Адамгершілік асыл ?асиет туралы эссе

Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Адамгершілік-асыл қасиет

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».

Абай

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі», — деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани — адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп және отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім — тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, ұстаздардың, барша халықтың міндеті.

Адамгершiлiк мәдениеті адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады.

Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ болады» деген данышпан халқымыздың дана сөздерінен дән іздеу керек.

Аймағанбетова Камшат Данабековна

Сарысай негізгі орта мектебінің

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Та?ырыбы:Адамгершілік –асыл ?асиет

Ма?саты: адамгершілік туралы т?сінік беріп,о?ушыларды? с?йлеу м?дениетін,ойлау,?з ойын еркін жеткізу да?дыларын,сыни т?р?ыдан ойлау іскерліктерін ?алыптастыру,бойларында?ы рухани адамгершілік ?асиеттерін арттырып,д?рыс ?абылдай білуге т?рбиелеу.

?діс-т?сілі: сыни т?р?ыдан ойлау,топтастыру ж?мысы,слайдтар,венн диаграммасы.

К?рнекілігі:интерактивті та?та,кеспе ?а?аздар,суреттер,ба?алаушы жетондар,слайд.

Барысы:  О?ушылар бар назарымызды та?та?а аударып,адамгершілік с?зіне ой ж?гіртейік. Адамгершілік деген не? Адамгершілік туралы бізді? к?з?арасымыз ?андай? Адамгершілік ?андай ?асиеттерден т?рады? Алдымызда?ы пара??а ?з ойымызбен адамгершілік ??ымына жататын ?асиеттерді толтырайы?. Мейірімді,?айырымды,сезімтал адам ?рдайым жа?сылы? жасау адамны? ішкі д?ниесіні? байлы?ын,жан с?лулы?ын,парасаттылы?ын к?рсетеді.                                                                                                                                       ?азір,жа?ын адамдар?а,достар?а жа?сы тілек тілейік..                                                         К?зімізді ашамыз,біра? б?л тілекті жасырын ?стаймыз.

«Мен» деген с?зге ?ркім ?зі туралы мына с?ра?тар?а жауапберу.

Сенімділік

Не істей аламын?

Сезіну

Т?сіну

?з р?лін ай?ындау

Жауапкершілік

Талаптану

?зін –?зі тану

?шін не ?ажет?

МЕН

Кіммін?

?андаймын?

?о?амда ?андай р?л ат?арамын?

*Суреттер ар?ылы ?з ойларын орта?а салу

*С?ра?тар:

1.Суреттен адамгершілікке жатпайтын ?андай іс –?рекетті бай?ады?ыз?

2.Адамгершілікке жататын іс-?рекетті ашып айты?ыз.Адамдар бір-біріне жа?сылы? жасаудан жалы?паса ?мірде сыйласты?, ?ам?орлы?, досты?,с?йіспеншілік ?арым –?атынаста болды. Ал ?о?амда татулы?, бірлік, ынтыма? орнайды.

Келесі кезекте ?р сан бойынша ша?ын м?тіндер беріледі

(м?тіндер о?ылып, с?ра?тар?а жауап беруіміз керек )

Кешірім.?ыс к?ндеріні? бірі. Болат саба?тан ?айтып  келе жат?ан. ?арсы алдынан к?рші  ?йдегі ?діл кездесті. Ол апасыны? нан?а ж?мса?анын, ж?гіріп келе жатып ?олында?ы а?шасын т?сіріп ал?анын айтты. Болат жерде жат?ан а?шаны бірден бай?ады. А?ырын алып ?алтасына с??гітіп жіберді. ?рі іздеп, бері іздеп таба алма?ан ?діл ж?ніне кетті. Болат досын аяп кетті.

   Т?ттілерге тойма? бол?ан. Мас?ара, біреуді? ма?дай терімен тап?ан а?шасын ?алай пайдаланба?? Досыны? ?йінен шы?уын к?тті. Кешірім с?рап а?шасы? ?айтарып берді. ?діл де досын кешірді, адалды?ына с?йсінді.

С?ра?тар:

1. Болатты?  ?ылы?ын ашып айтыныз.

2. ?діл неліктен жо?алтты ?

3.?ділді? орнында сіз не не істеген болар еді?із ?

?ол?анат. Ауа райы кілт ?згерді. К?н суыта бастады. Ерланны?  ата – анасы ж?мыста.?й іші  суый бастады. Пешке от жа?у керек болды. Ерлан  ?алы?дау киініп сырт?а шы?ты. Жапала?тап ?ар жауа бастады. Ерлан ?ойма ішінен балта тауып алып а?ашты жара бастады. Атасы ая?ын жай басып, терезеден сырт?а к?з тастады:                                             -Жаным –ау, мынау Ерланны? ?зі ?ой. Азаматым мені?! –деді.                                                   –Ата, -деді бір кезде Ерлан терезеден ?арап т?р?ан атасын бай?ап, -отын дайын.               ?ол?анат болды деген осы, -деп атасы Ерланны? ар?асынан ?а?ты.

С?ра?тар:

1.Баланы? ?айырымдылы?ы неде?

2.Баланы? істегені адамгершілікке жата ма?

3.Баланы? орнында сіз не істер еді?із?

К?л жа?асында.  Бізді? ауыл сыртында кішігірім ?демі к?л бар. Жазда балалар к?лге су?а т?седі. К?лді? суы тап-таза, м?п-м?лдір.К?нге ша?ылысып айнадай жар?ырап жатыр. Бірде та?ерте? Елн?р екеуміз к?лді? жа?асына келіп тыны?ып отырды?. Балы?тар ойнап,шоршып ж?р. Бір кезде Н?рлыбек а?а машинасымен келіп то?тады да, машинасын жуу?а кірісті. Бізді к?рді де к?мекке ша?ырды. Біз машинаны жуып болып су?а барды?. К?лді? суы лай, майлан?ан. Шоршы?ан балы?тарды? бірі жо?. Н?рлыбек а?а м?ны сезбеді. Елн?р екеуміз ?лкен бол?анда машинамызды еш?ашан к?л жа?асында жумау?а келістік.

С?ра?тар:

1.Олар кімге жа?сылы? жасады?

2.Жа?сылы?тары о?ды болды ма?

3.Неге келісті.

?орытынды:                       Венн диаграммасы                                                                                                                    

Шыншылды?

Кішіпейілділік

Адалды?

Мейірімділік

А?к??ілділік

Бауырмалдылы?

Саналылы?

Ізеттілік

Инабаттылы?

З?лымдылы?

Т?к?ппарлы?

?рынша?ты?

Екіж?зділік

Пасы?ты?

К?ргенсіздік

Ма?танша?ты?

Ра?ымсызды?

Просмотр содержимого документа

«Адамгершілік-асыл ?асиет (т?рбие са?аты)»

Адамгершілік — асыл қасиет

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз өзін сыйламайды.

Адамгершілік адамның рухани арқауы. Адам баласы жалғыздықта өмір сүре алмайды.Әрдайым арқа сүйейтін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Сол сияқты бізді ата анамыз асырайды,оқытады,тоқытады, біз үшін бәрін беруге дайын. Ал соны бағаламайтын жандар қаншама. Қартайған шағында кез келген ата ана көмекке зәру болады. Өз құрсағынан шыққан сәбиден әрине жақсылық күтеді. Бірақ керісінше жасы жеткенімен ата анаға масыл болып отырған адамдар қаншама. Сондықтан да біздің ең жақын адамдарымызды бағалайық. Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.

«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы еңбек пен ата ана үлгісі» деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.

Эссе: Адамгершілік — асыл қасиет

Эссе: Адамгершілік - асыл қасиет

Қаршыға Айгерім, Қызылорда

Адамгершілік — адам бойындағы құнды, ең асыл қасиет. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» сияқты ұғымдармен мәндес. Бұл сөздерді естігенде көз алдымызға қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін аямайтын, жанаршылық танытатын жақсы жандар бірден елестей кетері рас. Бұл қасиеттер арқылы біз мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйренеміз. Қазіргі қоғамда да шалынғанды демейтін, адами қасиеттері бойына сіңген адамдар жоқ емес. Ал мен солардың ішінде жақсы адам деп кімдерді айта аламын?

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай әрдайым жарық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің де жанымда жетерлік. Олардың бірі менің өмірімнен өз орнын ойып тұрып алатын — әжем. Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам. Ол рухы мықты, жігерлі жан.

Бала күнімнен әжемнің осындай жаны жайсаң жан екенін, даналығы мен даралығын көріп өскендіктен, жақсылықтың не екендігін біліп өстім. Біліп қана қоймай бойыма сіңіріп өстім. Кейде ойлаймын, елдің бәрі менің әжем сияқты болса ғой. Онда ешкім ешкімге жамандық тілемей, барлығы адами қасиеттерін сақтап қалар еді. Әлем жайдары жандарға толы болар еді.

Демек, адам бойындағы адамгершілік қасиеті алғашқы орында. Егер барлық адамдарда осындай ізгі қасиеттер болса, елеміздің қарқынды дамып, көптеген биік белестерді бағындырмасына кім кепіл?! Сондықтан адам баласы бір-біріңізге жақсылықтар жасаудан еш шаршамаңыздар!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Іздеп көріңіз:

эссе сочинение про Адамгершилик — асыл касиет на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Адамгершілік — асыл қасиет туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Адамгершілік — асыл қасиет

Эссе «Адамгершілік — асыл қасиет»

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Мектеп оқушыларына көмек ретінде керек

Төмендегі Эссе толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Эссе «Адамгершілік — асыл қасиет»

Билдебекова Гулжан Сапарбаевна

Түркістан облысы Жетісай ауданы «А. Байтұрсынов атындағы №5 жалпы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

25.12.2018

1292

3

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *