Адамзат?а хат эссе


Қазақ тiлi,


вопрос задал plois,


7 месяцев назад

«Аңдарды аяла адамзат» эссе. Срочно​

Ответы на вопрос

Ответил gulzabirakaltaeva





0

Ответ:

былаи лвлаоащвщвщашалаоаоаа

Предыдущий вопрос

Следующий вопрос

Новые вопросы

Геометрия,
6 месяцев назад

меньшая Сторона прямоугольника равна 10 см а диагонали пересекаются под углом 60 градусов Найдите диагонали прямоугольника…

Математика,
6 месяцев назад

Срочно дайте ответ в магазин завезли 1600 кг овощей из них 27% складають кілограми капусти завезли в магазин?

Английский язык,
7 месяцев назад

Помогите очень очень очень очень срочно​…

Физика,
7 месяцев назад

. Вода объемом 2 л налита в сосуд и имеет температуру 10 °С.
а) Определите массу воды. (ρ = 1000 кг/м3)…

Математика,
6 лет назад

реши задачу От пристани одновременно в противоположных направлениях отправились две моторные лодки. Через 6 ч между ними было расстояние, равное 378 км. Найди скорость второй лодки, если скорость…

Литература,
6 лет назад

славянские мифы список (какие есть славянские мифы) ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА!!!

Вопрос школьника по предмету Психология

Адамзат рухани байлығы эссе. Не меньше 60 слов. Хелпуйте плиз. Отдам все баллыыыы

Ответ учителя по предмету Психология

Эссе на тему «Духовное богатство человечества».

Что же такое духовное богатство? Это те мысли и чувства, которыми наполнен наш внутренний мир. А вот духовно богатый человек, какой он? Наверное, это в первую очередь, хороший собеседник, который умеет не только говорить, но и слушать, чтобы с ним хотелось говорить. Он живет по моральным законам общества, честен и искренен со своим кружением, знает, что такое сопереживание, и никогда не пройдет мимо чужой беды. Такой человек умен, и не только благодаря высшему образованию. Самообразование, самопознание и жажда нового способствуют этому. Духовно богатый человек обязан знать историю своего народа, элементы его культуры.

В наши дни может показаться, что материальное богатство ценится выше духовного. Но важно понимать, что только духовно обеднелый человек не будет ценить внутренний мир своего собеседника. Материальные блага никогда не заменят широту души, мудрость, моральную чистоту. Настоящее сочувствие, любовь и уважение невозможно купить. Только духовно богатый человек способен на проявление данных чувств. Материальные вещи непостоянны, так как они сменяют друг друга одна за одной, а богатство души останется с человеком на всю жизнь, и будет освещать путь не только ему, но и тем, кто с ним рядом.

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.

«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа қарай қарағаның сынды тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.

Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!

Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу  өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.

Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас.

Табиғат,

Әшкерелеп сөкпе бізді.

Тазала, саумал ауа,

Самалыңмен

Заводтың мұржасындай өкпемізді.

Санадан гөрі кейде сезім жетік,

Сезімсіз болар менің сөзім жетім…

Табиғат,

Емде мені,

Оралайын

Өзіңсіз күн жоғына көзім жетіп! –

деп Қадыр Мырза Әли ақын жырлағандай, табиғаттан асып, одан ада тұтып ешқайда кете алмасымыз анық. Ат айналып қазығын табар. Табиғатты сүю мен аялауды қазірден бастағанымыз жөн.  

Бұлақтың сылдыры мен таудың жаңғырығын, қамыстың сыбдыры мен қайыңның күбірін естіген жан еріксіз тебіренеді. Тыныштық табады. Асқар тауға шығып та, сар жазыққа көз жүгіртіп те тыныштық табасыз. Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз жаратылысқа айналады.

Демек, жанға шипа, көңілге медеу табар ортамызды неге сақтауға, аялауға тырыспасқа?!

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Мұқағали Мақатаев

«Ана» деген ұғымды қалай түсінесіз деген сұрақ маған қойылған болса, мен сірә жауап бере алмас едім. Неге дерсіз, анашым? Себебі, сіздің кереметтігіңізді сөзбен жеткізу мен үшін, сіздің перзентіңіз үшін мүмкін емес. Сіз – ең ерекше тұлғасыз. Сіз туралы қаншама айбатты аңыздар, жүректі толқынша тербеткен жырлар, әсем әуендер мен тағылымды тарихтар жазылғаны да өтірік емес. Ана атты ұлылыққа мына әлемнің ешбір кереметі жетпеген, жеткен емес, жетпейді де. Неге дерсіз?

Адам баласы мына жарық дүниенің есігін ашқаннан, мына қамшының сабындай ғана тағдырға аяқ басқаннан — ақ күннің жылуынан артық ыстықты, бар әлемнің махаббат атаулы сезімдерін, қамқорлық пен мейірімділікті тек бірақ жаннан алады. Ол – тағы да Ана! Менің дәл қазір осы өмірдің бір кірпіші болып қалануым да, мына тағдырдың кішкене бөлшегі болуымның да басты себепшісі сізсіз. Маған, мына бар әлемге, адамзат атаулының бәріне де өмір сыйлаған, жарық дүниені тарту ете білген Аналар қоғамның ең биік, ең қастерлі, ең құрметті тұлғалары болып қала бермек.

Менің сізді қаншалықты жақсы көретінімді білесіз бе, сезесіз бе, Анашым? Бүкіл ғаламның сезім атаулысы да бала мен ананың арасындағы махаббаттың қасында түкке тұрғысыз, әсте. Дүниеде ананың махаббатынан асқан мықты, асқан құрметті, асқан қасиетті, асқан шебер махаббаттың жоқтығына сенімдімін.

Мен, шындығына келгенде тек сізге емес, әлемнің барша «Ана» атаулы тұлғаларына қызыға қараймын…Кейде, осындай ақ жаулықты аналардың жұдырықтай жүрегінде орналасқан асқан жігер мен талаптылыққа тамсана да, таңдана да қараймын. Сондағы жалғыз ой: «Мұндай керемет жандарға лайық болу, олардың алдындағы парызын өтеу үшін перзент деген адамзат не жасауы керек екен бұл ғаламда?». Бірақ, бұл сұрақтың жауабын өзім де таба алмадым. Неге дерсіз? Себебі, менің ойымша ананың алдындағы борыш, ананың алдындағы қарыз бен парыз ешқашан ешбір іспен өлшенбейді. «Алып анадан туады» деп бекер айтпаған болса керек қазақ халқымыз…Ертеңгі күні сен бай бол, атағыңмен даңқың аспанға жеткен тұлға бол, бәрібір де…Бәрібір де Ананың алдындағы қарызымыз өтелмек емес!

Әлі есімде, кішкентай кезімнен қарапайым құлауларға бола жылап қалатын едім. Сол сәттерде қолтығымнан демеп тұрғызып, перзенті үшін жаны шығатын жандардың бірі сіз болдыңыз, Анашым. Қазір менің жасым он бестің өзіне де келді, бірақ, мен әлі күнге дейін сіздің қасыңызда өзімді балаша сезінемін. Иә, Анасы бар адамдар қартаймайды… Менің алпыс екі тамырымда сіздің берген тәрбиеңіз, сіз берген өнеге мен намысшылдық қызғылт қанмен тіркесе ағып жатыр, менің жұдырықтай жүрегімде сізге деген өлшеусіз, сізге деген шексіз алпауыт махаббат теңіздей толқуда, Анашым.

Әйел адам – табиғаттың ең бір ерекше, ең бір көркем баласы. Мен мұны толық сеніммен айта аламын, себебі дәлелі – сіз. Нәзіктік пен жігерлікті өң бойыңызға қондыра білген, бір шаңырақтың аяулысы болып, жақсылығымызды асырып, жаманымызды жасырған да сізсіз. Қанаттыға қақтырмай , тұмсықтыға шоқтырмай, біз үшін барын берген, бардан бал жасаған сіздей тұлғаның перзенті болу — мен үшін теңдесі жоқ мақтаныш екенін ұмытпағайсыз.

Ананы сыйлау, ананы қадірлеу, ананы құрметтеу миллиардтаған адамдардың ортақ парызы. Тіпті, Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистерінің өзінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екендігі айтылады. Хадистерде айтылғандай: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса».

Жұмақтың кілті – ананың табанының астында. Ана әр жүрек үшін, әр жан үшін мейірімі шексіз дос, құрбы, сырлас, махаббат деп есептеймін. Себебі, біздің тал бойымыздағы барлық қасиеттер мен мінездер, дарын мен таланттар ананың ақ сүтімен тұла бойымызға дарыған, ананың ақ сүтімен ойымыз бен жүрегімізге өнеге болып сіңген. Өтірік емес, кей кездері алыстау кеткен қателіктеріммен, ойланбай сөйлеген сөздеріммен сіздің көңіліңізге қаяу түсіріп алып жатамын. Бұл , әрине, менің қателіктерімнің бірі болып табылады. Себебі, Құдайдан кейінге құдірет иесі – сізсіз.

Қазіргі қоғам мәселесінде аналардың рөлі қандай? Заманның ағымына бет бұрамыз деп қазіргі таңда кей жас қауым ата-ананың қадірін ұғына алмай жатады кей сәттерде… Анасын алақанда салып ұстаудың орнына, кірпікше жиырылып, асып кетсе анасына қарсы сөз айтудан жалтармайтын жастарды көргенде , ең бірінші кезекте ашуланатынымыз сөзсіз, ал одан соң – аяймыз. Неге дерсіз? Мына кірпіктің қағысымен, сағаттың жүрісімен–ақ жоқ болар бес күндік фэниде аналарын бағалай алмаған сормаңдайлардың ертеңгі күні тырнақ тістеп, өкініш лебінің жүрегін алаулаған өртке ұласатыны бәрімізге де мәлім. Осындай қызуқанды, жәй тасы басынбаған жастарды көргенде ішімнен ойланып та, күйініп те қаламын. Расында, Анасын құрметтеген жандарды «адам» деп атау дұрыс па? Менің ойымша – жоқ. Мына тағдырды, мына өмірді, өзінің жастық шағы мен қуанышын саған тарту еткен нәзік жанды, ақ жаулықты аналарды құрметтемеу адамзаттың ең төмен дәрежесі деп бағалаймын өз басым… Егер де, қазіргі таңда көптеген мәселені дәл осы «Ана мен бала» тәрбиесіне бұрсақ, онда Қазақстанның болашағы күн нұрынан да жарқын, ай сәулесінен де көркем болар еді…Себебі, Отан – отбасыдан басталады. Ал Отбасының тірегі, ошақ қасы, шаңырақтың ұйытқысы – Ана.

Қазақтың бес арыстарының бірегейлері Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, әдебиетіміздің биік мұзбалағы Мұқағали аталарымыз өз Аналарына емірене жыр арнағанда, менің де қалам тартып сіздей жанға хат жазбауым қателік болар да еді, әсте.

«Мүмкін, ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.»

Арманымның басты кейіпкері бір өзіңіз. Бүгін мен не жасасам да, не нәрсеге талпынсам да, бәрі де сіз бен асқар тау Әкем үшін деп есептеймін. Болашақта өз мамандығымның білгірі болып, сіздерді қуанышқа бөлесем – менің өмірімнің ең тәтті шағы осы болар еді. Ертеңгі күні, «Міне, менің ұлым!»- деп сіз мақтанардай тұлға болу арманым мен мақсатымның шекарасы . Сіздің ақ жаулығыңыз, мені құшақтап , қолдау берген алтын қолдарыңыз, маған мөлдірей қарап, «Құлыным!» деген жанарларыңыз, ешбір жанның сұлулығы тең келмес ақ дидарыңыз, ең бастысы – құлағанда тұруды, қателіктерден сабақ алып, мойымауды үйреткен жүрегіңіз – менің болашағымның кілті деп есептеймін. Сіз берген тәрбие, сіз берген өнеге болашақта мен үшін таптырмас серік боларына сенімім мол.

Қазіргі таңда әлемнің көптеген балалары ана махаббаты мен ана жылуын көріп өспегені баршамызға белгілі. Сондай бір анасыз күн кешіп жүрген бөбектерді ойға алсам, дене бойымнан тоқ жүріп өткендей болады… Сол мезеттерде, сол минуттық сәттерде өзімнің қандай бақытты жан екенімді түсінгендей боламын, расы керек. Шындығында, сізсіз, Анашым, менің өмірім бос. Қай жерге барсам да, жыраққа кеткен болсам да жүрегім сізге қарай тартылып, сізге қарай жете алмай тұрады. Бәлкім, дәл осы сезім баланың анаға деген шексіз махаббаты болып табылар, солай емес пе? Сіз менің жүрегімдесіз, сіз менің ойымдасыз, менің бойымдағы әр бөлшекте сізге деген үлкен орындар тым көп, сенесіз бе? Себебі, сіз – Ұлысыз.

Бауыр еті баласын өзгелерден кем өсірмей, мәпелеп, аялап өсірген балаңызды бірі менмін. Болашақта маған жасаған бар жақсылығыңызды екі еселеп қайтаруға перзентіңіз ретінде, уәде беремін, аяулы да ардақты Анашым. Кеше, бүгін, ертең және мәңгілік. Анаға деген махаббат шексіздіктен құралады, жылдар өтсін, ғасырлар өтсін бұл махаббаттың шекарасы көрінбейді, шегі жоқ екені дәлелдене береді. «Ана» атты ұғым барда, «Ана» атты теңіздей толқыған махаббат барда мына әлем әрқашан жылулықта боларына сенімдімін.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні де болады. Менің де жүректен шыққан, лаулаған өрт хатымның түйіні жақындады. Сол түйіннің қорытындысы ретінде айтарым: «Ана – бәрі сенен бас тартқанда, мына әлем сені жалғыз қалдырғанда жаныңда болып, медет болар, демеу болар жалғыз жан. Ана – ол сенің сырласың, сенің досың, сенің өзіндік періштең әрі қазынаң. Оны құрметтемеу — біздің, барлық перзент атаулысының ең үлкен күнәсі болмақ».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *