Актриса маманды?ы туралы эссе

Армысыздар оқырмандар! Менің мақсаттарым жайлы екінші блогыма қош келдіңіздер.Ал ендеше мақсаттарыма тоқтала кетсем…

Арман, арман, армандайтын адам жоқ шығар сірә… Армандау да әр адам алдына белгілі бір мақсат қойып немесе жоспар құру керек деп ойлаймын.  Міне менде сол арманыма жету үшін алдыма үлкен бір мақсат қойып отырмын.  Мақсаттарыма тоқтала кететін болсам:

Ең бірінші мақсатым ол әрине менің оқуға түсеріме бірден-бір жол ҰБТ. Сол ҰБТ-дан өзім ойлаған ұпайды жинап, ата-анамның үмітін ақтау. Содан соң өзім армандаған Темірбек Жүргенов атындағы академиясына актриса мамандығына тапсыру. Өнер академиясын бітіргеннен кейін, әрине, кино әлеміне аяқ басу. Түрлі қазақтың киноларына түсу. Осы мақсаттарды қойып отырған себебім өзім өнер әлеміне жақын болғандықтан, өзім осы мамандықты жүрегіммен қалағандым. Әкешімнің орындалмай қалған асқақ арманын орындау үшін алдыма осындай мақсат қойып отырмын. Сол мақсатқа қол жеткізу үшін біз өзімізге  толық сенуіміз керек. Әрқашанда ізденіс үстінде болуымыз тиіс. «Көпті көргеннен емес, көпті білгеннен сұра» демекші әрдайым көпті білген кісіден сұрап үлгі алып жүрейік. Сол мақсаттарға жетуде ұмтылайық. Арманымыз ешқашанда аяқ асты қалмасын. Құр сөз болып қалмасын. Осы сөздердің мағынасын терең ұғынуға түрткі болған жетекшім — Нұрбол Нұрмаханұлына және де » Парасат» тобына алғысым шексіз! Яғни, жекелей жұмыс жалғыз адамдық жұмыс .Ал топтық ол бірнеше адамның бірлесіп жұмыс істеуі. Мен үшін тобымның жеңісі әрдайым бірінші орында. Тобым үшін аянып қалмаспын.

Байқауға қатысудағы мақсатым арманыма біртабан жақындау және де жаз айын қызықты өткізу.Осы байқау арқылы достар тауып,пікір алмасу.Бұл байқаудың маған берері мол екеніне сенімдімін.Массагет сайты арқылы мен арман,мақсаттарыма қол жеткізе аламын деп ойлаймын.Менің осы байқаудан үйренерім мол.Бұл байқаудағы алдыға қойған мақсаттарым міне осындай.  Парасат тобы Тек Алға дегім келеді. Жеңіс біздің қолда.       

 «ПАРАСАТ» ТОБЫ АЛҒА!                                                                                                                               

  • #байқау
  • #топ
  • #жетекші
  • #алға
  • #арман
  • #әрдайым
  • #әрқашан


15

Ағылшынша менің болашак мамандығым туралы эссе актриса немесе әнші тез керек пжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжж

1 ответ:



0



0

I want to be a singer. I love singing and listening to music. I want be like to (любимая певица). She/he is very good sing. I love music.

Читайте также

1. is заменить на  are

The most beautiful dress
the biggest umbrella
the longest trousers
the smallest T-shirt
the best suit
the dirtiest trainers
<span>the thickest sweater</span>

<span>It is an unfortunate common
view that politics is unrelated to everyday life. It is related to politicians,
legal and official business that the average person knows nothing about, and
should not bother with. It’s an unfortunate view because politics is about
life. Governments make decisions that affect our everyday life. <span>There
is an obvious example. Politicians develop and approve laws,
and we respectively obey the law.</span><span> Society changes according to politics.</span></span>

1.это в паст симпле надо прибавить окончание ed например played

1) Dad always washes the car on Sundays2) I don’t want to go out3) Snakes make loud hissing noises4) Does he often get up late?5) Vera catches the bus to work every morning6) He doesn’t work in an office7) Do you walk to school ?8) She is always late for work.9) Does he play football?10) Diana doesn’t have a shower in the morning

Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Ең қиын мамандық — адам боп қалу

Хосе Хулиан Марти

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.

Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық.

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды.

Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым.

Осы сұрақтың жауабы ұстаздық сала еді. Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз.

Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға.

Осы бір биік тұлғаны көз алдыма елестете отырып ұзақ ойландым. Расында Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек.

Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен.

Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.

Мені шабыттандырып ұстаздық саланы таңдаттырған осынау ұлылар мен мектепте сабақ берген ұстаздарым еді. Ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар мен ұстаздарымның алдында басымды иіп алғысымды білдіремін.

Мен таңдаған мамандық –тарих пәні мұғалімі болу. Мектепте тарихты сүйіп оқитынмын. Оқушыларға қызықты ойындармен сабақ түсіндіріп, тарихты әңгімелеуді қызығып армандайтын едім. Арманыма қол жеткізіп ұстаз атандым. Қазіргі уақытта осы ұстаздық саланы ту етіп, жұмыс жасап жатқаныма екі жылдай болды.

Мамандығым өзімме қатты ұнайды.

Біріншіден — өз мамандығымды сүйем, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш.

Екіншіден – шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым.

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды шексіз сүюден болар деп ойлаймын.

Бүгінде осы мен таңдаған тарихшы мамандығының тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

Менің де осындай биіктерден көрініп және өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты тарихшы болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге әзірмін.

Койшыгулова Гульфайруз

Мамандығым мақтанышым

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Мен осы мамандықтардан мұғалім мамандығын таңдадым. Шынымды айтсам мамандық таңдаудан қатты қиналдым. Бірақ ата-анамның ойын тыңдап осы мамандықты таңдауды шештім. Мамандық таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын. Себебі оқыту бұл ұлағатты да ұлы іс.
Ұстаздық, бала тәрбиелеу – зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарыту. Алға талпынған оқушының алдында  ұстаздың  жауапкершілігі зор. Сондықтан, оқытушылық жолды таңдауда, алдымен, мың ойланып, жүз толғану керек. Өйткені, ол – жауапты мамандық. Адамның адам болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады.
«Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы» — деп бекер айтылмаған. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  — әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық. 
Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда  ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. 
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет.
«Мұғалімнің мақсаты — оқушының ойлауына жаңа перспективалар ашу»
— Конфуций 
Осыдан он жыл бұрын ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым әлі есімде. Сол ұстазымды көріп жүріп болашақта мұғалім болуды армандадым. Менде өзімнің алғашқы ұстазым секілді болғым келеді. Сондықтан болашақта оқушылардың жақсы тәрбие және білім алуы үшін көп еңбектенетін боламын.

Келешек мамандықтарды таңдау

Келешек мамандықтарды таңдау

Еліміздің экономикалық дамуы әлеуметтік ресурстарының көтерілуіне байланысты сондықтан экономикамыздың көтерілуі, одан ары дамуы әр маманның өндірісте өзінің жоғары кәсіби шеберлігін көтеруіне, жаңа технологияны меңгеруіне байланысты.

Менің мамандығым – менің мақтанышым!

Менің мамандығым – менің мақтанышым!

Мамандық – кез — келген адам үшін өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, біліктілікті, өзіндік жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Менің болашақ мамандығым

Менің болашақ мамандығым

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика — математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы

Болашақта кім болам?

Болашақта кім болам?

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Өтепкалиев Нұржан Ерболұлы 11 жас Қатысатын бәйгесі: шығарма конкурсы (шығарма жазудан) Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Ракишева

Мамандық түрлері

Мамандық түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып, мамандық таңдай білуге үйрету. Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушыларға түрлі мамандықтар туралы мағлұматтар беру. Дамытушылық: Оқушылардың маман иелеріне қызығушылығын және сыни

Менің мамандығым - менің болашағым

Менің мамандығым — менің болашағым

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Алдабергенова Торгай Пралиевна

Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *