу үшін келгендей болады, бірақ негізінде олар аяныш күтеді, жауапкершілігін сылтауға артқысы келеді. Мынадай жағдайлар да кезесіп жатады: кей адамдар мәселені шешу барысында о бастан-ақ өзінен емес, өзгелерге байланысты шешілетін жолдарын қарастыру күйіне түсіп алады. 

Мәселе шынында өзгеден болса «Мен жауапкершілікті өз мойныма қалай аламын? Басқалардың қателігі үшін жауап беруім керек пе?» — деген сұрақтар туындап жатады. Әрине жоқ, жай ғана өзіңдегі жауапкершілік сезіміңді ояту керек, бар болғаны сол. Жүрегіңдегі жауапкершілікті сезін. Жауапкершілікті тек өзің үшін ғана емес, жақындарың, әріптестерің үшін де алуға болады. Егер жауапкершілік сезімі шынайы болса, ол тіпті жаһандық мәселелер болса да, оны шешуге жол табылатыны анық. Архимед ваннада шомылып жатып не үшін «Эврика» деп айғай салды? Көлемді өлшеуді ойлап табудан бұрын ол талай рет ваннаға түскен жоқ па? Бәрі де оңай. Оған бұл тапсырманы патшаның өзі бергендіктент Архимед бұл тапсырманы орындауға бар жауапкершілікпен кіріскен. Сонымен қатар, оның ғалым ретіндегі беделі сынға алынатынын білді. Міне осы жауапкершілік сезімі оның мәселенің дұрыс шешімін тауып, зейінін дұрыс бағалай алуы үшін түпкі санасын қолданысқа қосты.

Қорытындылайық:

1. Жауапкершіліктің болмауы өмірдің барлық салаларында құлдырауға алып келеді:

    — Жауапкершілік сезімінің болмауы — адамдардың басым бөлігінің жетістікке жетпеуінің және жете алмайтындығының ең маңызды себептерінің бірі;

2. Жауапкершіліксіздіктің белгілері:

    — қиындыққа арыздана беру;

    — бейқарекеттің себебін іздеу, ақталу;

    — айналасындағыларды немесе жағдайды кінәлау;

    — өзгенің аяушылығын күту;

    — өзін құрбан етіп көрсету;

    — мәселелердің шешімі өзіне байланысты болған жолдардан қашқақтау;

    — мақсатына жету жолында қандай да бір құрбандыққа (қадам, іс, әрекет) баруды қаламау;

3. Мәселелердің шешімін табу үшін міндетті түрде өзіңдегі жауапкершілік сезіміңді ояту керек;

4. Жауапкершілік белгілі бір құрбандық (қадам, іс, әрекет) жасауға дайын болуды білдіреді;

5. Жауапкершілік сезімі мәселені шешуге көмектесетін, кез-келген ақпаратқа зейініңді бағыттап, бағдар беретін түпі сананы қолданысқа қосады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *