Адамзат баласы ??ндылы??а м?дделі ?рі м??таж эссе жазу

Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж

Объяснение:

Адам өзгерді, онымен қоса заман да өзгерді. Абай, Мұхтар, Мағжандар мен Бауыржандарды оқысаң, адмазаттың құндылығы деп біреуі тілін, біреуі ұлтын, біреуі жерін, біреуі адами қасиетін санады. Біз өз құндылығымызды түсінбей, зардап шегудеміз, біз соған мұқтажбыз.

Қазіргі таңда адамдардың, туғаның, көршің, досың болсын бір-біріне қол ұшын созудың өзі бір ерлік. Неге? Қазіргі таңда әр адам біріншіден, жанашарлыққа, екіншіден, сыйластыққа, үшіншіден, достыққа мұқтаж. Осының бәрі тек адами құндылық, бізді жан-жануарлардан ерекше қылатын да осы қасиеттер.

Тағы бір құндылықтардың бірі ол-тіліміз, жеріміз. Біздің ел қаншама пайдалы қазбаларға бай, көздің жауын алады. Тілімізді қадірлемей, өзге тілде сөйлеуге тырысамыз, Жеріміздің қаншалықты керемет екенін түсінбей өзге мемелекеттерге кетуге асығамыз. Неге? Қазақ тілі- өте бай тіл. Мақалдап, өлеңдетіп сөйлегенде, бір қанаттанғандай сезім кешіге болады. Бурабай- екінші Швейцария, Алатаудың таулары көз тоймайтын кереметтердің бірі.

Қазіргі таңда жастарға рухани, мәдени құндылықтарды түсіндіріп, алға жетелу үлкендердің міндеті.

Светило науки — 21 ответ — 0 раз оказано помощи

Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж

Объяснение:

Адам өзгерді, онымен қоса заман да өзгерді. Абай, Мұхтар, Мағжандар мен Бауыржандарды оқысаң, адмазаттың құндылығы деп біреуі тілін, біреуі ұлтын, біреуі жерін, біреуі адами қасиетін санады. Біз өз құндылығымызды түсінбей, зардап шегудеміз, біз соған мұқтажбыз.

Қазіргі таңда адамдардың, туғаның, көршің, досың болсын бір-біріне қол ұшын созудың өзі бір ерлік. Неге? Қазіргі таңда әр адам біріншіден, жанашарлыққа, екіншіден, сыйластыққа, үшіншіден, достыққа мұқтаж. Осының бәрі тек адами құндылық, бізді жан-жануарлардан ерекше қылатын да осы қасиеттер.

Тағы бір құндылықтардың бірі ол-тіліміз, жеріміз. Біздің ел қаншама пайдалы қазбаларға бай, көздің жауын алады. Тілімізді қадірлемей, өзге тілде сөйлеуге тырысамыз, Жеріміздің қаншалықты керемет екенін түсінбей өзге мемелекеттерге кетуге асығамыз. Неге? Қазақ тілі- өте бай тіл. Мақалдап, өлеңдетіп сөйлегенде, бір қанаттанғандай сезім кешіге болады. Бурабай- екінші Швейцария, Алатаудың таулары көз тоймайтын кереметтердің бірі.

Қазіргі таңда жастарға рухани, мәдени құндылықтарды түсіндіріп, алға жетелу үлкендердің міндеті.

Жаратылыстану-метематикалық бағыттағы эссе

жиынтығы


  1. «Адамзат баласы құндылыққа мүделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты өз көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз

Құндылықтардың не екенін білгенде

шешім жасау қиын емес.

Рой Дисней

Құндылық деген сөздің өзінің астары қандай терең десеңізші… Бұл ұғымға философиялық тұрғыдан, адами көзқараспен қараған дұрыс деп ойлаймын. Құндылық сөзінің түбірінің өзі бұл ұғымның тереңдігін ашып көрсететіндей. Құндылықтардың өзі материалдық құндылықтар, рухани құндылықтар болып ажырайды, дегенмен, адам өміріндегі ең маңызды әрі ең басты құндылықтар деп мен жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды атар едім. Адамзат баласы құндылықсыз өмір сүре алмайды және кез келген адам құндылыққа мүделі әрі мұқтаж. Мен, жеке тұлға ретінде, құндылыққа неге мүдделі және мұқтаж екенімнің себептерін түсіндіріп көрейін:

Біріншіден, «Біз Тәуелсіздікті ұлтты сақтау мен өркендетудің түп негізі ретінде, аса ұлы құндылық ретінде қарастырамыз» — деген Н.Назарбаев өз сөзінде. Расымен де, тәуелсіздік – халқымыз үшін Тәңірден келген ең тәтті сый, ең маңызды әрі баға жетпес құндылық. 1991 жылға дейін біз осы құндылыққа мұқтаж болдық. Ал қазіргі уақытта оны сақтау, қадіріне жету, тұғырын биіктету – «тәуелсіздік» атты ұлы ұғымның алдындағы ірі міндетіміз.

Екіншіден, әр адамның жеке басына тән құндылықтар – ниет құндылығы, тәрбие, білім секілді құндылықтар «адам» атауынан мүлде бөліп қарауға болмайтын, ең маңызды адами құндылықтар санатына жатады. Ниеті түзу адамның – ойы түзу, тәрбие құндылығы – кез келген адамның сүйкімін келтіріп, «адам» дәрежесінен «тұлға» дәрежесіне өсірсе, білім құндылығы – көкірегі ояу, көзі ашық тұлғаның сипатты белгісін танытады. Осы үш құндылыққа біз расымен де мүдделіміз. Осы үш құндылық бір адамның бойынан табылар болса, нақ сол адамды кемел адам дер едім.

Үшіншіден, иман, мейірім, қайырымдылық, адалдық кемелденген адам бойындағы ең маңызды рухани құндылықтардың өзегі. Себебі, әр адам мейірімге мүдделі, әр адамның иманы – жиғаны, қайырым қылу – адам бойындағы гуманизмнің ең басты көрсеткіші. Дәл осы құндылықтар туралы Жүсіп Баласағұн «кір тигізбей ұста ойыңның өресін,мейірім етсең – мейірімділік көресің» деп, мейірімділікке аса мән берсе, «мейірімділік, адалдық, махаббат, қайырымдылық ақ жүректен шығады» — деп Шәкәрім Құдайбердіұлы осы құндылықтардың ақ жүректі адамдарға тән қасиеттер еекеніне баса мән береді. Демек, адам атауына лайық болу үшін осы құндылықтарды бойымызға сіңіре білуіміз керек екені даусыз.

Қорытындылай келе, құндылықтар дегеніміз – адамның бүкіл бір саналы ғұмырында ар мен адамгершілік сипаттардың арасында ғұмыр кешетін, адамзат балаасы түгелдей мүдделі саналатын рух кемелдігінің бөлшегі.

Достарыңызбен бөлісу:


Подборка по базе: Атаңның баласы болма.docx, Атаның баласы болма.docx, Адам баласын ежелден.docx, Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі.docx, 1. Сізге 1 жасар баланы_ анасы баласыны_ т_бетіні_ нашарлауына, , Сізге жасар баланы_ анасы баласыны_ т_бетіні_ нашарлауына, _лжуа, 5.2.4 Индивидуальное задание – написание эссе по теме «Производн


  1. «Адамант баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз

Негізгінен бірінші құндылық деген сөз не екеніне тоқтала кетейін.

Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз — жан-дүниеміздің құндылықтарына. 

Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады.

Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның h жақсы көретін құндылықтары.

Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында.

Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз — құндылықтың бір түрі.

Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар.

Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар.

Ал енді сол реніш пен ашуға келдік, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін. 

Әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді. 

Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені, ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты.

Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз

2«Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен. Әсіресе, сөз сайысына келгенде, олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңғалдырады. Олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады», — деп айтқан В.Радловтың пікірімен қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ерекшелігін өз ойыңызбен сабақтастырып, эссе жазыңыз

Шешендік сөздер қашанда  халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында болды.

Шешендік сөздердің мән — мағынасын дұрыс түсініп, ой елегінен өтізген әрбір жас тіл мәдениетіне жеңіл — желпі қарамайды. Дұрыс сөйлеп, ойын дұрыс жеткізе алады. Жүйелі сөз саптау, таза мазмұнда сөйлей білу қашанда керек құбылыс.

Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі мен дүниетанымын дамыту керек. Қазақ халқы қай заманда да сөйлеу өнерін жоғары бағалаған. Бұл жол арымай — талмай шешендік сырын зерттеуді, көл — көсір жаттығуды, мол білімді, ой — өрісі мен мен қиял кеңістігін қажет ететіндігін анық білген.

Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. «Өнер алды — қызыл тіл», — дейді қазақ мақалы. Абай: «Тіл өнері — дертпен тең», — деген. Қысқасы, халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге баулып, осы жолда қайталанбас мұра қалдырған.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнер. Шешендік өнер — ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, бізге халық жадында сақталып жеткен.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған.

Қонақта, немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жасаған, кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған қыз — бозбалар жаттап алып, жүрген — тұрған жерлерінде, ойын — жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне қарай жаңартып — жаңғыртып отырған.

Шешендік сөздер — біздің асыл мұрамыз, қазынамыз, байлығымыз. Шешендік сөздер аяқталған тұжырымды ой арқылы алуан адамгершілік қасиеттерге, ұлттық тәрбиеге баулиды. Шешендік сөздер ертегі — аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып, бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер болған.

Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.

Шешендік сөздер — халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой — өрісін белгілейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қалайда жетемін деген сенімнен айрылмаған.

Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір — бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік,

реніш тұсында жұбатушылық қызметін атқарған.Белгілі халық шешендері мен есімдері белгісіз дана қарт, шешен әйел, тапқыр бала, жарлы жігіттер атынан айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиет — шешендік тапқырлығымен қатар әділдігі, ойының айқындығы және халықтың сипаты.

3«Қаныш Сәтбаев – ұлттық индустрияны дамытуға еңбек сіңірген ұлы тұлға» тақырыбында ақпараттық мәліметтерді пайдалана отырып, өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.

Сәуір айының 12-і күні – даңқты жерлесіміз, еліміздің ғұлама геолог-ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері, академик Қаныш Имантайұлының туғанына 120 жыл толды.

Ол –  Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.

Біздің мектеп кітапханасының оқу залында 1-8 сынып оқушыларына арналған «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ ғылымының атасы» атты әңгіме-шолу, көрмелер, бейне-фильмдер көрсетілімдері болып өтті. Оқушыларға Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ұлт тарихында ғылымның негізін қалаған көрнекті геолог-ғалым ретінде ғана емес, сондай-ақ өз заманының асқан сөз шебері, ойшылы және белгілі қоғам қайраткері ретінде де ерекше орын алатыны анық.

Қазақ тау-кен ісінің бастау алып, жер қойнауын зерттеу ісінің қалыптасуы, Жезқазғанның дамуы академик Қ. Сәтбаевтың есімімен қаншалықты тығыз байланысты болса, ғалымның ғылыми еңбек жолы еліміздің экономикалық және рухани түрде дамуымен да соншалықты тығыз байланысты екені, Сәтбаев есімімен тіпті ғарышта «Сәтбаев» 2402 планетасы,  жерде «сатпаевит» жаңа минералы аталғаны баяндалды.

Өткізілген іс-шаралар мазмұнымен оқушыларды туған жері мен еліне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеп, бойларында патриоттық сезімді әрі қарай дамытып, өз өмірін геология, тау-кен ісімен және металлургиямен байланыстырғысы келетін жас ұрпақ үшін көрнекті ғұлама ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі үнемі үлгі болып қала бермек деген сенімдеміз.

Осы тұста ұлтымыздың бетке ұстар азаматы Қаныш Сәтбаевтың ғылым дамуына қосқан үлесі мен еңбек жолы кейінгі буын мен еліміздің жас ғалымдары үшін қоғамдық сананы жаңғыртудағы негізгі бағдар болып қала бермек, – деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов пленарлық отырысты ашты.– Бүгінде қос мемлекет арасындағы екіжақты қатынастар стратегиялық әріптестік бағытында дамып жатыр. Тәжікстан Үкіметі халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа, инновациялық зерттеулерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қаныш Сәтбаев сынды ғылыми қайраткерлер өз еңбектерімен елдеріміз арасындағы ғылыми ынтымақтастық негізін қалап, оның дамуына теңдессіз ықпал етті. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ ғылымын әлемдік деңгейге көтерді. Ғасырлар өткен сайын ұлы ғалымның есімі кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі жаңғыра бермек. Қ.Сәтбаевтың есімі Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымының даму тарихымен ғана емес, сондай-ақ республикадағы бүкіл халық шаруашылығының, барлық экономикалық және мәдени өмірінің қалыптасуы және дамуымен тығыз байланысты. Тәжікстан Ғылым академиясы Қ.Сәтбаевтың есімін ғылыми жетістіктері, ғылымға және мемлекеттік қызметке сіңірген еңбегі үшін мәңгілік ардақтайды, – деді Елші мырза. Сонымен қатар, ғалымның ғылым саласына, ғылыми-ұйымдастырушылық және мемлекеттік қызметке сіңірген еңбектерін ескере келе, Тәжікстан Ғылым академиясы Геология, сейсмикалық берік құрылыс және сейсмология институтының ғимаратында академик Қ.И. Сәтбаевқа арнап мемориалдық белгі орнатылғанын хабарлады.

4. «Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қосамын?» тақырыбында өз ұстанымыңызды дәлелдеп жазыңыз

Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы кезеңде Қазақстан жаппай индустрияландыруға бағыт алды. Негізгі даму бағыты өңдеу өнеркәсібі болды, кейін ол елімізде өнеркәсіптің өсуінің негізгі драйверіне айналды. Индустрияландыру жылдары мыңдаған жаңа заманауи жоғары технологиялық өндірістер құрылды, олар жаңа өнімдердің жүздеген түрлерінің шығарылуын қамтамасыз етіп, мыңдаған жұмыс орындарының құрылуына ықпалын тигізді. Индустрияландыру күні қарсаңында РrimeМinister.kz  редакциясы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы индустриялық саясатының іске асырылуы туралы шолу әзірледі. 2010 жылғы индустрияландыру және қазір: бәрі неден басталды Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы (2010-2014) бағдарламасы аясында мемлекет өнеркәсіптіғ ауыл шаруашылы мен қызмет көрсету секторын қос алғанда, экономиканың барлық негізгі секторларын таргеттеді, Бұл кезде бағдарламаның мақсаты әлемдегі дағдарысты жағдайларға қарамастан, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. ҮИИД МБ (2010-2014) кәсіпкерлікті және ШОБ дамыту, өнеркәсіп инфрақұрылымы, жұмыспен қамту, қолайлы инвестициялық ахуал жасау тәрізді мемлекетті дамытудың жалпы жүйелік бағыттарының басым бөлігі енді. Бұл бағдарламада шикізаттық сеткорды, инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, өнеркәсіптің барлық салалары қамтылды, осылайша, басымдықтарының кең ауқымы нақтыланды. Сонымен қатар, бірінші бесжылдық аясында экономиканы әртараптандыру процесін іске қосу үшін маңызды базалық алғышартар қолға алынды — «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «2010 – 2014 жылдарға арналған инвестициялар тарту, арнайы экономимкалық аймақтарды дамыту және ҚР-да экспортты ынталандыру бойынша бағдарлама» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» ҚР Заңы тәрізді заңдар қабылданды. Сонымен қатар, 50-ден астам заңға түзетулер енгізілді. Бұл жылдары көптеген инфрақұрылымдық мәселелер шешілді: 4 мың шақырымға жуық автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды («Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Орталық-Оңтүстік және Орталық-Шығыс 2 транзитттік дәлізі), 1700 шақырымға жуық теміржол салынды (Өзен–Түрікменстанмен мемлекеттік шекара, Жетіген–Қорғас, Бейнеу-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл), 13 арнайы экономикалық аймақ пен 23 индустриялық аймақ жұмыс істей бастады. Бизнесті қолдау үшін «Өнімділік — 2020», «Инвестор — 2020», «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламалары қабылданды. Ондаған жаңа қолдау құралдары әзірленіп, іске қосылды: жеңілдікті несиелер және лизинг, инновациялық, экспорттық гранттар, сервистік қолдау және т.б. Бүгінде жеке кәсіпкерлерге 100-ге жуық қолдау құралдары қолжетімді. Екінші бесжылдық (2015-2019) сыртқы экономикалық шоктарға аса төзімді және қазақстандық экономика үшін “қауіпсіздік төсемі” болу әлеуеті бар сектор ретінде нақты өңдеу өнеркәсібіне бағдарланды.  Бұл бесжылдық аясында өңдеу өнеркәсібінің 14 басымдықты секторы айқындалды, қолдау құралдары соларға бағытталды. Бағдарламаны іске асыру Қазақстан экономикасы үшін бірқатар оң қорытындылар әкелді. Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортталатын тауарлар номенклатурасы 21%-ға артты. Аккумуляторлар, темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған жазық илем, қоспасыз алюминийден жасалған сым тәрізді жаңа экспорттық тауарлар пайда болды. 2010-2018 жылдары өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін негіз жасалды. Мәселен, 7,9 трлн теңге сомасына 1250 жобаны іске асыру және Global-2000/ТҰК тізімінен 29 инвесторды тарту  нәтижесінде жаңа өсу көздері пайда болды. 35 кәсіпорынды жаңғырту, экономиканың жаңа бағыттары мен экспорттық және инновациялық әлеуеті жоғары жаңа тауарлардың пайда болуы арқылы тиімді базалық индустрия құрылды. Индустрияландыру арқылы өңдеу өнеркәсібіне 7,5 трлн теңге тартылды ИИД МБ екі бесжылдығы іске асырылған жылдары өңдеу өнеркәсібіне 7,5 трлн теңге тартылды (ИИД МБ-1 кезеңінде – 3 трлн теңге, ИИД МБ-2 кезеңінде – 4,5 трлн теңге). Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға 4,5 трлн теңге сомасындағы инвестициялар жоспары орындалғанын атап өткен жөн.

  1. Өзің өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма? Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз.

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс — әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы — ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым – қатынастарын, сандық және сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді. Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардын ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратын анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. Осындай көрініс біздің қалаға тән құбылыс.

Осындай құбылыстардын қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері, өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кздеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі – тұман деген мағына береді. Фотохимиялық тұман өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай – ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес шет елдің мемлекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде – бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыру емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшіріп, сынақ өткенше бір жеті халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді – кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды – жасылды оттарды көріп тамашалаған. Сол адамдардан күні бүгін біреуі де қалмай барлығы өліп қалған. Қазіргі кезеңде адамның экологиялық ортасы — қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қала ортасы адамның басты санасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, тұрмыстық химияландырылуы, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы.

Осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиға жағдайда өткізуге тырысады. Адамның денсаулағының төмендеп ауыруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауы мен қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде ір түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Көптеген қалалар экологиялық апат аймағы деген мәртебеге ие болған. Соның ішінде Өскемен қаласын алуға болады. Әр түрлі аурулар қаптап, балалар жарымжан болып туу да. Осының бәрі осы экологияның бұзылу себебі. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы күннен-күнге құлпырып, өркендеп келеді. Дегенмен, бұл қуаныштың көлеңкесінде қайғылы дерт тұрғанын білеміз бе? Себебі, Өскемен атмосферасы сан жылдар бойы көк түтіннен көз ашпай келеді. Мұның бәрі адам денсаулығына зиян. Қолғасынның өзін алатын болсақ, алдымен жүйке жүйесін зақымдайды, содан кейін іш құрылысындағы мүшелердің жұмысын бұзады. Адам психикасына да кесірі бар. Радикация да солай. Өкпе, жүрек сырқаттарына шалдығып, қан қысымы жоғарылаған адамдар саны күннен-күнге өсуде. Улы газға булығып өмір сүріп келе жатқан Өскемен тұрғындарының тағдыры өзі бір үлкен жағдай. Сондықтан, адам экологиясы мемлекет көлемінде талқыланатын үлкен мәселе деп ойлаймын.

6. «енің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп ойлайсың?». Көтерілген мәселеге дәлелдер келтіріп жазыңыз.

Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Ат ық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.

Ең алдымен, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты әрі салмақты түрде ойлана бастадым. Жастық шақтағы мамандығым? Алғаш естіген құлаққа ерсі естіледі екен. Себебі, жастық шақтағы мақсаттардың өзі үлкен-үлкен армандардың бастауы еді. Яғни ол кезде тек армандаумен шектелетін едік. Ал уақыт өте мүлде басқа көзқарастар, мүлде басқа пікірлер қалыптасады екен. Мен өзім жастық шағымда әйгілі суретші боламын деп, армандаушы едім. Әкем шамамен төрт жасымда алғаш рет сурет өнері мектебіне бара бастағанымның құрметіне орай, үлкен бояулар коллекциясын сыйлағанда, екі көзім домалақтанып, қалай қуанғаным әлі есімде. Бүгінде сол арманның ұшқыны қалған ба, әйтеуір бір бүйрегім суретке бұрып тұрады. Ал қазіргі мамандығым… Тіл. Ана тілім. Елімнің биік болашағы. Сауатты ұрпақ. Ойлай берсең, ойлай бергің, қиялдай берсең әсте тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі болып, өз қиялында қалқып жүре бергің келеді. Шындығында бұл асыл құндылықтар туралы, мен сияқты шынайы ойлайтындар өкінішке орай қазіргі таңда өте аз.

Мен бұл мамандыққа қалай, қашан келдім? Соңғы сұрағына нақты жауап бере алмасам да, алғашқы сұрақтың жауабын анық білемін. Поэзия, роман, лирикалық жырлар міне осылардың арқасында менің әдебиетке деген, тілге деген қызығушылығым ояна бастады. Лирикалық жырларды оқыған кезде, сезімталдығымның әсерінен болар, ерекше бір сезімге бөленетін едім. Айналадағы барлық құбылыстар, өзгерістер, қарым-қатынастар барлығыда маған тек жақсы жақтарынан көрінетін. Сонымен қатар, елі қуанса, бірге қуанып, мұңайса, бірге мұңайып өткен ғасыр ойшылдары А.Байтұрсынұлы мен Ы.Алтынсариннен бастап, қазіргі ұрпақтың қамын ойлап, ана тілімізді дәріптеп жүрген Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов және де жақын арада ғана қазақ еліне өзінің үлкен мұрасын қалдырып кеткен Фариза Оңғарсынова, Мархабат Байғұт сынды текті жазушылар мен ғұламалардың, айналамдағы мәдениеттілік пен салт-дәстүрді қатаң ұстанатын үлгілі ұстаздарымның арқасында қызығушылығым одан сайын артып, шабытым ұлғая түсті.

«Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», — деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шың жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол үшін талпыныс қажет. Алға талпыну – тыныштықты жоғалту, бір орында қалып қою – өзіңді жоғалту болып саналады. Одан соң болжау, нақты қайда бара жатырсың, не үшін бара жатырсың, соны болжалдап, нақтылап алып болған соң ғана талпынуымыз керек. Ал жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады. Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс таңдағаныма сенімдімін!

7. «Адамзат өміріне аса қауіпті факторлардың бірі – нашақорлық. Нашақорлық – адамның денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер» деген тұжырымға қатысты өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.

Өкінішке орай, қазіргі заманда нашақорлық туралы жиі еститін болдық. Бұл мәселемен қалай күресуге болады? Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі. Бүгінгі таңда, есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болады. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есіркіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады. Себептері Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Іші пысқан немесе жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы да сезінгісі келеді. Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адамдардың тарапынан махаббат пен жылулықтың болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкелуі мүмкін. Жас балалар есірткінің көмегімен, жанұядағы проблемалардан және жағымсыз эмоциялардан арылғысы келеді. Депрессия, бақытсыздық, мазасыздық және өз күшіне сенбеушілік. Бұл белгілер өз-өзі төмен бағалайтын және басқаларды өзінен жоғары санайтын адамдарға тән. Олар ештенеге қызығушылық танытпай, тұйық өмір сүреді. Ішкі ауруын басатын жолдарды іздеу барысында алкоголь, есірткі сияқты «көмекшілер» сахнаға шығады. Зияны Жүйке жүйесі, жүрек және бауыр қатты зардап шегеді. Ұзақ уақыт  пайдалану ішкі ағзалардың жұмысын бұзады. Есірткіні қабылдауды тоқтатқаннан кейін депрессия, қатты шаршау және ұйқышылдық басталады. Ағзаны қалпына келтіру үшін уландырғыш затты қайтадан қолдану керек болады. Нашақордың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол өтірікші, дөрекі, қатал және өзімшіл адамға айналады. Бірте-бірте оның ойлау қабілеті төмендейді. Достарының сенімін жоғалтып, жақындарынан айырылады бастайды. Жанында тек өзі сияқты нашақорлар ғана қалады. Кезекті «дозаға» ақша табу үшін кез-келген әрекетке баруға дайын, тіпті адам өлтіруі де мүмкін. Зерттеулерге сәйкес, нашақорлардың жартысынан көбі – қылмыскерлер. Күресу жолдары Нашақор адамдардың туыстары, науқасты дәрі-дәрмектердің көмегімен емдеуге тырысады. Алайда, бұндай дәрілердің құрамында есірткі компоненттері болуы мүмкін. Бұл жағдайда ем сәтті аяқталмайды, өйткені, бір есірткі екіншімен ауыстырылады. Сондықтан, оларды үй жағдайында емдемей, арнайы емдеу мекемесіне апарған жөн. Наркологтар бұл ауруды емудеудің жаңа тиімді әдістерін іздеуде. Нашақорлықпен күресу – қиын және ұзақ процесс, оны жеңу үшін науқас және оның отбасы барлық күш-жігерін салуы керек.

Қазіргі күнде нашақорлар әлемі күннен күнге баршамыздың жанымызға жақындап қалғандай. Себебі біз олар туралы жиі айтамыз, жиі кездестіреміз, баспасөз беттерінен оқимыз, таныстарымыздың отбасында есірткінің кесірінен болып жатқан қайғылы жағдайлар туралы да естиміз. Әсіресе  ең қорғыныштысы – ол нашақорлықтың тұсауына түсетіндердің көбі жастар екендігі. Есірткі қолданушылардың негізгі тобын 14-30 жас аралығындағы жастас құрайды.

Есірткі заттары – денсаулыққа зиянын тигізіп қана қоймайды, олар адамның жеке тұлғасына нұқсан келтіреді. Есірткі қолдану жастардың бос уақытындағы айналысар ермегіне айналған. Барлық жаңа клубтарды, би алаңдарын, оқу орындарын, аулаларды есірткі буы жаулап алып жатыр.

Нашақорлық мәселесін шешу бүгінде бүтін бір қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазіргі таңда көптеген дәрі-дәрмектік бағдарламалар және есірткіге тәуелділіктен арылтатын рухани тәжірибелерде аз қолданылып жатқан жоқ. Мұның бәрі күннен күнге ұлғайып келе жатқан медициналық емес ал әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шеше алар емес.

Нашақорлық – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды. 

Нашақорлық термині клиникалық жағынан ғана емес, есірткі заттарын дайындау, сақтау, тарату және әлеуметтік-  халық осал тобы арасында тарату үшін қылмыстық кодекстегі баптарға заңды жағынан да анықталады.

Нашақор деген кім, ұстап алып түрмеге жауып қоятын қылмыскер ме әлде емдеуге жатқызатын ауру ма? Оның бұндайга баруына не себеп болды?

Нашақорлық – биологиялық,  үдемелі және өлімге душар ететін ауру. Адам баласы өзінің алғашқы есірткісі ретінде героинды қабылдамайды, керісінше ол марихуана, стимуляторлар мен құрамында есірткі бар дәрілік заттарды қабылдаудан бастайды. Адамдар арасында жеңіл есірткі түрі туралы жалған мәлімет тарап кеткен.  Егер адам баласы марихуананы шегіп, өлмеген болса онда героинда сондай қауіпті емес  деген ой пайда болады. Жеңіл деген есірткі шымылдығының ар жағында үнемі ауыр тәуелділікке әкеп соғатын есірткілер тұрады. Жеңіл есірткі дегеніміз ол мүлдем жалған және ол есірткі қолданатын адам санын көбейтуге бағытталған деп айтцға болады.

«Ләззат алу» кезеңі өте қысқа — 3-5 ине героин, 23- ине амфетамин салу. Бұталы өсімдіктерден дайындалған есірткілерді пайдалану кезінде тәуелділік өте жылдам қалыптасады. Содан ары есірткі дәріге, нашақор мүгедекке айналады да тән тәуелділігі қалыптасады. Науқас адамға «кінәлі» деп қарауға да болмайды. Нашақорлық бизнесі бұл басқа іс.

Нашақорлыққа қарсы күресушілер арасында нашақорларды емделгісі келмейді деушілерде бар. Бұл шындыққа жанаспайды. Әрбір науқас нашақордың емделуге деген тілегі бар. Бүгінгі таңда медицина есірткіден бас тартқан кездегі ауру белгілерін емдеуді жақсы меңгерген. Бірақта психологиялық тәуелділік 6-8 айға дейінгі ұзақ уақыттағы оңалтуды талап етеді. Бұған сол жолды аяғына дейін жүріп өтуге бәр-бәрінің күш-жігері жете бермейді.

Облыста есірткіге тәуелділерді емдеу облыстық наркологиялық диспансерде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмегі аясында жүзеге асырылады. Павлодар қаласындағы нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелерінің Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Және де осы Павлодар қаласында «Асар» оңалту орталығы жұмыс істейді.

Нашақорды емдеуге бола ма деген сұрақ туындайды. Егерде емдеу нәтижесін тұмау мен ангинаны емдеу сияқты қарайтын болсақ онда жоқ деп айтуға болады. Бірақта бұл да басқа аурулар сияқты ауру. Оны қант диабетімен салыстыруға болады. Қан диабетімен ауыратын адам басқалардан өзгеше. Бірақта ол тәтті жемей және уақытында дәрісін қабылдап отырса толыққанды, дені сау адам қатарына жатады.

26 маусым – Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күні. Бұл күні бүкіл әлем қазіргі қоғамға ауыр психикалық ауру қаупі төнгенін, оны емдеу қажет екендігі туралы жар салады.

Нашақорлық бүгінде әлеуметтік ауру статусына ие болған. Ол бүкіл халықтың тобын зақымдайды және жылдам ұлғая береді. Бұл аурумен ауырғандардың нақты санын дөп басып ешкім айта алмайды. Ресми көрсеткіштерді айсбергтің шың басы деп айтуға болады. Біреулер бұл сандарды онға көбейтуге әбден болады десе, екінші біреулер тіптен елуге дейін көбейтуге болады деседі. АВИТ-жұқпасын жұқтырғандардың 97%- нашақорлар.

Нашақорлықпен күрес үшін барлық позитивті қоғамдық күштер – дінбасылар, мемлекет, білім беру барлығы бірігулері қажет.

8. «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – еліміздегі аса құнды жәдігер, сәулет өнерінің керемет туындысы» тақырыбында ұлттық сәулет өнеріне тән белгілерді сипаттай отырып, эссе жазыңыз.

Уақыт ізін айшықтауға келгенде сәулет өнерінен асқан құдіретті дүние жоқ. Қара жерге қазық болып қағылып, тау боп төселген ғимараттар салынған дәуірінің тыныш-тіршілігі мен арман-мұратынан, қилы тағдырынан сыр мен шежіре шертер нағыз дерек. Сол дәуірдің ғимаратына қарап-ақ, уақыт лебі мен тарих желісін, өркениет мәнін түсінуге болады.

Тарихқа зер салсақ, қазақ даласында құрылыс ерте дәуірлерде басталған. Жетісу мен Шу бойы, Сыр жағалауы, Арыс пен Талас өзендерінің бойы, Ұлы Жібек жолының өн бойында өркениет пен ежелгі қала мәдениеті дамып, бірегей сәулет өнерінің туындылары бой көтерді. Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан кесене-күмбездері, Сыр бойында жатқан қалалар соның дәлелі.

Архитектуралық нысандар Қазақстанда негізі Кеңес одағы кезінде көптеп салынды. Алматы қаласы ұзақ жылдар Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның ең ірі әрі ең әсем қаласы болды. Ел тарихындағы күрделі кезең саналатын тоқсаншы жылдардың өзінде де Алматы күрт өсіп, кемелдене түсті.

Алайда архитекторлардың бір ауыздан келісетін нәрсесі – бұл елорданы ауыстыру идеясы қазақстандық сәулет өнері мен құрылысының дамуына үлкен үлес қосып, заманауи өзгеріс әкелді. «Архитектура мен құрылыс елдің тұрақтылығы мен ілгерілеуге байланысты қуат көздерінің молдығын танытатын ең басты көрсеткіштердің бірі ретінде басымдыққа ие болды», — дейді өнер зерттеушісі Халима Труспекова. «Екінші Мекке» атанған Түркістан қаласы тарихи сәулет ескерткіштерімен танымал. Айтулы ескерткіштердің ең көрнектісі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Десек те, Әзірет Сұлтан жайлы сөз болғанда, оның ұлы ұстазы Арыстан баб жайлы айтпай кете алмаймыз.

Бұл кесенелердің салыну тарихы да аса тағылымды. Алтын Орданы бағындырған Әмір Темір, ендігіде дін ғұламасын ұлықтап, зәулім кесене тұрғызуға ниеттенеді. Ясы шаһарының қақ ортасында бұрын соңды болмаған құрылыс басталады. Құрылыстың ауыр жүгін бар қала халқы жұмыла көтергенімен, адам баласының ақылына сыймайтын себептермен тұрғызылған қабырғалар қирай береді. Сонда Әзірет Сұлтан Әмір Темірдің түсіне кіріп, бірінші кезекте өз ұстазына кесене салдыруын аян етеді.

Ендігіде Арыстан баб дүниеден өткенінде, ХІІ ғасырда оның жолын жалғастырушы шәкірттерімен салынған екі бөлмелі кішігірім мазардың орнында салтанатты кесене бой көтереді. Біздің күнге дейін Әмір Темір салдырған кесене талай қирап, қайта қалпына келтірілген. 1971 жылы қала тұрғындары қаражат жинап, Арыстан баб кесенесін күйдірілген кірпіштен қайта тұрғызған. Ақсақ Темір дәуірінен оюлы бағаналар ғана қалып, көздің қарашығындай сақталып келеді.

Әзірет Сұлтан кесенесінің биіктігі 37,5 метрге тең. Құрылыс 1405 жылы аяқталған. Кесене қазақ халқының бай тарихын танып, ғасырлар тұңғиығына бойлауға мүмкіндік береді.

Киелі Түркістанға келген туристер арасында да ұлы ұстазға деген құрмет дәстүрі қалыптасқан. Қасиетті мекенге саяхат Арыстан Баб кесенесіне барып, тағзым етуден басталады.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін археологиялық зертгеуге байланысты.

Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады

9. «Ұлы Даланың жеті қыры» – тарих пен болашақтың алтын көпірі» тақырыбындағы негізгі мәселені Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы ақпараттармен байланыстырып жазыңыз.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының, қазақ жері мен елінің, қазақтардың сонау түп тамырынан бергі тарихын жазып, сақтап, өңдеп, тарих жолында келе жатқан әрбір ұрпақтың санасына жеткізіп, ұлттық сананың біртұтастығы мен тарихи сабақтастықты ұстап келе жатқан ерекше құбылыс. Бұл мақаланың мақсаты — қазақ тілінің ұлттық сананы дамытудағы рөлі туралы қарастыра отырып, оның нақты практикалық, яғни әдістемелік жолдарын көрсету.

Ұлттық сананы, жалпы адамзат санасын танып-білуге қатысты теориялар мен көзқарастардың түрлігігін нақты санмен айту мүмкін емес.

Оның себебі де белгілі. Адам баласы пайда болғаннан бергі проблеманы бір мақала көлемінде, тіпті бір монография көлемінде де қамту дегеннің өзі мүмкін емес екені белгілі. Десек те, осы бағыттағы қол жеткен жаңа теорияларға сүйене отырып, Қазақстанның даму барысындағы өзгерістердің тіл жүйесінде таңбалануын және сол жүйенің сом алтындай құнды кәусарларын таныту арқылы жастардың санасында қазақы ұлттық сананың қызмет ету тетіктерін қалыптастыру туралы ой қозғау – белгілі бір нәтижелерге жетелейтін жол.

Бұрынғы дәстүрлі қазақ тілін зерттеу мен оқытудың тұйықтығы — қазақстандық ғылым мен білім жүйесінің жабық жүйеде және әлемдік байланысқа енбеген күйінен туған нәтиже. Ал қазіргі ересен динамикалық болмысқа ие болып отырған ғылым және білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар сол жүйеден рухани азық алып жүрген жастар үшін мемлекет көздеген биік сапалы нәтижеге қол жеткізетін болуы керек.

Мақсаты осылай қойылған жаңалықтар мен өзгерістердің нақты практикалық жүзеге асырылуын білім беру жүйесінде қызмет етіп жүрген ғалымдар мен оқытушылардың әрбір іс-әрекетінің ұлттық мүддемен түйісіп жатуымен тікелей байланысты.

Тақырыптың өзектілігі — қазақ тілі сабақтарында магистранттардың, студенттердің тек қазақша сөйлеуін ғана емес, қазақ тілі жүйесінде сақталған ақпаратты санасында сақтай білуі, өңдей білуін, қазақша ақпарат алмаса білуін, өмірлік керегіне жарата білуін көздейтін болсақ, қазақ тілі сабақтарының ұлттық сананы қалыптастыру әдістерімен түйісетін нүктелерін анықтау керек, оларды тиімділікпен әдістемелік жүйеге енгізу қажеттілігімен анықталады.

Қазақстан Республикасы үшін зор маңызға ие болатын әрбір жарқын оқиға немесе өзекті мәселе студенттердің, магистранттардың да санасынан орын алуы олардың ел өміріне жауапкершілікпен қарауына тірек болып табылады. Сондықтан елдік сананың қалыптасуы мен дамуында белгілі бір орын алатын тарихи мәселелер жастардың білім алу үдерісімен өріле меңгертілуі керек. Елімізде жаңа қоғамдық нормалар мен құндылықтар жүйесін қалыптастыруда үлкен орын алатын Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары мен мақалаларының мәтіндерін қазақ тілін оқыту үдерісінде қолдану — тіл мен қоғамның байланысын және білім алушы жастар мен өмір тынысын сабақтастырудың бір жолы.

Қазақстан халқының Тәуелсіздік дәуіріндегі өмірінде қалыптасып жатқан идеалдар, мәдени нормалар мен дәстүрлер, көпұлтты қоғамдағы әрбір жекелеген ұлттың құрметке лайық өзінің орны – барлығы мемлекетіміздің өміршеңдігін дәлелдейтін белгілер ғана емес, одан әрі дамуының да нәрлі көздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болып отырған қазақ тілін оқытудың да осы тұрғыдан қарастырылуы көптеген тиімді әдістемелік жүйелерді жасауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, қазақ тілін Қазақстандағы барлық өмір сүріп отырған мемлекеттік тілі ретінде үйрету жүйесін, екінші жағынан, қазақ тілін осы тілдің иегері — қазақтардың болмысын, тарихын, мәдениетін, жан-дүниесін танытатын ақапарт көзі ретінде лингвоелтанымдық бағытта үйрету мүмкіндіктері танылады. Бұл бағыттағы сабақтар қазақша сөйлеу мен жазуды үйретудің тиімді бастау көздері ұлттық дүниетаным иірімдерін танытудан басталатыны белгілі.

Қазақ елінің әлемдік бейбіт қарым-қатынас жүйесіне енуі, атом полигонын жабуы, әлем діндер съездерін өткізуі бейбітсүйгіш саясатын анықтап берді. Ішкі жүйеде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылып, сапалы жұмыс жасап келе жатқандығы да әрбір қазақстандықтың санасындағы 

Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж

Объяснение:

Адам өзгерді, онымен қоса заман да өзгерді. Абай, Мұхтар, Мағжандар мен Бауыржандарды оқысаң, адмазаттың құндылығы деп біреуі тілін, біреуі ұлтын, біреуі жерін, біреуі адами қасиетін санады. Біз өз құндылығымызды түсінбей, зардап шегудеміз, біз соған мұқтажбыз.

Қазіргі таңда адамдардың, туғаның, көршің, досың болсын бір-біріне қол ұшын созудың өзі бір ерлік. Неге? Қазіргі таңда әр адам біріншіден, жанашарлыққа, екіншіден, сыйластыққа, үшіншіден, достыққа мұқтаж. Осының бәрі тек адами құндылық, бізді жан-жануарлардан ерекше қылатын да осы қасиеттер.

Тағы бір құндылықтардың бірі ол-тіліміз, жеріміз. Біздің ел қаншама пайдалы қазбаларға бай, көздің жауын алады. Тілімізді қадірлемей, өзге тілде сөйлеуге тырысамыз, Жеріміздің қаншалықты керемет екенін түсінбей өзге мемелекеттерге кетуге асығамыз. Неге? Қазақ тілі- өте бай тіл. Мақалдап, өлеңдетіп сөйлегенде, бір қанаттанғандай сезім кешіге болады. Бурабай- екінші Швейцария, Алатаудың таулары көз тоймайтын кереметтердің бірі.

Қазіргі таңда жастарға рухани, мәдени құндылықтарды түсіндіріп, алға жетелу үлкендердің міндеті.


Светило науки — 1 ответ — 0 раз оказано помощи

Объяснение:

Жазып берсеңіз, (55 балл;)

1

СМОТРЕТЬ ОТВЕТ

Войди чтобы добавить комментарий

Ответ

4.9/5

55

salta32

умный

38 ответов

1.6 тыс. пользователей, получивших помощь

Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж

Объяснение:

Адам өзгерді, онымен қоса заман да өзгерді. Абай, Мұхтар, Мағжандар мен Бауыржандарды оқысаң, адмазаттың құндылығы деп біреуі тілін, біреуі ұлтын, біреуі жерін, біреуі адами қасиетін санады. Біз өз құндылығымызды түсінбей, зардап шегудеміз, біз соған мұқтажбыз.

Қазіргі таңда адамдардың, туғаның, көршің, досың болсын бір-біріне қол ұшын созудың өзі бір ерлік. Неге? Қазіргі таңда әр адам біріншіден, жанашарлыққа, екіншіден, сыйластыққа, үшіншіден, достыққа мұқтаж. Осының бәрі тек адами құндылық, бізді жан-жануарлардан ерекше қылатын да осы қасиеттер.

Тағы бір құндылықтардың бірі ол-тіліміз, жеріміз. Біздің ел қаншама пайдалы қазбаларға бай, көздің жауын алады. Тілімізді қадірлемей, өзге тілде сөйлеуге тырысамыз, Жеріміздің қаншалықты керемет екенін түсінбей өзге мемелекеттерге кетуге асығамыз. Неге? Қазақ тілі- өте бай тіл. Мақалдап, өлеңдетіп сөйлегенде, бір қанаттанғандай сезім кешіге болады. Бурабай- екінші Швейцария, Алатаудың таулары көз тоймайтын кереметтердің бірі.

Қазіргі таңда жастарға рухани, мәдени құндылықтарды түсіндіріп, алға жетелу үлкендердің міндеті.

Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж

Объяснение:

Адам өзгерді, онымен қоса заман да өзгерді. Абай, Мұхтар, Мағжандар мен Бауыржандарды оқысаң, адмазаттың құндылығы деп біреуі тілін, біреуі ұлтын, біреуі жерін, біреуі адами қасиетін санады. Біз өз құндылығымызды түсінбей, зардап шегудеміз, біз соған мұқтажбыз.

Қазіргі таңда адамдардың, туғаның, көршің, досың болсын бір-біріне қол ұшын созудың өзі бір ерлік. Неге? Қазіргі таңда әр адам біріншіден, жанашарлыққа, екіншіден, сыйластыққа, үшіншіден, достыққа мұқтаж. Осының бәрі тек адами құндылық, бізді жан-жануарлардан ерекше қылатын да осы қасиеттер.

Тағы бір құндылықтардың бірі ол-тіліміз, жеріміз. Біздің ел қаншама пайдалы қазбаларға бай, көздің жауын алады. Тілімізді қадірлемей, өзге тілде сөйлеуге тырысамыз, Жеріміздің қаншалықты керемет екенін түсінбей өзге мемелекеттерге кетуге асығамыз. Неге? Қазақ тілі- өте бай тіл. Мақалдап, өлеңдетіп сөйлегенде, бір қанаттанғандай сезім кешіге болады. Бурабай- екінші Швейцария, Алатаудың таулары көз тоймайтын кереметтердің бірі.

Қазіргі таңда жастарға рухани, мәдени құндылықтарды түсіндіріп, алға жетелу үлкендердің міндеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *