Адамзат дамуы эссе

Эссе. Адамзат қоғамының қалыптасуы.

Атап айтқанда адамзаттың алғаш пайда болуы осыдан 3млн жыл бұрын Солтүстік-Шығыс, Африканың алдыңғыжәне Оңтүстік Азия аумағында пайда болған. Олар Африкада пайда болып жер бетіне тарай бастады.

Еңбек құралдары жетіліп, адамдар дұрыс өмір сүруі, еңбек етуі осы тас, қола және темір дәуірінде толық жетілді. Адамзат тас ғасырында пайда болған және бұл ғасыр өте ұзаққа созылған, соның бірі палеолит Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Адамзаттың түр тұлғасы, бейнесі мен санасы қалыптасты. Ерте палеолиттің(2млн 6жүз м.ж) өзі үш кезеңге бөлінеді оның ішінде: Олдувей(б.з.б 2млн 6жүз м.ж), Ашель(б.з.б 800-140м.ж), Мустье( 140-40м.ж) құрайды. Ал кейінгі палеолит(б.з.б 40-12м.ж) құрайды және кейінгі палеолитті дәуірлерге, замандарға, ориньяк, солютрей және мадлен дәуірлеріне бөлген. Бұл дәуірдің өзінде адамдар бірнеше жетістіктерге жетіп үлгерді . Ештеңеден хабары жоқ адамдар табығаттың дайын өнімін алып үйренді, тастан қашап тас құралдарын жасады, тобыр құрып топтасып өмір сүріп аңдарды аулап үйренді, аң аулауға немесе басқа заттарға қолданатын тас құралдар түрімен әдіс тәсілдерін үйренді. Сонымен орта тас ғасырына өтті(Мезолит б.з.б 12-5м.ж) бұл кезеңдерде де адамдар бірнеше жетістіктерге жете бастады, бұл тас өңдеу техникасының дамыған кезеңі, тоқымашылық, балшықтан құмыра жасап, жаңа құрал түрлерін ойлап тауып садақ, жебе, микролит құралдарын жасап, қайық ескек жасап, әйелдер мен ерлер арасында еңбек бөлінісі пайда болды. Үлкен аңдар жойылып енді олар итті қолға үйретіп шаруашылықпен айналыса бастады, үйлер құрып үйренді. Содан соң неолит дәуірі (б.з.б5-3м.ж)келеді және ол неолит революциясы деген атқа ие болды. Нақты айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйреттудің шарықтау шегнде болды, өсімдіктер өсіру, бір орында тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру шаруашылықтарына айналды. Ұлы мұздықтарда осы кезеңде болады.Аналық ру үстем болды. Бірнеше құралдар пайда болды, бірлесу пайда болды , рулық қауымда барлығы тең болды, жиналыстар болды. Сонымен Энолит дәуірі(б.з.б 3000-1800м.ж) басталады. Бұл кезеңде мыс қолдана бастады, мысты игеріп, құралдар жасады.Еңбек бөлінісі пайда болды, аталық ру орнады, өнерде дамыды. Патриархалдық кезең болды.

Алғашқы кезеңде өмір сүрген адам ол Епті адам ол (Танзания/ Олдувей) 1млн 750м.ж бұрын табылған дейді, оны Homa habilis дейді ол Австролопитек түріне жататын ең алғашқы адам. Питекантроп Шығ.Африканың Олдувей шатқалынан 1959-1963ж епті адамның сүйек қалдықтары табылған. Тік жүретін адамның өкілдері питекантроп пен синантроп. Питекантроп жайлы бірнеше мәліметтер бар бірақ олардың растай алмайды. Ол 1млн жыл бұрын өмір сүрген 1891 ж Ява аралынан тапқан . Питекантроп сияқты синантроп орта бойлы, денесі мығым болып келген тіршілік иесі еді. Бірақ оның қозғалуы біршама тездеген. Миы дамып үлкейе бастаған, еңбекке біршама жарамды, жануарларды өлтіре алатын, тұрақты мекені бар. Ол осыдан 500-200м.ж өмір сүрген қытай адамы депте атайды. Атлантроппен бірге табылған тас қарулар

үлкен көлемді, өңделуі тұрпайы және формалары тұрақсыз болып келеді. Адамдар осылай бірте келе өз еңбектерін жасап үлкен жетістіктергеде жете бастайды олар осылайша бірте бірте дами береді. Оларда өмір сүру салты мен мәдениеттері, діни наным сенімдер мен көзқарастарда пайда болып оны ұлғайта берді,өздері дамыған сайын олардыда дамытты , еңбек құралдарыныңда сан мыңдаған түрлерін ойлап тауып оларды жетілдіріп мықты техникалар ойлап тауа берді.

Қорытындылай келе, адамзаттың пайда болуы мен дамуы бірнеше санмыңдаған ғасырларға созылады. Олар сан мыңдаған ғасырлар ішінде ең төменге дәрежеден бірте бірде ойлау қабілеті мен еңбегінің арқасында дами берді.

Достарыңызбен бөлісу:

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердіңтүпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығызбайланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі,сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болыптабылады. Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болғанең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп)болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқықұралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан(Шығыс Африка — Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.Хомо хабилистің мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарыныңмыйынан біраз асады. Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен,түргеліп жүргендікті аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі. Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшінұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер)болды. Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус –«тік жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тасдәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантропболды. Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бірмиллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспенсалыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлеміүлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пенқолдың пропорциясы өзгерді. Тік жүретін адамның екінші бір түрісинантроп болды; ол бірінші рет 1927 жылы Чжоу–коу –дянь үнгірінентабылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым процестікбелгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының көлемі үлкен (1075 см3), мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам. Чжоу-коу-дяньда табылған қазбалардың айтарлықтай ерекшелегі сол,синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі формадағы дөрекі тасқұралдар, отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит жануарлараның көпсүйектері табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзіңде отты пайданалабілген. Адамның эволюциясындағы келесі қадам Хомо Сапиенссаналы адамның пайда болуымен байланысты. Тарихта бұл кезеңдегі адамды(орта палеолит) неандерталь деп атайды. Тік жүретін адамға қарағанда,неандерталь адамның өмірінде мәнді-мәнді өзгерістер болды. Осы кездеежелгі адамдардың дене бітімінің өзгершіліктері біржолата қалыптасты.Олардың бойы аласа келді (150-160 млн), мый қауағының көлемі енді1300-1400 см3 болды. Неандертальдың өзгеше белгілірі: қас сүйегішығыңқы, тайқы маңдай, бас сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегініңшығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының тіктігі, тізе буынының жазылмайтынқисықтығы неандертальдардың жүрісінің ебедейсіз болғанын көрсетеді. Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда болуы соңғыпалеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап адамдардыңэволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихынабіржолата көшу басталады. Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің пайдаболуы әдетте б.з. 50-45 мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тәнбелгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үнгірінде табылған бес қанқанызерттеу негізінде аңықталды. Кроманьондық адамның тұрпатында,осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән нәрсе –басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ, тікше және мыйқауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшықет бедері айқын көрінеді. Сойтіп, адамның шығуы, оның дамуы негізінен үш сатыдан өтіп, еңбек процестің нәтежесімен байланысты болғанын көреміз.

Орындаған:Абдуалиева Бибіайша Нұрланқызы

Тобы:Кя-21-3

«Адам болмысы» Эссе

Адам – бұл әлемнің  өзгелермен салыстырғанда ең ақылды,ең зерек,еңбекке қабілетті,яғни қолынан тың дүниелер келетін шебер,бір сөзбен айтқанда әмбебап жаратылыс.Дегенменде адам баласы бірден осындай күшке ие болмады.Олар да жер бетіндегі басқа тірі жәндіктер сияқты ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасты. Алайда,қазіргі адам мен сол ерте замандасы адамның болмысы,рухани құндылықтарды өзгеше сипат алғандай.Қаншама еңбек пен ізденістің арқасында қазіргіден жетістікке жетсе де,бұл адам санасының одан сайын дамып жатқанын белгісі емес тәрізді.Уақыт өткен сайын адамда өзгеріп барады.Яғни көбінесе мінезі,іс-әрекеті бір сөзбен айтқанда санасы.Абай атамыздың «Жетінші  қара сөзінде»: «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдайтағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан…» деп адамзат қауымын хайуандар дүниесінен бөлек екенін, оның ерекшеліктерін көрсетеді. Осы ойды әрі қарай жетелей, тереңдете түсіп: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, Һәм өзі өспейді, қуат таппайды».Демек бұл жерде бір адам ішсем,жесем десе,біреуі білетіні,үйренейінші,дамиын дейді.Бұл жерде адам баласын екі жағдаятқа бөліп қарадым.Яғни бірі жаман бірі жақсы адам болмаса адам болып қалыптаса алмаймыз.Алла бізді жақсы ,жаман адам болып жаратпады.Адамға сана берді.Адам өзінің санасына қарай жақсы не жаман әрекет жасайды.Міне осы қасиеттер адамның «адам» болып қалыптасып,адамдық болмысты сақталуына себепші.

Жалпы философиялық ғылым бойынша,адам болмысы жайлы көптеген пікір,көзқарас,мәліметтер айтты.Мәселен адам не үшін өмір сүреді,неге? Осы сұраққа Достоевский былай деп жазған: «адамдардың болмыстың құпиялы тек қана өмір сүру үшін емес,не үшін өмір сүруде.Оған өмір сүрудің не үшін,ол өмір  сүру керек түсінігін қатты ұстанбайынша адам өмір сүрге келіспейді,жерде қалғанда…тіптен өзін жояды».Сонымен қатар  Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп айтады Абай. Сонымен, жетілудің негізі – жанды, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.Мен осы айтылған Абайдың пікіріне келісемін.Яғни адамның ішкі жан дүниесін,тәрбиесі арқылы,жүрегі арқылы білеміз.Менің ойымша адам өзін қалыптастыру үшін,берілген парызды амалдарды өтеп,өзге адамдарға бір құндылық қалу үшін,Аллаға құлшылық жасау үшін жаратылған деп ойлаймын.

Светило науки — 10 ответов — 0 раз оказано помощи

Объяснение:

Бүгін жаһандық мағынада бүкіл әлем адамның абыройы тұрғысынан маңызды бір сынақтан өтіп жатыр. Еш күмәнсіз, адамзат тарихы адам құндылығының аяқ асты болған, абыроймен өмір сүрудің қиындатылған кезеңін басынан өткеруде. Зорлық-зомбылық пен террорлық оқиғалар белең алған, қылмыс пен азғындық әрекеттер жылдам артып отырған дүниеде адами құндылықтарға жараспайтын оқиғаларға жиі кездесіп жатамыз. Жоқ жерден себепсіз соғыс шығару, терроризм, күш қолдану, азап көрсету, зұлымдық, отаршылдық, нәсілшілдік, әділетсіздік, теңсіздік, кемсітушілік, еңбекті бағаламау, аштық, жоқшылық сияқты адам атын қорлайтын жаһандық мәселелер бүгінгі қоғамның деңгейін көрсететін мысалдар. Әлемдік жаңғыру кезеңінде артып отырған рационализациялаумен бірге материалдық тұрғыдан маңызды табыстарға қол жеткізілді. Әсіресе, технология саласында тіркелген дамулар адам өмірін маңызды көлемде жеңілдетті. Алайда, жаңғыру материалдық тұрғыдан өте үлкен жеңілдіктер мен мүмкіндіктер ұсынғанымен қатар, адам мен табиғатты отарлау, соғыс қаупі, қоршаған ортаны ластау, адамзатты рухсыздандыру көптеген проблемаларды да өзімен бірге ала келді. Адамзат баласы білім мен технология саласында қарыштап дамығанымен, адам абыройын қорғау мен жоғарылатуда алға баса алмай келеді.

Құндылық — мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.

Философия тарихындағы адам проблемасы

Философияның тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе болады.
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдырын “жасау” мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: “Өзіңді-өзін тани біл”,–– деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырысмдауға болады.
Антик заманының философиясында адам көбінше ғарыштың бір бөлігі, жоғарғы бастама––тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм түрінде түсінілді. Адамның философиялық ұғымының көптеген принциптері сонда қалыптасты: Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы, табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай-ақ табиғатта бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипаттады.
Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың “тән” мен “жанның” іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді.
Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдай құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелді ақыл-ой иесі, өз өмірініңі саналы субъектісі деп түсінді. Мысалы, француз материалисі Д. Дидро адамды жер бетіндегі барлық мәдени байлықтарды бірден-бір жасаушы ең жоғарғы құндылық деп санады. Қысқасы, “ақыл-парасат ғасыры” деп аталған жаңа заман философтары ортағасырлық діни-идеалистік көзқарастың идеологиялық үстемдігінен құтылған жаратылыстану ғылымдарына сүйене отырып, адам табиғатын табиғи тұрғыдан зерттеудің тамаша үлгілерін қалдырды. Соның ең бастысы –– адамның өз мәнін танып білу үшін оның ақыл-ойының діни көзқарастардан мүлдем тәуелсіз болцында еді.
XIX ғ. Классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама––рухтың, ақыл-ойдың иесі…..

Философиядағы адам проблемасы

Философиядағы орталық проблемасы адам болып табылады.
Адам туралы ілімді немесе деп атайды.
Адам проблемасы философия тарихында.Бұл мәселе философияның пайда болуынан қарастырылып келеді.Бұдан 25 ғасыр бұрын Кун фу цзы өз философиясында адамгершілік проблемасын қарастырды.Оның ілімінің негізгі этикалық қағидасы:болды.
Будизмді өмір қайғы-қасіретке толы,алайда оларға соқпай өтуге болады, себебі бәрі де өзіне байланысты деп түсіндірілді.Аристотель адамды деп түсініп,адамның биік мақсаты –бақыт деп тұжырымдады.Бақыт пен жоғарғы игілік адамға тән,ол оған толық жетілуге ұмтылған жағдайда,яғни белсенділіктің арқасында жетеді.Демек,жай ғана өмір сүрумен тынбау керек,себебі өсімдіктер де тіршілік етеді,ал сана белсенділігі – адамға тән мақсат.
Материалдық игіліктердің молдығы өз-өзінен бақыт жасай алмайды,ал олардың жоқтығы бақыттың беделін әбден түсіруі де ықтимал.
Ортағасырлық томизм ілімінде кез-келген адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуінің дұрыстығы айтылды:еркек пен әйелдің одағы,бала өсіріп-тәрбиелеу –игілік,өйткені табиғат заңдылығы солай.рационалды тіршілік иесі ретінде адам маңдайына қауымдастықта өмір сүріп,ақиқатқа ұмтылу жазылған.
Ренессанс дәуірінің 15-17 ғғ.гуманистік қозғалысында ізгіліктің тағдырдан биік тұратыны тұжырымдалады.
.(Гуманист,философ математик,сәулетші Л.Альберти)…..

Философиядағы негізгі мәселелердің бірі адам мәселесі

Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ..
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып
жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. ….

Дінтану | Мұхаммед Пайғамбар адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы

Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың жаратқанының ішіндегі кереметі Өзінің Елшісі,әрі соңғы Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) екені баршаға мәлім.Сонымен қатар,Пайғамбарымызға ең жоғары мәртебе бергені шынайы мұсылмандардың барлығына құпия емес.
Пайғамбардың сахабалары мен олардың ізбасарлары оны құрмет тұтып: «Салла Аллаһу алейһи уә саллам»-деп салауат айтулары және бұл сөздердің шынайы мұсылмандардың жүрегіне қуаныш ұялатып,оның дауысын естуге ынтықтыруы,сүйіктілерінің жүзін көру жан-тәндері мен ұмтылысы Пайғамбардың ұлылығының белгісі.
Аллаһ Тағаламыз Пайғамбарымызға асыл қасиет,жайлы мінез-құлық, жүректілік, адамгершілік, құрмет тұтарлықтай болмыс берген.
Адамзаттың ақыр заманға дейін Аллаһтың ақ жолынан тайып кетпес үшін Пайғамбарымыз ізінен екі түрлі мұра қалдарған екен.Оның бірі-Аллаһ Тағаламыздың қасиетті Құраны болса,екіншісі -өзі жазған хадистері болса керек. Пайғамбарымыздың хадистері өте көп, әрі әрбір хадисі ақыл-кеңес,түсінікке толы және Құдай дінімен байланысты әртүрлі анықтама беріп кеткен. Елшісінің ешбір хадисі Құдайдың қасиетті Құранының жазуларына қайшы келмейді.Хадистерді жақсы білетін мұсылмандар оның қадір қасиетін мадақтап,оның адамгершілігі туралы уағыз айтып, халыққа жеткізуге өте көп көңіл бөлген және бөлуде. ….

Психология | Сана-адам миының функциясы

Адам –аса тамаша қасиеттің –сананың ,сонау алыста қалған
заманға да , болашаққа да ойша шарықтайтын ,сыры беймәлім,
армандар мен қиял дүниесіне көз жүгірте алатын парасат иесі.
Сана деген не, ол қалай пайда болады , оның ерекшеліктері қан-
дай? Бұл – аса қиын да күрделі ғылыми проблемалардың бірі.
Өз санасының сыры жайында адам аса көне замандардың
өзінде-ақ ойлай бастады . Адамзаттың озық ойлы өкілдері қөптеген ғасырлар бойы сананың табиғатын ашып қөрсетуге тырысты ,өлі материя өз дамуының белгілі бір дәрежесінде тірі материяны ,ал тірі материя сананы қалай туғызады сананың құрлымы мен функциясы қандай түйсіктен , қабылдаудан ойлауға өтудің механизмі қандай,сананың адам миының қыртыстарында жүріп жатқан материалдық , физиологиялық процестермен қатынасы
қандай? – деген сияқты мәселелерге жауап іздеді. Бұл мәселелерге және олармен тығыз байланысты басқа көптеген проблемаларға , олар аса күрделі болғандықтан , ұзақ уақыт бойы мейлінше ….

Табиғат адамдардың қателігін әрдайым көтере бермейді

Қазіргі таңда азаматты ерекше алаңдататын мәселердің бірі — қоршаған табиғи ортаның бүгінгі жай-күйі. Табиғат — тіршілік атаулының анасы, адамның өмір сүруінің бірден-бір көзі. Табиғаттың барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен өте тығыз байланысты, өзара тәуелді. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланысты болғанда ғана табиғат заңдылығы бұзылмайды.
Адам табиғи қорларды — тағам, құрылыс материялдарын шаруашылықты игеру мақсатында пайдаланады. Мұның бәрі табиғаттың даму ырғағын өзгертпей қоймайды. Бүгінгі таңда өндірістің қарқындап дамуы тек табиғи қорлардың сарқылуын ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның шектен тыс ластану мәселесін де туғызып отыр. Өндірістен шығатын керексіз заттармен ең алдымен — ауа, су қоймалары, топырақ ластанады. Өндіріс қалдықтары топырақты құнарсыздандырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жағымсыз әсер етеді. Өндірісті өз мүддесі үшін дамытқан озық ойлы адамзат табиғаттан пайдалы затты алады да, оған зиянды қалдықтарын тастайды. Жиырмасыншы ғасырға дейін адам баласының табиғатқа келтірген залалы Жер шарының әр түпкірінде әрқалай болып келсе, қазір бұл әсер бүкіл ғаламшарды қамтып отыр. Сондықтан да табиғат-анаға перзенттік сүйіспеншілік пен мейірім, қамқорлық көрсету — адамзаттың ұлы парызы. Табиғатқа аялы қамқорлық қажет. Сонда ғана ол адамзаттың тіршілігі үшін ғана емес, ұдайы гүлденуінің де кепілі бола алады.
Табиғатпен қарым-қатынаста адамдар белгілі бір үйлесімділікті берік сақтауы тиіс. Табиғаттың да өз даму заңдылықтары бар, оған нұқсан келмеуі керек. Әйтпесе, табиғат өте қатал. Ол адамдардың тәкаппарлығын, қателіктерін әрдайым көтере бермейді. ….

Су мен адам арасындағы байланыс

Су мен адам арасында байланыс көне заманнан бері карай қалыптасып келе жатқан жағдай.Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде бір мемлекет жоқ.. Тіпті, теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісім жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл, мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр.Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудырады.
Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивті заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен шектелмейді.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде қауіпті. Мысалы, Мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуы қиындатады. Үи тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.
Сондай ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактериаларды құртып,балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш,мыс,қорғасынның әр түрлі тұраздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер нағыз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қышқылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін ) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті. ….

Сөйлеу мәдениеті жеке адамның білімдік және тәрбиелік көрсеткіші

Сөйлеу мәдениеті- адамның жалпы мәдениетінің ажырамайтын және құрама бөлімі. Сөйлеу мәдениеті сипаттамасы, ұғымның теориялық қорытындысын талдау.
Мұғалім сөзі –оқыту, тәрбиелеу әдісі. Сөйлеу мәдениетінің тәрбие теориясы біліміненғ, жұмыстағы ептілік, дағды оқу пәнінің және оған шектес пәндер материалдарын игеруге өз бетінше жетілуге үздіксіз талаптануға негізделген мұғалімнің жан-жақты қызметімен байланысты.
Жеке адамның сөйлеу мәдениетін көтеруде мұғалімге қойылатын жауапкершілік.
Сөйлеу техникасы — көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін таңдыушыларына ауызша мәнеріне, мақамына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты. Егер аспап күйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді, тыңдаушылардың, құлағына жағымсыз тиеді. Демек, тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауына ішке жүту, сыртқа шығару), дауыс, дикция (үн реңкі) жатады.
Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасы біліп, игеру міндеті қойылады. Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде, дыбыстардың шығу, жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді. Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.
Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ, сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жогары оқу орнына арналған оқулықтан қараңыздар. ….

Құқық | Қоғам құқық және жеке адам

Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан, аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға болады.
Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік аясында қалыптасып, құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға, басып-жаншуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды.
Рим заңгерлері «Құл сөйлейтін құрал» деген қағиданы өмірдің барлық саласында қолданды. Теңсіздік, құл болу туа біткен қасиет ретінде танылды.
Феодалдық мемлекеттерде адам құқықтары басқаша көзқараспен бағаланды. Құл иеленуші мемлекеттердегі адам құқықтарының жағдайларына қарағанда біршама прогресс болғанымен феодалдардың шаруаларға деген үстемдігі олардың құқықтарын аяққа таптаулары басқа сипатқа ұласты. Феодализм қалыптастырған құқық жүйе король, дворян, герцог, князь сияқты аз ғана топтардың құқықтарын асқақтатты, шаруалар тек сол феодал¬дардың қол астындағы адамдары болып саналды. Феодалдық құқық «жұдырық құқы», күштілердің ашық түрде теңсіздікті мойындатуы.
Адам құқықтарының теңдіқ идеясына көтерілуі буржуазиялық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты. Буржуазия идеологтері абсолюттік монархияда аяққа тапталған адам құқық¬тарын асқақтатып, теңдік, бостандық идеясын адам құқықтарының іргетасы ретінде жариялады.
Буржуазиялық қатынастар дамып келе жатқан Англияда 1679 жылы «Хабеас корпус акт», «Құқық туралы билль» (1688) сияқ¬ты құқықтық құжаттарда адам құқықтары теңдік мағанада мойындады. Кейінірек, АҚШ-тың (1787) және Ұлы француз революциясының «Адам және азамат құқықтары декларациясында» (1789) асқан даналықпен адам құқықтарын туа біткен, ен қастері құндылық ретінде жариялады, «адам» және «азамат» ұғымдары енгізілді. «Барлық адамдар туғаннан еркін және тең құқылы. Қоғамдық айырмашылықтар жалпы пайда негізінде болады», — деп атап көрсетілді декларацияда. ….

Әлеуметтану | Қала мен ауыл село адамзат мекенжайының тарихи түрлері

Адамдардың бүкіл қоғамдық өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік-территориялық қауымдастықтар шеңберінде өтеді. Ол қауымдастықтар – жеке адам өмірінің басты формасы мен шарты. Адамзат қауымдастықтарының ру-тайпалық, халықтық, ұлттық және таптық сияқты тарихи формаларынынң бәрінен негізгі бір белгісі әлеуметтік–территориялық бірлестік болып келді, өйткені ол қауымдастықтардағы адамдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, тарихи және рухани-идеологиялық қарым-қатынастары белігілі бір мекенжайларда, яғни географиялық ортада ғана іске асады. Сондықтан адамдардың түрліше мекенжайларының қоғамдық мәнін ашып көрсетудің маңызы зор.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары егіншіліктің шығыумен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған. Ірі мекенжай ретінде қала сауда-саттық және қолөнер кәсіптерінің шығуына байланысты пайда болды. Демек, адамзаттың өз мекенжайларын тіршілік қажеттеріне қарай орналастыруын табиғи–тарихи заңдылық процесінің нәтижесі деп қарастыру қажет: алғашқы кездерде мекенжайлардың сипаты мен орналасуы табиғи-географиялық жағдайлармен анықталған болса, ал уақыт озған сайын әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталатын болды. Мекенжай адамның тұрақты өмір сүру орнына айналған сайын оның бұл мекенжайымен екі арадағы тәуелділік механизмі де: жұмыс, жанұя, денсаулық, т.б. жағдайлары да күшейе түсті, ал қоғам дамыған сайын бұл тіршілік механизмдерінің тәуелділік байланысының кейбіреулері нығая түссе, енді берулері әлсіреді.
Қазіргі қоғамда мекенжайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен (қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Бұлар өнеркәсіптің дамуының салдары болып табылады. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыру қиынға соғады, өйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және объективтік сақсат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылықтар бар екенің көреміз. ….

МӘҢГІ ӨМІР СҮРУГЕ ҚАДАМ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қалалық балалар емханасында «Ана, әке және мен – салауатты жанұя!» мәдени шарасы 1 маусым балаларды қорғау күніне арналып, медицина қызметкерлері балалары және емханаға қаралуға келген балалардың қатысуымен өткізілді.
Шараның мақсаты: ата-ананың өз баласын тәрбиелеудегі салауаттылықтың орын алуы, өмірге деген көзқарастың мәдениетін қалыптастыру, салауаттылық арқылы денсаулықты сақтау, күшейту.
Ата-ана мен балалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты жетілдіру. Бұл шараға балалар ата-аналарымен бірге қатысты.
«Ақбота» балалар үйінің балалары өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен салауаттылық пен денсаулықты сақтауға бағытталған К.Чуковскийдің «Мойдодырь» ертегісінен көрініс көрсетілді.
Қатысқан ата-аналар мен балаларға ақпараттық-оқыту материалдары таратылып, сыйлықтар ұсынылды. ….

Биология | КЕЙБIР 0МЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ДАМУЫ

Ұрықтану және майдалану. Ланцетниктің эмбриологиясын толық зерттеген орыстың ұлы ғалымы А.О.Кавалевский болды. Ланцетниктерде ұрықтану сыртқы ортада өтеді. Жыныс продуктыларын суға шашу тәуліктің белгілі бір мерзімінде (кешке қарай) болады. Жұмыртқасы гомолецитальды типке жатады. Сперматозоид жұмыртқаға пісу дәуіріндегі бірінші бөлінудің соңында енеді. Жұмыртқаның екінші бөлінуі сперматозоидтың ядросы жұмыртқаның протоидазмасында орнын ауыстырған кезінде өтеді. Ұрықтың толық және біркелкі майдалану қуысы ортасына орналасқан қабырғасы бір қабатты, биіктігі бірдей пластинкалардан тұратын целлобластула түзілуімен аяқталды.
Сегізінші бөлінуге өтерде (128 бластомералы кезеңнен соң) майдалану толық емес түрге ауысады. Соның, нәтижесінде мөлшері біркелкі емес клеткалар түзіледі. Бластуланың қабырғасынан майда және ірі клеткалардан тұратын әртүрлі екі бөлім пайда болады. Сонымен қатар вегетативтік жартылай шеңбер қабысып, шарт тәрізді бластула күмбез түріне айналдырады. Нығыздалған вегетативтік бөлімі бластуланың түбін, ал жоғарғы анимальды бөлімі қақпағын құрайды. Бластуланың түбі келешекте шектің, энтодермасын түзетін ірі клеткалардан құралады. Ал бластуланың қақпағын келешекте эктодерма түзетін ұсақ клеткалар құралды. Түбі мен қақпақшасының аралығында мезодермаға дамыйтын клеткалар жартылай шеңберлі орналасады. Келешек мезодерманың клеткалары тез қарқынмен бөлініп, өзінің майда мөлшерімен, қасындағы майдаланудың баяулығын сақтаушы энтодермалық ірі клеткалардан тез ерекшеленеді. Егер бластулаға вегетативтік жартылай шеңбер жағынан қарасақ, түбіне жақын энтодерманың үстінде хорда және нерв жүйесі дамитын клеткалардың бірнеше қатарын көреміз. Бластуланың қалған басым көпшілігін жануарлардың келешек жамылғысын дамытатын клеткалар құрайды. Бластула кезеңінде-ақ клеткалар бір-бірінен осылай ерекшелене бастайды…..

Құқық | Есірткілердің түрлері және адам ағзасына түрлі әсері

Есірткінің түрі көп. Соның дені көкнәр өсімдігінен екі әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы апиын сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ қауашақ. бұдан опиын, морфий, кодеин, тһебиын, гидроморфиин, героин (соңғы екеуі жартылай қоспалы) секілді есірткі түрлері жасалады.
Есірткінің бір түрі – көкнәрі. Ілгеріде-ақ оны Оңтүстік өнірде пайдаланған жандар болған. Олардың дені қарттар еді. Ауырып, сырқағанды, ауырғанды басады деп, суға қайнатып ішетін. Сосын оның әсеріне елітіп, қалғып-мүлгіп отыратын болған. Әзәзілге тәуелді сол жандар кейде көкнәрілері таусылып қалған кезде, туыс-бауырларын жұмысап жіберетін. Олар шыр айналып, таппай келіп жоқ деп айтса, оны аңсап тұрған қарттың хал-жағдайы бірден мүшкіл тартатын. Жоққа шыдай алмай жан-тәсілім еткендері қаншама. Ал кәмелетке толмаған жастар жағы оны пайдаланған жоқ.
Ал қазір ше. Есірткінің неше алуан түрі бар. Және оны пайдаланушылар өрімдей жастар. Тіптен солардың арасынан 8-10 жас аралығындағы жасөспірімдердің көптеп кездесетіндері мәлім. Әуелде ескі әдетпен мұны жасырып келген. Кейіннен ұрпақты аздырып, тоздыратын әлеуметтік кесел етек алып, індетке айналып асқынып кетті. Оларды қылмыскер ретінде қарап заң жүзінде жазалаған. Шамалғандағы болалар колониясына отырғызатын. Бірақ бұл түйықтан шығатын жол емес болып шықты. Содан кейін өркениетті елдердің тәжірибиесін пайдаланған жөн екені белгілі болды. Есірткіні пайдаланушыларға қылмыскер ретінде емес, ауру ретінде қарап , мемлекет тарапынан тегін емдеу қолға алынды.
Меперидин мен методон деген түрлері лабораторияларда қоспалардың қатысуымен дүниеге келеді. Екіншісі есірткіден зардап шегушілерді емдеу барысында емдік таблеткалар құрамында да оның өзіндік үлесі бар. Бұған бір мысал ретінте мрфийдің қатты шаншып ауыратын қылтамақ (рак) ауыруында дәрігердің бақылауымен сол кеселді тоқтатушы ретінде қолданылатынын атап көрсенен жөн.
Героин – морфийдің екінші қайтара өндеу жолымен жасалады. Медициналық мақсатқа қолданылмайды. Сол себепті де есірткінің бұл түрі өндіруге жатпайды. Заңнаң тыс. Онда есірткіге тән жағымсыз қасиеттің 90 пайызы сақталған. Мұның азғантай мөлшерін пайдаланудың өзі-ақ аса қысқа мерзімде оған деген құмарлық деңгейіне жеткізеді. Героинді қолдану оның ұнтақталған түрін иіскеу, ет пен тері арасына және тамырға егу арқылы жүзеге асады. Қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі-ақ оған тәуелді болып қалуға жеткілікті көрінеді. Мұны зерттеген мамандардың жасаған қорытындысы осындай.
Оған бір рет тәуелділігін мойындаушының оның тұтқынынан босап шығуы мүмкін емес. Бойын құмарлық билеген жан елітіп рахатқа татуы үшін әр жолы есірткі мөлшерін арттыра түсуге мәжбүр. Мұның аяғы қайғылы жағдайға апарып соқтырады. Есірткі мөлшері шамадан тыс қолданушының өкпесі дұрыс дем ала алмауынан жансыз денесі күндердің күнінде ауланың бір түпкірінен, не қараңғы бөлмеден, тіпті әжетханадан табылуы да ғажап емес. ….

Экономика | Жер саулығынан – адам саулығына

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» — денсаулық , «логос» — ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді. ….

Психология | Даралық Жеке адам Тұлға және оның қалыптасуы

Табиғаттың сырына үңілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар. Олардың негізгілеріне даралык, жеке адам (индивид), тұлға ұғымдары жатады.
Даралықтың сипаты. Даралық (лат. indivituum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңестіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.
Бұл қағида адамдарға да қатысты. Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айнымайтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады.
Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінін өзінше үйлесіл келген,, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралық — генотиптік және фенотиптік ерекшеліктерден көрінетін онтогенездің нәтижесі. Психологияда даралық проблемасы, ең алдымен, жеке адамның тұтас мінездемесімен — оның барлық қасиеттерінің, ойларының, сезімдерінің, еркінің, құлшынысының, зауқының, қажеттіліктерінің, уәждерінің, мүдделерінің, көңіл ауанының, мұңының, әрекетінің, қылықтарының, әдеттерінің, икемділіктерінің, қабілеттерінің т.б. ерекшеліктерінің төлтума көптүрлілігімен байланысты қойылады. Осылардың нақты қабысып келуі әрекет үстіндегі «Мен»-нің бірегей тұтас құрылымын түзеді. Осыған байланысты даралық қарастырылып отырған адамға тән белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың іс-әрекет үстінде қабілеттерін керсетуі арқылы жүзеге асырылады…..

Психология | Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері

ЖЕКЕ АДАМНЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
Жеке адам өзін-өзі анғара алатын, тек өзіне тән биологиялық және әлеуметтік қасиеттері мен сипаттары қалыптасқан нақтылы қоғамның жеке мүшесі болып саналады. Психикалық құрылысы мен физикалық ерекшелігі жағынан бір-біріне ұқсайтын екі адам болмайды. Осыған байланысты дәрігер жалпы ауруды емес, нақтылы сырқатты, жеке адамды емдеуі керек. Жеке адам туралы айтқанда, әрине, оның физикалық және психикалық құрылысы ерекше еске алынады…..

Психология | Жеке адамдардың қалыптасуы мен дамуы

Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшеі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады. ….

Психология | Жеке адамды қалыптастыру

Қоғамдағы тәлім — тәрбиенің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау — жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсатты.Еңбек — адамның іс- әрекетің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс- әрекеттің екінші түрі — оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын- адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл – қозғалыстарың жетілдіреді ….

Психология | Жеке адам және оның психологиялық табиғаты

Әлеуметтік қатынастар субъекті өрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам — жеке адам болып сипатталады.
«Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолданымымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін — «адам» түсінігі қамтиды. Адам — өмір дамуының ең жоғары деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын андататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туыңдысы ретінде — дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. ….

Психология | Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығын және іс — әреет түрлері

1. Адамның қажеттілігімен мұқтаждығын және іс- әрекет түрлері.
Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады. Еңбек адам тіршілігінің бірінші қажеттілік. Сондықтан қоғамдағы тәлім — тәрбиенің өзекті мәселесі — адамды еңбек ету қажеттілігіні баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыда даярлау — жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек адамның іс — әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өніріудің қайнар көзі. Іс — әрекеттің екінші түрі – оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. ….

Әдебиет | АЛТЫН АДАМҒА ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛСЕК

“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра¬жа¬йын ашуға байланысты былтыр күз¬де Президент Әкімшілігі Бас¬шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр¬аға¬сы Мәулен Әшімбаевтың ар¬на¬йы келіп, Алтын адам табыл¬ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт-қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағ¬дар¬ламасына байланысты Пре¬зидент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерт¬кіш¬терді жаңғырту жұ¬мысы ерек¬ше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс… Ол жұмыстар¬дың біт¬кен¬¬нен кейінгі тағдыры қандай бол-мақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-ша¬шық тас¬тап кетеміз бе?”, – деп, қын¬жыла ескерткен болатын.
Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүр¬гізілген археологиялық жұ¬мыс¬¬тарға көңілі толмайтыны ай¬қын аңғарылады. Алайда Елба¬сы¬ның сол ескертпесін қатаң бас¬шы¬лыққа алған-алмағанымыз әлі белгісіз. Академик Досмұха¬мед Кішібеков: “1969 жылы Ал¬маты облысының Есік қаласы¬на жа¬қын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген “Ал¬тын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Еги¬пет¬тегі Тутанхамоннан кейін¬гі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, – дейді (“ЕҚ”. 31.10.07). Бірақ, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін сол “екін¬ші үлкен ғылыми жаңалық¬қа” лайық ұлттық шара жасай ал¬ған жоқ едік. Енді, міне, “Мә¬дени мұраның” шарапаты бұған да тиіп, ол шара екі жыл көле¬мінде жүзеге асатын болып жатса және газет: “Бұл істе әрбір ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс”, – деп, қамқор болып жатса, қалай қуанбассың!
Бірақ, соның жақсы бітуін де осы бастан жан-жақты ойлас¬тыр¬ған жөн. Ол үшін ең әуелі, ме¬ніңше, Президент айтқандай, мұ¬ның “құрылыс емес, ғылыми жұ¬мыс” екенін есте ұстау қажет. Сон¬дықтан, қорық-мұражайды са¬лу жұмысымен қабат оның ғы¬лы¬ми-зерттеу жағын да тереңде¬туге тиіспіз. Сонда ғана әлемдік мәні бар тарихи мұражайымызды өзгелерге лайықты дәрежеде таны¬тып, өз деңгейінде дәріптей аламыз. Сол іске азды-көпті кө¬мегі тие ме деген ниетпен бірер пікір айтпақпыз.
Президент “Мәдени мұраға” қатысты Отырарды мысалға кел¬тірсе, мен Бесшатырды мысалға келтірмекпін. Алтын адам Іленің бір жағалауынан табылса, Бес¬шатыр келесі жағында жатыр. Қа¬зір ғалымдар екеуін де сақ дәуі¬рі¬нің ескерткіші дейді. Бес¬ша¬тырда ғалым К.Ақышевтың ай¬туынша, 26 шаршы километр жерді алып жатқан 31 оба бар. Соның он сегізін 1957-1961 жыл ара¬лығында ғалым Кемал Ақы¬шев қазып, зерттеген. “Бесшатыр қабірі өз заманында ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірінен саналған. Ол үш бөлімнен тұра¬ды: дәліз, ауызғы бөлме, қа¬бір”, – дей келіп ( “Ертедегі ес¬керт¬¬кіштер елесі”. Алматы, 1976. 31-бет)., “Бесшатыр ескерткіші Іле аңғарын мекендеген сак-тиг¬ра¬хаудалар тобына жататын тай¬па¬лардың қасиетті герросы бол¬ған¬дығына (патшалары мен кө¬сем¬дерін жерлейтін арнайы орын – Б.Н.) ешқандай дау жоқ”, – деп тұжырымдайды (Сонда, 38-бет). Алайда, ол обаларда зерт¬тейтін қазір ешқандай кейіп те, зат та жоқ, тек ашық-шашық жат¬қан тастар мен топырақ қана қалған…..

Биология | Адамның шығуы мен қалыптасуы

Адамның тегі. Эволюциялық теория. Философиялық антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. antropos — адам, genesis — шығуы) деп аталады.
Саналы адам (пото sapiens) осыдан 50 мың жылдай бұрын қалыптасты. Ол адамның тарихы Жер бетінде алғашқы тік жүруші адамдар пайда болған осыдан 1,5—2 млн жыл бұрынғы тарихтың койнауына кетеді. Бұл Шығыс Африкада бірнеше себептердің түйісулеріне байланысты орын алған. Бұл туралы ғалымдар арасындағы пікірталас осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Бұлардың қатарларына климаттың, планетамыздың радиациялық фонының өзгеруі, жақын ғарыштың Жерге әсері болуы да мүмкін.
Эволюциялық теорияның негізін қалаушы Чарльз Дарвин (1809— 1882 жж.) адамның ата-тегі мен жануарлардың дамуын айқындаушы факторлардың ортақтығына, адам мен приматтардың дене тұрпаттарының ұқсастығына баса назар аударған. Бірақ казіргі заманғы ғалымдар адамның дамуы мен қалыптасуына әсер еткен факторлар ретінде әлеуметтік және мәдени-тарихи тұрғыларға Дарвин көбірек маңыз береді.
Соның өзінде де тұқым қуалаушылық ерекшелігіндегі биологиялық факторды ешкім жоққа шығармайды. Демек, адам эволюциясында табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар өзара әрекет етеді.
Бұл үдеріс, шамасы, ұзаққа созылған болуы керек. Мұнда секірістер де, бір сарынды даму да болған. Адам тәріздес маймылдардың эволюциясында көптеген бағыттар тұйыққа тіреліп, олардың өкілдерінің (мысалы, неандертальдықтардың) жойылуымен аякталған.
Философиялық антропология үшін эволюция үдерісінде адамның бас сүйегі мен ми көлемінің ұлғаюы маңызды айғақ болып саналады. Бұл көп жағдайларда жануар ақуызы бар азық-түліктерді тамаққа пайдалану нәтижесінде іске асқан. Ең алдымен, қабығы жаңа байланыстармен байып дамыған. Осылардың нәтижесінде сөйлеу, ойлау және еңбек әрекеттері үшін алғышарттар қалыптасқан.
Сөйтіп, табиғи даму адамның аман қалуы мен жетілуінің түбегейлі жаңа, биология мен табиғаттан тыс төсілінің пайда болуы үшін негіз қалады. Бұл тәсілдің аты адам мәдениеті. Мұның мәнісі — ақпарат арналары арқылы адамдардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін және сөзбен жететін нәрсенің барлығын беру болып табылады. Сөйтіп, адамда оның өмірі мен әрекетін қамтамасыз ететін екі арна бар:
1) биологияльщ дамудың негізінде жататын генетикалық;
2) адамның ерекшеліктерін білдіретін мәдени-лингвистикалық.
Адамның еңбекке, өндіруге қабілеттілігі сияқты маңызды ерекшелік сипатына осы екіншісі себепкер болып, адам қоғамының шығуына тікелей әсер етеді. Бұл «еңбек теориясында» кеңінен түсіндіріледі. ….

Биология | Адамның тірек қимыл жүйесі қызметінің ерекшеліктері

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор.
Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.
Адамның қаңқасы. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды.
Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады. Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардың және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға қарай, екеуі- артқа қарай иіледі (48-сурет).
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын өзегін түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады. Омыртқа доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі қарама-қарсы, екі жоғарғы және төменгі буын өсінділері….

Психология | АДАМНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой — әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым – қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде – ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде« деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс — әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты…..

Биология | Адамның пайда болуы

Грекше антропос адам логос ғылым деген сөзден құралған антропалогия адам жөніндегі ғылым деген ұғымды білдіреді.
Антропалогияның әсіресе адамның пайда болуы туралы мәселені нақтылай түсудегі орны ерекше.Бұл ғылым арқылы ежелгі адамдар-дың бас сүйектеріне қарай отырып олардың сөйлеу ойлай дәрежесі туралы пайымдаулар жасалынады. Сүйектін қалдықтары бойынша адамның ауру әки сау болғандығы, тіршілік ортасы туралы да мәліметтер алуға болады.
Сонау ежелгі замандарданақ озық ойлы, білімді адамдар адамдар-дың маймылдарға ұқсас екендігін байқаған. Мысалы, ұлы ойшыл Аристотель маймылдардың дене құрлысын зерттеп, олардың адам-дарға ұқсас екендігін айтты.Ал келесі бір табиғат тарихы туралы көлемді еңбек жазған Үлкен Плиний атты ғұлама:”Маймылдардың барлық түрі басқа жануарларға қарағанда адамға жақын”деп жазған екен.
XVIII-XIX ғасырларда өсімдіктер мен жануарлар туралы еңбектер жарық көрді. Маймылдардың бірнеше түрі анықталды.Олардың дене құрлысы, қабілет-қасиеті зерттелді.Бұл зерттеулердің көбі маймылдар-дың адамға ұқсас екенің көрсетті. Тіпті, Жан Ламарк атты қылмысты маймылдардың бірте-бірте дамудың барысында адамға айналуы мүл-кін деген пікір айтты.
Бұл кезеңде адамдардың дене құрлысы, денсаулығы туралы да ғылыми түсініктер дами түскен еді. Ол түсініктер де адамның май-мылға ұқсастығын дәлелей түсті. Атақты қылмысты Чарлз Дарвин маймылдардың ең жетілген, дамыған түрі бірте-бірте адамға айнал-ды деген тұжырым жасаған. Осылайша адамдардың дене бітімін басқа жан-жануарлармен салыстыра зерттеу басталды. Соның нәтижесінде адамдардың басқа жан-жануарларға қарағанда маймыл-дарға өте ұқсас екендігі туралы пікір кең таралды. Алғашқы адамдар-дың қалыптасуы, тұрмыс-тіршілігі туралы болжаулар мен көзқарастар жүйесі пайда болды. Ол бойынша адамдардың қалыптуы төменде-гінше сипатталды.
Ең алғашқы адамдар маймылдар сиақты болғанымен, олардан ерекше еді. Маймылдар тәрізді үсті-басын жүн басқан олар тобыр-тобыр болып тіршілік етті. Бірақ маймылдар сияқты ағашта емес, негізінен, жерде мекендеді. Тік жүре алатынды. Бұл алғашқы адамдар-дың басқа жануарлардан, маймылдардан да артықшылығы еді. Қолы-мен жеміс жеріп жеді. Тастан, ағаштан, сүйектен еңбек құралдарын, қарулар жасады. Сөйтіп еңбек ете бастады. Бұл олардың басқа жануарлардан үлкен ерекшелігі болатын. Соның арқасында ойлау қабілеті артты.
Тобыр болып жүргендіктен бір-біріне бір нәрсені айту, түсіндіру қажеттігі пайда болды.Одан сөз бен сөйлеу келіп шықты. Ойлауы мен сөйлеуінің арқасында алғашқы адамдардың миы жетіле түсті. Ал мидың дамуы олардың дене құылысын, әсіресе, сезу, есту, көру мүшелерін дамытты. Сөйтіп, замандар өте келе саналы адамдар қа-лыптасты.
Адамдардың пайда болуы туралы ғылыми түсініктер жүйесі осын-дай еді. Әр түрлі ғылым саласының мамандары бұл жүйені дұрыс деп есептеді. Бірақ ол кезде әлі де нақты, дәлелді деректер болма-ды. Кешікпей ондай деректер табылды да…..

Биология | Адамның қалыптасу тарихы

Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі,сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады.Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқаан анатомия-физиялогиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Сонымен,адам дегеніміз биологиялық,психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеументтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес,олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.
Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам» , «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады.Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір .
Адам туралы түсінік түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам-бұл, ең алдымен,Нomo Sapuens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі.Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар,ягни ол сыртқы ортаның мәнін де,өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.Адам биологияльқ тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын…..

Биология | Адамның иммундық тапшылық вирусын қоздыратын инфекция

Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы немесе AIDS ( ағылшын сөзінен Acquired Immunodeficiency Syndrome) – көбінесе иммунды жүйенің зақымдануымен сипатталатын АИВ адамның иммунды – тапшылық вирусы немесе HIV ( HIV ағылшын сөзінен human immunodeficiency virus ) – мен тудыратын ауыр сырқат. Ауру клиникалық көрінісінің полиморфтылығымен, ұзақ ағымымен, жоғарғы өлім — жітімділігімен сипатталады. АИВ-ны 1983 жылы бір уақытта және бір біріне тәуелсіз Американ ғалымы Р.Галло мен Франция зерттеушісі Л.Монтанье ашты.
Антигендік құрылымы. АИВ–ның серологиялық қасиетін көрсететін бірқатар беткейлік (gp 106, gp 120, gp41) және жүрекшелік (р 24, р 18 және т.б.) антигендері бар. Қазіргі уақытта вирустың 2 антигендік және құрылымдық түрі ажыратылады: АИВ -1, АИВ-2-нің айырмашылығы құрамында gp140, gp105, gp36 болады. Осы ерекшеліктер АИВ-1 және АИВ-2 қоздыратын аурудың ағым айырмашылығына негіз бола алады. Негізгі антигендер науқас адамдарда антидененің түзілуін тудырады. Алғашқыда gp120, gp41-ге, сосын р24-ке антиденелер пайда бола бастайды, олар қанда ұзақ сақталады.
АИВ грипп вирусынан өзгергіштігінен жүз және мың есе артық болатын өзіне тән антигендік өзгергіштікке ие, және де осы қасиет басқа вирустарға қарағанда оның транскрипциялануының жылдам жүруімен де байланысты. Ең кең тараған түрі АИВ-1 өзгергіштік қасиетке ие болғандықтан, 10-ның астам генотиптерге ие(субтиптері: А,В,С,Д,Е,F ж.т.б.). Олардың ақуыздық құрамына кіретін амин қышқылдары 25-30% өзаралық айырмашылықтары бар. Субтиптің ішінде құбылмалы деңгейі 5-20% құрайды.
Инфекцияның жұғу жолдары.
Табиғи жағдайда жұғу жолы жыныстық қатынас арқылы ауру адамнан сау адамға , сонымен қатар медициналық манипуляциялар кезінде қан арқылы тарайды және де эпидемиялық жылдам таралуға қабілетті. Ауру анасынан ұрығына және де емшек сүтімен қоректенгенде баласына жұғады. АИВ – инфекция көбінесе қауіп- қатер тобына кірушілерде (жезөкшелерде, гомосексуалистерде, наркомандарда) дамиды. Осы топқа гемофилияны да жатқызуға болады. Кейбір жағдайларда АИВ инфекциясы осы инфекция жұққан донорлардың қанын құйғанда немесе кәсіпке байланысты(хирургтарда, акушер-гинекологтарда) дамиды. Клиникасы бойынша АИВ-инфекциясы да басқа индекциялар сияқты бірнеше кезеңнен өтеді:
1. Жасырын кезеңі
2. Алғашқы белгілердің пайда болу кезеңі
3. Екіншілік аурулар кезеңі
4. Соңғы кезеңі
Аурудың жасырын кезеңі басқа инфекцияларға тән жалпы өзгерістермен сипатталады. Аурудың алғашқы белгілеріне лимфа түйіндерінің, әсіресе бірнеше аймақта жатқан бездердің, бір мезгілде үлкеюі (лимфоаденопатия) тән. Бұл кезде АИВ вирусына қарсы антиденелер анықталады. Аурудың екінші кезеңі 3-5 жылға созылады. Аурудың үшінші кезеңі үшін иммундық жүйенің бұзылып, екіншілік инфекциялардың дамуы тән. Алғашында кандидоз, фурункулез, герпес, белдемелі теміреткі дамиды. Төртінші кезеңді ЖИТС деп атайды. Бұл кезеңде ЖИТС – ке тән Капоши саркомасы, пневмоцисталы пневмония өріс алады және басқа да оппортунистік инфекциялар байқалады. ….

Биология | Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар

Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайы әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж. 1млн адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды басқа аурулар бойынша да келтіруге болады.
Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі, әлеуметтік өзгерістердің аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан мәдени эволюцияның көрсеткіші болып табылады. Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды. Егер жануарлар үшін табиғи сұрыпталу эволюцияның басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.
Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады. ….

Биология | АДАМЗАТ ПОПУЛЯЦАСЫ

Адамзат популяцасы деп ұзақ уақыт бір аумақты мекендейтін және еркін некелесетін адамдар жиынтығын айтады. Ол эколгиялық (демрграфиялық) және генетикалық тұрғыда сипатталады.
Популяцияның экологиялық сипаттамаларына оның сан мөлшері ,жас мөлшерінің ара қатынасы,жыныстық құрамы ,мекендейтін аумақ және т.б. жатады.
Адамзат популяциясы жеке адамдардан құралады,сондықтан олардың сан мөлшерін білудін манызы зор.Кез келген популяциясы сан мөлшері особьтардың туу және өлу жилігіне байланысты.өз ққұрлымын сақтау үшін популяцадағы туудың жилігі әрбір некедегі әйелге 2,5-3 баладан келуі керек. Бірақ сонғы кезде туу жиілігі әлдеқайда төмен,мысалы,Еуропада ,АҚШ және Канадада-1,9;Қазақстандағы нәрестелер туужилігі3,0,бірақ сонғы жылдары төмендеуде .Басқа ТМД елдерінде Украина мен Молдавияда -2,5,Армения мен Ресейде -2,5-нан төмен,Тәжікстан,Түркменстан,Өзбекстанда -5,0 .Өлім жилігіне келетін болсақ :медицинаның (микробиологияның, иммуналогияның) жетістіктеріне және әлеуметтік позитивтік өзгерістерге байланысты,аса қауыпты инфекциялық аурулардан адамның өлуі жилігі күрт төмендеді .Ол аурулар эпидемияларының кздесуі азайды ,мүлдем жоқ деуге де болады.Адамзат өмірінің ұзақтығы дамыған ел популяциясында орта шамамен 20жасқа ұзарады.(Кваша,1980 ж) ,ТМД елдерінде әрбір 10 мың адамның -12,3-і 90 жастан және 0,8-і 100жастан асқан қарттар. Туылуы жилігі азайғанымен ,өлім жилігінің азаюына және өмір сүру ұзақтығына байланысты эконоикалық дамыған елдер популяциясының сан мөлшері тұрақты сақталуда .
Адамзат популяциясы құлымының сақталу құрамындағы особьтардың жас мөлшеріне де байланысты. Сондықтан популяцадағы адамдарды репродуктивтік кезенге дейінгі ,репродукттивтік кезендегі және пострепродуктивтік кезендегілер деп топтайды. Болашақ популяцианың құрамын анықтауда репродуктивтік кезендегі особьтар үлкен рөл атқарады .Олар 18-20 жастан 40-45-ке деінгі адамдар .
Пререпродуктивтік және пострепродуктивтік кезендегілер популяцияның жалпы санына енгенімен келесі ұрпақтың фенотиптік және генотиптік құрлымын анықтай алмайды…..

Биология | АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.
Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .

Тарихи кезеңдер Археологиялық кезеңдер Палеоантропологиялық кезеңдер
Алғашқы қауым кезеңі Төменгі (100) және ортаңғы палеолит
(45-40) Архонтроптар мен
палеонтроптар
кезеңі
Алғашқы қауымдық
Туыстық
қауым
кезеңі Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі Жоғары палеолит
(12-10) және
мезолит (8) Неонтроптар
кезеңі
Кейінгі алғашқы қауым Неолит (5) Энеолит немесе ертедегі металдық ғасыр
(4,5 –5)
Таптар түзілу кезеңі Қола (3)
Темір
Атом ғасыры (ХХ ғасыры)

Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды.
Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері — өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.
Алғашқы қауымдық кезең — қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады…..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *