Адамдар туралы эссе


Әр адам – қайталанбас тұлға

Қадылбек Риза
9 сынып, Звенигородка орта мектебі
Ерейментау ауданы
Жетекшісі: Дюсенбаева А.Т.

  Адам – ерекше жаратылыс . Дүние есігін ашқаннан бастап, ол дараланады, яғни өзіне ғана тән қасиеттер ала бастайды. Басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы ақыл- есінің жоғалары және бір- бірімен түсіне, сөйлесе алатындығында .
Әр адам – бөлек бір әлем. Олардың ешқайсысы бір- біріне ұқсамайды. Біреуі түр – келбетімен, енді біреуі мінезімен дараланып жатады. Тіпті біз ұқсас деп қарастыратын егіздердің өзін ата — анасы, достары олардың ерекшеліктеріне қарап оңай ажыратады.
«Мал аласы сыртында , адам аласы ішінде » — дегендей бір– біріміздің жан дүниемізді түсінбей жатамыз, осыдан түсініспеушілік пайда болады . Алайда адамдар арасында достық махаббат , түсінушілік деген керемет қасиеттер бар. Бірақ қазіргі ХХІ ғасырда біз көбіміз заңға жүгінеміз . Ал заң алдында да бәріміздің құқымыз тең .
Қанша адам болса мына жер бетінде.
Соншама болар мінез , талант , тағдыр.
Бір тұлғада бірнеше қыр селбесуде.
Бәрін қоста талантыңның отын жандыр.
Әр адам – қайталанбас дара тұлға.
Мен әлсізбін деген ойдан арылыңдар.
Әлемге жылы шуақ таратуға.
Асық досым сеніңде құқығың бар. 

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Эссе

Адамгершілік – адамдықтың айнасы

… Адамгершілік – ең ұлы адами қасиеттердің биігі. Ол – шыңырау ой мен салиқалы танымның үндестігі.

Адамгершілік! Бұл сөздік қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, адамның ең асыл қасиеттерін айқындайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін төрттағандап ұстап тұрған ең ұлы принцип. Өйткені, адамгершілікке негізделген жерде не нәрсеге де құдірет даритындығы мәлім.

Иә, осынау рухани-адамгершіліктің негізі – «Өзін-өзі тану» бағдарламасы дәл осындай құндылықтарды дәріптейді. Мұстафа Шоқай да бір кездері:

«Адамгершіліктен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды», — деген түйінді ой-пікірі кім-кімге де үлкен ой салады. 25 жылға қадам басқан Қазақстан елі мен оның этнопедагогика саласына да ең қажеттісі – ең алдымен адамдық пен адалдық болмақ.

Айналайын мектеп-ай! Сен бәрін оқытасың. Бірақ біз мына өмірде оқығанды оқымағандай, естігенді естімегендей жүре береміз.

Әлем қазір дағдарысқа қарсы неше түрлі бағдарламалар, жобалар қабылдап жатыр. Ол – мемлекеттік, трансұлттық құрылымдардың амалы. Ал қарапайым халық пен өскелең жас ұрпақ үшін қарапайым бағдарлама қажет. Осынау біз оқытып отырған «Өзін-өзі тану» пәні осы қарапайым, түсінікті, рухани дүниемен үндеседі.

Сондай жобалардың бірі – тарихи «Асан мен Үсен» әпсанасы. Біздің санамыздағы, бәлкім қанымыздағы Асан: «Елді, мұны жолды, бағытты, ертеңгі күнді қайдан табамыз?», — деп кейін тартады, тіпті шошиды, жылайды.

Ал біздің санамыздағы, бәлкім қанымыздағы Үсен: «…Әкем: үйрек, қаз – адал құстар. Бойыңда адамгершілік қасиеттің кішкене ұшқыны болса, оларды ешуақытта байлап-матап әуре етпе», — дейтұғын. Міне тәрбие, тек деген қандай жақсы: адамдық пен обал-сауапты ойлатады. Екеуінің көшкен елдің жұртында қалуы — сынақ.

Мұндай сынақтан бай-бағылан да, кедей-кепшік те, адамгершілігі молы да, жоғы да өтеді. Кейде ойланам: «Мына замандағы дағдарыс та бізге не Үсен, не Асан бол!»- деп тұрғандай. Басында Асан болдық делік, кейін Үсен сияқты болып кетсек те жаман емес. Себебі, нарық жөнінде, дағдарыс туралы оқып туған жоқ қой.

Иә, маған ой үстіне ой келе береді… Соның бірі: — Жетім қозы неге маңырайды?

16 миллионға жуық халқы бар Қазақстан мемлекетінде – 46 мыңнан аса әлеуметтік жетімдер бар екен. Аз ба, көп пе білмедім?!

Қазақ қасқырды жақсы көреді. Жыртқыш болса да! Себебі, оның эпикалық санасында «құндақтаулы бабам бір тамыш сүтке зар болып, шырқырап жатқанда бөлтірігінен айырылған бөрі емізген» деген ақпар бар. Қасқыр, Құртқа (бөрінің аналығы) – арғы қазақтың тотемі, культі. Біздегі осынау жетімдердің қай-қайсысы да анасын іздейді. Ұлардай шулайды. «Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар». Суық қабырғалы жетімхана оларға мәңгілік пана болмаса белгілі. Оларды уызға жарытатын да, қабырғасын қатайтып, иманын түзейтін де – адамгершілігі мол адамдар ғана! «Қоғам!»десек – жалпылау, «Адам!» — десек нақтылау.

Жердегі жетімдерді ойлай келе, көк аспандағы көгершінге көзім түсті… Былай қарағанда, бейкүнә құс. Бірақ бізді бірде-бір мәдени мұрамызда «көгершін – бейбітшілік құсы, адамгершілік пен имандылықтың жәндігі» деген ұғым, бейне т.б кездеспейді.Құс па – құс, есебі жоқ кәдімгі құстардай өмір сүре берсін. Яғни, ауызша жеткен мұраларда ешқашан көгершінге акцент жасалынбаған.

Қазіргі ірі мәдениет ошақтарында кептердің суреті жиі салынады. Ал, шындығында қазақ кептер асырамайды! Кептер деген құсты асырап ұшырсаңыз, ол бір айналып келгенде өзімен бір топ кептерді ала келеді. Яғни, біреудің адал малы ойда-жоқта сіздің қораңызға кіре қалды. Сіз оның кімдікі екенін білмейсіз. Сондықтан, Алланың алдында сіздің іс «арам жолмен мал табу» болып есептеледі. Біздің ұлттық тәрбиеміз – адамгершілік, ақиқат пен адалдықты ту етеді емес пе? Байқасаңыз, кептер басын жиі шайқайды. Қазақ мұны жаман ырымға балап: «Барлық ақ ниетті бұзып жатыр» деп асыратпайды.

Және зоологиялық тұрғыдан неше түрлі жұқпалы ауруларды таратушы – негізінен тышқан мен көгершін екен. «Жартылай шындық өтіріктен де жаман» деп жатады. «Көгершін – христиандардың құсы» деген сөз жиі ұшырасады. Иисус Христостың жаны кептер кейпінде аспанға ұшқан деседі. Ең өкініштісі, аузына зәйтүн жапырағын қыстырған ақ кептер қонған жерінде, адамгершілік пен мейірімнің дәнін, татулық пен бірліктің өскінін қыршып үзіп жібереді екен.

Сыныптағы шәкірттерімнің:

«Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің…» болып әуеленіп жырланған әніне құлақ түріп, қалың едім.

Адам санасында адамгершілік қасиеттер ерте кезден-ақ қалыптасқан. Зәбірленушіні қорғау, бостандыққа ұмтылу, ұлттың, ұлыстың адамгершілік рухын нығайтып, ынтымаққа жол ашу, елін, жерін қорғау – биік адамгершіліктен туатын қасиеттер.

Абайда «адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамның адамдығы», «адамшылық», «толық инсаният», «инсанияттың кәмалаттығы», «бенделіктің кәмалаттығы» тәрізді адамшылық, арлылық мәселесіне қатысты терминдер де бар. Шығыс ақыны, Абайға үлгі болған Саади әлемдік әдебиетте «адамият» ұғымын енгізген. Міне бұл ұлы тұлғалар адам дамуындағы адамгершілік сезімнің ең жоғарғы құбылыс екенін айтады. Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, әсіресе жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. Абай адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылықты т.б атап айтты.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру барысында «Қаза елі» жобасы – жаңа заман талабы» атты тұжырымдама – сол ұлы Абай ұлықтаған ұлы құндылықтардың жалғасы іспетті.

Біз – анықтауышты қажет етпейтін елміз. Адамгершілікті – елдіктің тұтқасы еткен жерміз. Асыл құндылықтарды – адамдықтың шарайнасы еткен Қазақ ұлтымыз!

«№1 мектеп-гимназиясы» КММ

өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Байгелді Гүлнұр Төлегенқызы

Адам – өз өмірінің иесі

Автор:   •  Октябрь 8, 2020  •  Эссе  •  1,020 Слов (5 Страниц)  •  1,420 Просмотры

Страница 1 из 5

ПӘН

«АДАМ ЖӘНЕ ӘЛЕМ»

Такырыбы:

 «Адам – өз өмірінің иесі»

Адам баласы осы дүниеде бақытты жан болу үшін барлық мүмкіндіктері бар екенін ұмытпау керек. Өз өміріміздің иесі бола отырып, Жаратушының бізге берген санасына, тәжірибесіне, шеберлігіне сүйене отырып өз қалауымызды орындаймыз және өмірімізді өзгертуге тырысамыз. Бұл дегеніміз өз өмірімізді жасау мен қалаған бағытта өзгерте алу қасиеттерге иеміз деген сөз. Кейде адам баласы бақытты болуына шыдамсыздық танытып өз-өзіне кедергі жасап, жақсы оқиғалардың болуына шектеу кояды. Егер адам жүрегінде сенім мен махаббат өмір сүрсе, өз тағдырын дұрыс және ұтымды жасай отырып,  қоршаған ортаға қуаныш пен махаббат энергиясын таратса,  әлемнің барлық күштері оның бақытты болу ниетін қабылдап, қалағанын береді. Адам баласы өзінің арманы мен тілегін орындай алатын сиқыршы десекте қателеспейміз. Біздің барлығымызға Жаратушы санамыздың көмегімен ғажайыптар жасауға, өз өміріміздің режиссері болуға ерекше мүмкіндіктер берген.  Бірақ, көптеген адамдар мықты болудан, өз өмірінің қожайыны болу мүмкіндігінен бас тартып, өз өмірін басқа біреудің мойнына іле салудан дәлірек айтсақ жауапкершіліктен қашады. Алайда, біз білетіндей адам баласы үшін көп нәрсе мүмкін және әрқайсымызды Жаратушы қорғап, қоштап жүретінін ұмытпағанымыз жөн.

Психологияда өмірдің жаңа сценариясын құруда көптеген әдістер бар. Адам баласы өзі қалаған сценариясын жазып, оған сену арқылы, іс жүзінде оны іске қосады. Сол арқылы сіздің сценариіңіз іске асып, қалағаныңызды ала бастайсыз. Біз бәріміз бұл тәжірибені өмірде үнемі қолданамыз, бірақ саналы түрде емес. Өміріміздегі  барлық ойларымыз жүзеге асырылады, сондықтан жаман ойлаудан аулақ болуымыз керек.  Ойымызбен сөздеріміз қандай эмоция кештіріп жатқанын кадағалағанымыз дұрыс. Өйткені осы сезімдер қазіргі болып жатқан жағдайларға алып келеді.  Әрбір күн, минут, секунд сайын әр адам өз сценарийіндегі, өмірінде болып жатқан оқиғаларға қатысады. Мысалға алатын болсақ әлемге танымал Ник Вуйчич – кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром Тетра-Амелия деп аталатын ауру түрімен туған. Яғни, екі қолы мен аяғы жоқ. Бірақ Ники Вуйчич физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан, серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар және бос уақытында гольф ойнағанды ұнатады.  Ал ең бастысы ол қазіргі кезде «Шексіз өмір», «Мықты бол» және т.б мотивациалық кітаптардың авторы және әйгілі ораторлардың бірі[1]. Әрине, Ник Вуйчич осындай қазіргі дәрежеге оңайлықпен жете қойған жоқ. Оны өмір сүруге деген шексіз құштарлығы мен махаббаты жетеледі. Дұрыс құрылған оймен, еңбекқорлықтың арқасы. Армандарының орындалуына өмірдің талай сынақтарына төзіп, мойымай, алдыға қарай ұмтылысы арқылы осындай жетістіктерге жетті. Осы әлемде өз орнын тауып қана қоймай, қоршаған ортасына таусылмас позитивті қуатымен бөлейді.  Өмір сүруден түңілген адамдарға үлгі болып жетелеп келеді.  Әрбір адам өзі қалаған өмірін кұруға әлі жеткілікті. Алайда, өмірде барлығы адамға байланысты бола бермейді, ол қалап тұрса да оның орындалмауына әсер ететін форсмажорларда болып тұрады. Демек, адам қоғамда болып жатқан жағдайларға да тікелей байланысты. Тіптен кейбір сәттерге позитивті көз қараспен қарасанда, аяқ астыннан көңілінен шықпайтын жайыптар бастарынан кештіруі әбден мүмкін. «Өмірдің басты қағидасында: Бір нарсені өзгерте алмайтыныңызға уайымдаудың қажеті жоқ, дәл сол сәтті оңайлықпен қабылдаңыз. Өйткені біз ауа-райын өзгертуге тырыспаймыз, тек ауа-райына байланысты киінеміз»[2].  Әрбір қиындық болсын немесе аяқ астынан күтпеген жағдай адамды мақсатына деген ынтаны күшейте түседі. Мақсатқа барар жолда қиындықсыз жету мүмкін емес. Кім болмасын атақты немесе қарапайым адам болса да өзіндік өмірдегі қиын сәттері болатыны анық. Тибеттіктердің діни басшысы Далай-лама айтқандай: «Қалаған нәрсені алмау – бұл да кейде сәттілік»[3]. Дәлірек айтсақ бұл сәтсіздік сені алдыға қарай жетелейді. Тағы да бір мысал келтірейін, қазіргі кездегі өте танымал Уолт Дисней компаниясын  балалар мен ересектер жақсы біледі. Бірақ, Уолт Дисней үшін табыс пен даңққа жету жолы өте қиын болды. Алдымен Микки Маус мультфильм жасау идеясынан MGM студиясы  қолдау көрсетуден бас тартты. Бұл студияның қызметкерлері айтқандай: экрандағы тышқан әйел аудиториясына ұнамаса, ал «үш торай» өте қарапайым және тек төрт кейіпкерді қамтыған еді[4]. Бұл мультфильм көпшілік көрермендердің көңілінен орын таппай, қызықсыз болады деп MGM компаниясы қолдамады оларды. Бірақ, Уолт Дисней жұмыс істеуін тоқтатпай, керісінше өз компаниясын ашып, бастапқы қойған идеясын жарыққа алып келді. Соның арқасында олар бүгінгі күнде әлемдік деңгейдегі сапалы мультфильмдер жасау бойынша жетекші продакшн студияға айналып, ғажайып ертегілеріменен көрермендерін қуантуда.

Доступно только на Essays.club

Эссе: Адамгершілік — асыл қасиет

Эссе: Адамгершілік - асыл қасиет

Қаршыға Айгерім, Қызылорда

Адамгершілік — адам бойындағы құнды, ең асыл қасиет. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» сияқты ұғымдармен мәндес. Бұл сөздерді естігенде көз алдымызға қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін аямайтын, жанаршылық танытатын жақсы жандар бірден елестей кетері рас. Бұл қасиеттер арқылы біз мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйренеміз. Қазіргі қоғамда да шалынғанды демейтін, адами қасиеттері бойына сіңген адамдар жоқ емес. Ал мен солардың ішінде жақсы адам деп кімдерді айта аламын?

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай әрдайым жарық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің де жанымда жетерлік. Олардың бірі менің өмірімнен өз орнын ойып тұрып алатын — әжем. Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам. Ол рухы мықты, жігерлі жан.

Бала күнімнен әжемнің осындай жаны жайсаң жан екенін, даналығы мен даралығын көріп өскендіктен, жақсылықтың не екендігін біліп өстім. Біліп қана қоймай бойыма сіңіріп өстім. Кейде ойлаймын, елдің бәрі менің әжем сияқты болса ғой. Онда ешкім ешкімге жамандық тілемей, барлығы адами қасиеттерін сақтап қалар еді. Әлем жайдары жандарға толы болар еді.

Демек, адам бойындағы адамгершілік қасиеті алғашқы орында. Егер барлық адамдарда осындай ізгі қасиеттер болса, елеміздің қарқынды дамып, көптеген биік белестерді бағындырмасына кім кепіл?! Сондықтан адам баласы бір-біріңізге жақсылықтар жасаудан еш шаршамаңыздар!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Іздеп көріңіз:

эссе сочинение про Адамгершилик — асыл касиет на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Адамгершілік — асыл қасиет туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Адамгершілік — асыл қасиет

Қазақстанның ежелгі тарихы

Алғашқы адамның қалай пайда болғаны туралы.
Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка — Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарының мыйынан біраз асады. Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен, түргеліп жүргендікті аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі.
Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер) болды.
Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус – «тік жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды.
Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.
Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші рет 1927 жылы Чжоу–коу –дянь үнгірінен табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым процестік белгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам.
Чжоу-коу-дяньда табылған қазбалардың айтарлықтай ерекшелегі сол, синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі формадағы дөрекі тас құралдар, отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит жануарлараның көп сүйектері табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзіңде отты пайданала білген.
Адамның эволюциясындағы келесі қадам Хомо Сапиенс саналы адамның пайда болуымен байланысты. Тарихта бұл кезеңдегі адамды (орта палеолит) неандерталь деп атайды. Тік жүретін адамға қарағанда, неандерталь адамның өмірінде мәнді-мәнді өзгерістер болды. Осы кезде ежелгі адамдардың дене бітімінің өзгершіліктері біржолата қалыптасты. Олардың бойы аласа келді (150-160 млн), мый қауағының көлемі енді 1300-1400 см3 болды.
Неандертальдың өзгеше белгілірі: қас сүйегі шығыңқы, тайқы маңдай, бас сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегінің шығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының тіктігі, тізе буынының жазылмайтын қисықтығы неандертальдардың жүрісінің ебедейсіз болғанын көрсетеді.
Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап адамдардың эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата көшу басталады.
Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің пайда болуы әдетте б.з. 50-45 мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үнгірінде табылған бес қанқаны зерттеу негізінде аңықталды.
Кроманьондық адамның тұрпатында, осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән нәрсе – басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ, тікше және мый қауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет бедері айқын көрінеді.
Сойтіп, адамның шығуы, оның дамуы негізінен үш сатыдан өтіп, еңбек процестің нәтежесімен байланысты болғанын көреміз.
2. Тас дәуірі. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.

Тас дәуірінің кезеңдері:
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
А. Ерте палеолит
Ә. Орта палеолит
Б. Кейінгі палеолит
2. Мезолит (орта тас ғасыры)
3. Неолит (жаңа тас ғасыры)
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды.
Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:
Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);
Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);
Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.
Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.
Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған.
Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.
Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.
Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді.
Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.
Орта палеолит. (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар).
Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.
Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтежесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан суы басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады.
Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды.
Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды.
Адамдар және олардың тіршілігі.
Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.
Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.
Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген.
Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер.
Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.
Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан таблыған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.
Соңғы палеолит.
Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады.
Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды.
Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.
Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» — орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.
Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.
Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды.
Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.
Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.
3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.
Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.
Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.
1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.
2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді.
Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді».
3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.
Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған.
Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған.
Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі — Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар.
Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған.
Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған.
Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған.
Ыдысты жасау әдістері:
а) таспалық әдісі;
ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі.
Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған.
Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған.
Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген.
Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық).
Кен өндіру әдістері:
а) опыру әдістері;
ә) отпен үгіту әдісі;
б) ұңгіп қазу әдісі.
Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған.
Қоғамдық қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды.
Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.
Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер.
Дін және өнер. Қола дәуірінлегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген:
1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан.
2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған
3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған.
Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.
Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған.
Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.

Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Қазақстан территориясынан табылған ежелгі адамның іздері қай дәуірге жатады?
2. Ежелгі адамның тұрақтары Қазақстанның қай бөлігінен табылды.
3. Андронов тайпалары мекендеген жерлерді атаңдар.
4. Андроновтықтар мәдениетінің ерекшеліктерін атаңдар.
5. Ежелгі металлургия Қазақстанның қандай облыстарында дамыды?
6. Бегазы-Дандыбай мәдениетін сипаттайтын ескерткіштерді атаңдар.

Адам өмірінің мәні


  • Оқушылардың өзге жұмыстары
  • kamshatamitova
  • 08.02.2021
  • 0
  • 0
  • 2206

Адам өмірінің мәні — логикалық емес, философиялық ұғым. Жер бетіндегі кез келген адам бірегей тұлға. Ал тұлға ретінде адамның мінезі мен дүниетанымын қалыптастыратын өзіне ғана тән қасиеттер жиынтығы бар. Темпераментке, тәрбиеге және тұқым қуалайтын факторларға байланысты өмірлік құндылықтар мен адамның белгілі бір мәселелерге көзқарасы қалыптасады. Уақыт өте келе адам бойында қалыптасқан мінездерге сай адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгереді. Жасөспірім кезінде адам өмірінің мәнін достарымен көңіл көтеруден көретін болса, ал ересек жасқа қарай оның құндылықтары түбегейлі өзгеруі мүмкін және ол өмір мәнін отбасылық бақыттан, жайлылық пен тыныштықтан көре бастайды. Сондай-ақ, адам өмірінің мәнін жоғалтатын кездер де болады. Бұл әр адамның өмірінде кездесетін қиын кезең. Алайда, адам өмірінің мәнін қаншалықты жоғалтқанымен, бүкіл өміріне жаңа мән іздеу үшін ойлануы керек. Себебі. өмірінің мәні жоқ адам — ​​рухани өлі адам. Өмірдің мәнін жоғалту адамның өмірін мағынасыз және пайдасыз етеді. Мұндай өмірде адам бақытты бола алмайды.

Адам өмірінің мәні неде деген сұраққа бірнеше жауаптар беруге болады. Кей адамдар өмірдің мәнін байлық пен даңқтан көрсе, басқа адам өмір мәнін сүйікті ісі мен хоббиінсіз елестете алмайды, ал кей адамдар жақындары үшін өмір сүреді. Әлемдегі тіршілік иелерінің бәрінде белгілі бір қажеттіліктер бар. Олар: тамақ, ұйқы, байланыс, махаббат. Кейбір жандар үшін өмірдің мәні осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген талпыныстардан туындап жатады. Мүмкіндігінше өмірдің мәні жайында көбірек ойланған абзал, жалпы, өмір мәні туралы ойлаудың да пайдасы зор. Бұл өзіңді түсінуге, алдыңа нақты мақсаттар қоюға және оларға жету жолында бар күш-жігеріңді аямай жұмсауға көмектеседі. Әр адамның өз өмірінің соңына дейін өмірдің мәнін іздейтіні мәлім. Оның мақсаты өмір мәнін табуда жатқан болар. Өмірдің мәнін табу арқылы адамзат мәңгілік бақытқа қол жеткізуі де ғажап емес.

У М. Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті  Ж. Н. Алиасқар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің 1-курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Светило науки — 10 ответов — 0 раз оказано помощи

Ответ:

Адам және азамат құқығын қарастыру алдында «адам», «жеке адам», «азамат» санаттарының арақатынасын білу маңызды. «Адам» ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. «Жеке адам» ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). «Азамат» ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:

олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;

объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;

туғанынан беріледі;

табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;

тікелей әрекетті болып табылады;

ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;

құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;

жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;

оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.

Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *